КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Вегетативті жүйке жүйесі.Тері жамылғылары ашық-қызыл түсті, орташа ылғалды, эластикалы. Теріде ойық жаралар жоқ, гипертрихоз, алопеция,тырнақтар , сүйектер мен буындардың трофикалық өзгерістері анықталмайды. Екі жақ бетінде де симметриялы түрде гиперемия және гипертермия байқалады.. Акроционоз жоқ. Вегетативті түйіндер мен өрімдер (периартериальды, мойындық, сәулелік өрім)пальпация кезінде ауырсынусыз. Кіші жамбас ағзаларының қызметі бұзылмаған.
Жоғарғы қыртыстық қызмет: Есі анық. Сөйлеудің бұзылытары жоқ. Автоматтандырылған сөйлеу қатары сақталған. Алексия, аграфия жоқ. Есте сақтау қабілеті нашарлаған. Болжам диагноз: Жедел ми қан айналым бұзылысы ишемиялық типте, АГ 3 дәрежесі, қауіп 4. Болжамды диагнозды негіздеу: Түскен кездегі шағымдары: Науқас көру қабілетінің нашарлауына, бас ауруына, шүйде аймағындағы ауырсыну, тепе - теңдіктің бұзылысы, жүрек айнуына,есте сақтау қабілетің бұзылысына, құлақта шуылына, бас айналу мен АҚ жоғарылауына шағымданады.
Аnamnesis morbi:Науқас артериалды гипертензиямен 10 жылдан бері ауырады,артериалды гипертензияның максимальды жоғарлауы 200/110мм.с.б. АҚ-ның 120-140\80мм.с.б.сандарға адаптацияланған. Үнемі гипотензивті препараттар қабылдайды: Лозап+,Моноприл,Верапамил Көру қабілетінің нашарлауы бірнеше ай бұрын байқалған. Бүгін түстен кейін басының шүйде аймағының ауырсынумен көру қабілеті кенеттен нашарлап кеткен. Жедел жәрдем шақырған. Артериялық қан қысымы 150/100 мм.с.б дейін көтерілген. Көмек көрсетіліп, шұғыл түрде ОМО жеткізілді.
Жалпы қараудағы ақпараттарға: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауыр дәрежеде, жалпы милық және неврологиялық симптоматикаға байланысты. Есі анық. Төсектегі қалпы белсенді. Тамақтануы қалыпты. Дене конституциясы - нормостениялық. Тері жамылғысы таза,құрғақ, тері тургоры қалыпты. Ошақты пигментация, қан құйылу ошақтары, бөртпелер, тамырлы жұлдызшалар, ангиома, тыртықтар, қасыну орындары, қышыну жоқ. Түктері ер адам типтес. Көзге көрінетін шырышты қабаттары алқызыл түстес, таза, ылғалды. Тері асты шел май қабаты қалыпты дамыған, біркелкі таралған, қалыңдығы 1см. Перифериялық лимфа түйіндері (шүйделік, құлақмаңы, жақасты, иекасты, мойындық, бұғанаүсті, бұғанаасты, қолтықасты, шынтақ, шап, тізеарты) пальпацияланбайды. Ісінулер жоқ. Бұлшықет жүйесі: бұлшықет дамуы қалыпты, тонусы сақталған. Қалған бұлшықет топтары пальпацияда ауырсынусыз, күші қалыпты, тырысулар жоқ, тығызданулар анықталмайды. Сүйек-буын жүйесі: бас сүйегінің, омыртқа жотасының, аяқ-қол сүйектерінің формасы дұрыс. Сүйек деформациясы мен қисаюлары жоқ.Тыныс алуы мұрын мен ауыз арқылы. Дем алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Кеуде клеткасы дұрыс пішінді, нормостеникалық, симметриялы, екі жартысы да тыныс алуға қатысады. Қабырғаралық кеңістісіктің өлшемі 1,5 см. Тыныс алу тереңдігі орташа, жиілігі 20 рет минутына, ритмі дұрыс, типі аралас. Пальпацияда: кеуде клеткасы эластикалы, ауырсынусыз, дауыс дірілі екі жақта бірдей симметриялы. Перкуссия:Салыстырмалы:бүкіл симметриялы нүктеде анық перкуторлы дыбыс. Аускультация: барлық өкпе алаңында айқын везикулярлы тыныс.Сырылдар мен крепитация естілмейді. Жүрек дөңесі мен мойын веналарының кеңеюі мен ісінуі байқалмайды. Жүрек ұшы түрткісі l.medidclavicularis-тен 1 см сыртқары,жайылған,күшті.Артериялық қан қысымы екі қолда бірдей 160 және 90 мм. с.б. Пульс –жиілігі 82/мин,екі қолда бірдей симметриялы,біркелкі, ырғақты, күші, толуы,биіктігі қанағаттанарлық. Пальпация: жүрек ұшы түрткісі V-ші қабырғааралығында L. medioclavicularis sinistra сызығынан 1см сыртқары. ЖҰТ жайылған, күшті, ені 2,5см , биіктігі орташа.Жүрек түрткісі анықталмайды. Аускультация:жүрек тондары әлсіз, ырғағы дұрыс.Боткин-Эрба нүктесінде 2-тонның акценті байқалады. ЖЖЖ 82/мин. Методикалық Образцов-Стражеско әдісі бойынша бауыр пальпациясы:Оң жақ қабырға астында анықталды,тегіс,оңай бұрылады,ұшы үшкір,консистенциясы жұмсақ,ауырсынусыз;Көкбауыр пальпацияланбайды; Бүйректер пальпацияланбайды. Жоғары және төменгі несепағардың барлық нүктелерінде ауырсыну жоқ. Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз. Перкуссия:«Соққылау симптомы» екі жақтан да оң мәнді (-).
|