КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы.
· Абсолютті жүрек тұйықтығының шекарасы.
Жүректің көлденең ені 15см. Жүрек конфигурациясы өзгерген,жүректің сол жақ белі тегістелген,аорталық конфигурация анықталады. Тамыр шоғыры: ені 6 см, биіктігі II-ші қабырға деңгейінде; · Аускультация:жүрек тондары әлсіз, ырғағы дұрыс.Боткин-Эрба нүктесінде 2-тонның акценті байқалады. ЖЖЖ 82/мин. Асқорыту жүйесі: Шағымы жоқ. · Қарау: Тамақтануы назогазтральды зонты арқылы. Ауыз қуысының шырышты қабаты физиологиялық түсті. Тілі ұлғаймаған, ылғалды және таза, тіс іздері байқалмайды. Тісі түгел,кариес байқалмайды.Бадамша бездері ісінбеген. Іші жұмсақ, оң және сол жақ бөліктері симметриялы,цилиндрлі формада .Көктамырлары ұлғаймаған, перистальтика көрінбейді. · Пальпация: · Беткей болжамалы пальпация: іші жұмсақ, ауырсынусыз. Іш жарықтары мен тік бұлшықеттің ажырауы жоқ. · Терең пальпация: Сигма тәрізді ішек:сол жақ мықын аймағында анықталды,ұзындығы 20см, тегіс-эластикалы консистенциялы,цилиндр тәрізді,диаметрі 2 см, ауырсынусыз,шұрылдамайды; Соқыр ішек:оң жақ мықын аймағында анықталды, тегіс-эластикалы консистенциялы,ұзындығы 10см,диаметрі 2см,ауырсынусыз,басқанда аздап шұрылдайды; Жоғарлаған тоқ ішек:бимануальды түрде,іштің тік бұлшықетінің сыртқы оң бүйір бөлігінде жасалды.Жұмсақ,цилиндр тәрізді,диаметрі 3см, ауырсынусыз,шұрылдамайды. Көлденең тоқ ішек:кіндік үстінен 2см жоғары анықталды,жұмсық,цилиндр тәрізді,диаметрі 3см,ауырсынусыз,шұрылдамайды. Төменденген тоқ ішек: бимануальды түрде,іштің тік бұлшықетінің сыртқы сол бүйір бөлігінде жасалды.Жұмсақ,цилиндр тәрізді,диаметрі 3см, ауырсынусыз,шұрылдамайды. Асқазан үлкен иіні:жұмсақ,эластикалы,ауырсынусыз; · Методикалық Образцов-Стражеско әдісі бойынша бауыр пальпациясы: Оң жақ қабырға астында анықталды,тегіс,оңай бұрылады,ұшы үшкір,консистенциясы жұмсақ,ауырсынусыз;Көкбауыр пальпацияланбайды; · Перкуссия: Бауырдың Курлов бойынша көлемі : · L. medioclaviacularis dextra 9cм; · L. mediana anterior8см; · Сол жақ қабырға дағасы бойымен 7см; Көкбауыр Курлов бойынша көлемі: Ені:4см; Ұзындығы:6см; · Аускультация: перистальтика естіледі; Зәр шығару жүйесі: Шағымдары жоқ. · Қарау:бел аймағын визуальды қарағанда патологиялық өзгерістер байқалмайды. · Пальпация:Бүйректер пальпацияланбайды. Жоғары және төменгі несепағардың барлық нүктелерінде ауырсыну жоқ. Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз. · Перкуссия:«Соққылау симптомы» екі жақтан да оң мәнді (-).
|