КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Неврологиялық статус.Есі анық,психикалық жағдайы: тұрған орны, уақыты ,жеке жағдайы бойынша ориентирленген, мінезі адекватты. Көңілі және есі сақталған. Сандырақтау және галлюцинациясы жоқ. Жалпы милық симптомдар жүйелі емес бас айналу,жүрек айну,бас ауру. Менингиальды симптомдар: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, «жатқан ит қалпы», Керниг, Брудзинский, Бехтерев, Мендель симптомдары анықталмайды. Жоғарғы қыртысты функциялар: моторлы-сенсорлы амнестикалық афазия жоқ, Алексия, аграфия, акалькулия анықталмайды. Праксис және гнозис бұзылыстары анықталмайды. Есі бұзылған, интеллекті,ойлау қабілеті сақталған. ЧМН қарашықтар ОD=ОS, фотореакция сақталған,көз алмасы қимылдағанда ауырсынады, горизантальды нистагм. Жұтыну рефлексі сақталған. Тіл ортаңғы сызық бойынша мұрын-ауыз үшбұрышы тегістелген. Сіңірлік рефлекстер Д=S, парез жоқ. Барре сынамасы теріс,Ромберг позасында тұрақсыз. Координаторлық сынамалар отырып сынағанда екі жақтан орташа дисметрия, қабықтық және патологиялық белгілер жоқ. Бас-ми нервтері: I-жұп нерв-иіс сезу нервісі: иіс сезу сақталған, иіс сезу галлюцинациялары жоқ. II-жұп нерв- көру нервісі: көру өткірлігі оң және сол көзден тексергенде бірдей сақталған, фотореакция сақталған, екі жақты амавроз анықталады. visus OD = 1; visus OS = 1. Түсті ажырату қабілеті өзгермеген, ахроматопсия және дисхроматопсия байқалмайды. Көру алаңын зерттегенде, көру алаңының тарылуы жоқ, центральды және парацентральды скотомалар және гемианопсия анықталмайды. Көру галлюцинациялары жоқ.
ОD OS Офтальмоскопия: көру нерві дискісі ашық-қызыл түсті, контурлары анық, ошақты өзгерістер жоқ. III-жұп көзқозғалтқыш нерв; IV-жұп шығыршық нерв; VI-жұп әкетуші нерв: Көз саңылауының кеңдігі қалыпты, қарашықтары дөңгелек формалы, диаметрі 3мм, D=S. Қарашықтардың жарыққа әсері сақталған, екі көзде симметриялы. Конвергенция екі жақ көзінде де әлсіз. Көз алмасының қозғалыстары толық көлемде. Диплопияны теріске шығарады. Оң жаққа қарағанда горизонтальды нистагм байқалады. Дивергенция, птоз, қылилық,экзо- және эндофтальм, блефароспазм байқалмайды. V-жұп үшкіл нерв: Бас және бет терілерінің, ауыз қуысы шырышты қабаты мен тілдің ауырсынулық, температуралық және тактильді сезімталдықтары сақталған. Валле нүктелері ауырсынусыз. Корнеальды рефлекс, шайнау бұлшық еттерінің қызметі, төменгі жақ рефлексі симметриялы сақталған. Бетте тризм байқалмайды. n.trigeminus төменгі жақ тармақтарының қозғалтқыш тармақтарын зерттегенде, зақымдану симптомдары анықталмайды. Қарағанда шайнау бұлшық еттерінің , самай бұлшық еттерінің атрофиясы жоқ, шайнау актысы кезінде бұлшық етті пальпациялағанда әлсіздік және болбырлық (дряблость) жоқ, ауызды ашқан кезде төменгі жақтың ортаңғы сызықтан ығысуы байқалмайды. VII-жұп бет нерві: Беттің маскатәрізділігі, қозғалыссыздығы байқалмайды. Беті симметриялы, тілі ортанғы сызық бойында. VIII-жұп нерв, кіреберіс ұлу нерві: Есту өткірлігі оң және сол жақта бұзылмаған, гипакузия және гиперакузия жоқ. Сыбырлап сөйлеуді оң және сол жақтан жақсы естиді. Құлақтағы шуды, есту галлюцинацияларын теріске шығарады.Құсу, лоқсу жоқ, атаксия анықталынған жоқ. IX-жұп тіл-жұтқыншақ, X-жұп кезбе нерв: Жұмсақ таңдай қозғалмалы, симметриялы, төмен қарай салбырауы жоқ, тілшік ортаңғы сызық деңгейінде орналасқан. Таңдай және жұтыну рефлекстері қалыпты. Дисфагия жоқ. XI-жұп нерв: Иықты көтеру,басты оңға, солға бұру және иілу қызметтері ,сол жақ қолды көлденең сызықтан жоғары көтеру сақталған, жауырындарды бір-біріне жақындастыру толық көлемде жасалады. Оң жақтан бұл қимылдар шектелген.Трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізік бұлшықеттерінің контурлары, тонусы мен қызметтері бұзылмаған. Бұлшықеттердің атрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулары жоқ. Науқас басы ортаңғы сызықтан ығыспаған. Мойыны қисаймаған. Иық белдеуі бір деңгейде орналасқан. XII-жұп нерв тіласты нерві: Тілді шығарғанда ортаңғы сызық деңгейінен оң жаққа ығысады, атрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулар жоқ. Сыртқы келбеті өзгеріссіз. Қозғалғыштығы мен артикуляция бұзылмаған. Қозғалыс сферасын зерттеу: Қарау және пальпациялау барысында бұлшық ет жүйесінің атрофиясы, псевдогипертрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулары жоқ. Қолдардағы және аяқтардағы пассивті қозгалыстар толық көлемде сақталған. Барре сынамасында бұлшықет күшінің қалыпты. Акинез, брадикинезия, гиперкинезы (тремор, хорея, атетоз, хореоатетоз, гемибаллизм, миоклония, торзионная дистония, тики) жоқ. Автоматтандырылған жестикуляция синдромы анықталмаған. Ұстамалар және сіресулер жоқ. Қозғалыс координациясы Саусақ мұрындық сынаманы шамалы дисмитрия екі жақта . Интенционды тремор, адиадохокинез, гиперметрия, үзіп сөйлеу жоқ. Рефлекстер Сіңірлік және периостальды рефлекстер жанды: қолдарында D>S, аяқтарда: тізелік (L2- L4, сан нерві ), ахиллов (S1- S2, асықты жілік нерві) - D>S. Терілік рефлекстер: жоғарғы (Тh7 - Тh8), ортаңғы (Тh 9- Тh10), қалыпты (Тh 11- Тh12) құрсақтық, табандық (асықты жілік нерві,L5-S2) қалыпты D>S. Буындық рефлекстер: Майера (шынтақтық және ортаңғы нервтер, С7-Th1) және Лери (шынтақтық және ортаңғы нервтер, С6 -Th1) қалыпты. Патологиялық рефлекстер: Пирамидалық: Бабинский рефлексі, Оппенгейм, Гордон, Шеффер рефлекстері теріс; Россолимо тобының рефлекстері (Бехтерева 1, 2, Жуковского) теріс. Қорғаныс рефлекстері: Екі жақта теріс. Псевдобульбарлы рефлекстер: Оральды автоматизм рефлекстері анықталды: назо-лабиальды, еріндік, хоботковый, алақан-иектік Маринеску-Радовичи оң .
Сезімталдық: Беткей сезімталдық (ауырсыну, температуралық, тактильді) екі жақта сақталған. Терең сезімталдық (бұлшықет буындық сезіну, вибрационды, қысым және салмақты сезіну) екі жақта сақталған. Күрделі сезімталдық (кинестетикалық, дискриминационды, екіөлшемдікеңістіктік, стереогноз) екі жақта анықталады. Перифериялық нервтер мен оның түбіршектерінде ауырсыну нүктелері анықталмайды. Полистезия, аллохейрия, дизестезия, анықталмайды
|