Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс. «Экологиялық мониторинг» пәнінің ұғымы мен мәні. Мониторингтің сыныптамасы және деңгейлері.




Дәрістің мақсаты -Экологиялық мониторинг ұғымы мен мәні. Мониторингтің сыныптамасы және деңгейлері туралы студенттерге түсіндіру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мониторинг туралы жалпы түсінік.

2. Мониторинг түрлері.

3. Мониторингтің сыныптамасы және оның деңгейлері.

«Мониторинг»сөзі латын тілінде «монитор» - «бақылаушы», «сақтандырушы» деген мағынаны береді. Желкенді кеменің басқа кемелермен, қайраңдармен, су астынан көтеріліп тұратын жар тастардан (риф) соқтығысып қалудан сақтандырып тұратын матросты «монитор» деп атаған (Е.Н. Вилесов, 1999). Қазіргі кезде мониторингтің көптеген түрлері бар. Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бірінші кезекте табиғаттағы антропогендік өзгерістерге басты назар аударылады. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі.

Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарай базалық, әлемдік, аймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау.

Ғаламдық мониторинг – биосферадағы планетарлық үдерістер мен құбылыстарды табиғатқа антропогендік әсерлермен қоса бақылау. Ғаламдық мониторинг құрамында табиғи үдерістердің жағдайын, әлемдік мұхиттардың жағдайын, газдардың ауысуын бақылау және болжау, жердің жылу және энергетикалық балансын, радиация деңгейін, тропосферадағы және бірен-саран гидросферадағы оттегі мен көмір қышқыл газ деңгейінанықтау, атмосфераның ластану деңгейін бақылау. Ғаламдық мониторинг аймақтың және тұтастай биосферадағы табиғи процестер туралы білуде, қоршаған ортаны қорғау барысында ғаламдық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әсерінен климаттың өзгеруі тірі ағзаларға кері ықпалын тигізуде. Азот және көміртегі тотығының атмосферада шамадан артық жиналуы салдарынан озон қабатының бұзылуы; әлемдік мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мәселелерін, атмосфера (тропосфера) және гидросфера, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жердің топырақ жамылғысын әлемдік деңгейде бақылауға бағытталған.

Осы деңгейлес ғарыштық мониторингтің міндеттерін сипаттап көрсету қажет. Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады.

Аймақтық мониторинг – белгілі бір аймақтағы қоршаған ортаның болмысындағы процестерді бақылап, қай жерлерде осы процестер және болмыстар табиғи жағдайда өзгергендігін сондай-ақ, антропогендік әрекеттердің әсерінен базалық немесе негізгі биосфераға тән табиғи көріністен ерекшелігін анықтайды. Мысалға: Арал теңізі, Семей полигонын, Чернобыль трагедиясын едәуір қауіпті аймақтарды алуға болады.

Аймақтық мониторингтің төмендегідей синонимдері бар: геоэкологиялық, геожүйелік, табиғи шаруашылықтық. Маңызды мониторингтердің бірі биосфералық мониторинг – антропогендік факторлардың әрекеті әсерінен өзгерістерді қоса алғанда, биосфера деңгейінде табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау жүйесі. Биологиялық мониторинг – биологиялық ортаның жағдайын, дамуын және өзгерістерін қадағалау, бақылау жүйесі.

Гляциологиялық мониторингдеп атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы табиғи мұздар, олардың даму динамикасы мен режимі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, жердің эволюциясындағы мұздың рөлін болжау, бақылау жүйесін айтады.

Импактылы мониторинг –қоршаған ортадағы ерекше қауіпті аймақтар мен қауіпті жерлердегі антропогендік әрекеттердің тигізетін зардаптарын зерттейді. Ластанудың мөлшері немесе өлшемі – табиғи ортаның жекелеген құрамдас бөліктерінің (топырақ, су, атмосфера) ластауды тудыратын себепті анықтау құралы, ауқымы, таралу көлемі және сапалы талдау кіреді качественный анализ.

Жергілікті мониторинг – атмосферадағы адамды улайтын химиялық заттардың уытты құрамын, табиғи судың, өсімдіктердің, топырақтың, нақтылы ластайтын ошақ көздерін (өнеркәсіп орындары, құрылыс нысандары, кен өндіру, мелиоративтік жүйені, энергетика өндірісі және т.б.) бақылайды. Сонымен бірге ластану себептерін, табиғи ортаның ластану дәрежесін анықтайды. Жергілікті мониторинг қоршаған ортаның жағдайын сол ортада өмір сүретін адамдардың ден-саулығына қарап бағалайды, ол дегеніміз табиғи ортаның ең маңызды, ауқымды және кешенді жағдайы. Жергілікті мониторингті табиғатты қорғау қызметтерін жасаушылар жүргізеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз не?
  2. Кеңістіктік және уақыттық бойынша мониторингтің жіктелуі
  3. Гляциологиялық мониторинг нені зерттейді?
  4. Жергілікті мониторингтің зерттеу обьектісі

 

Әдебиеттер:

1. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды Л., Гидрометиздат 1979 г.

2. Родзин В.И. Семенцов Г.В. Основы экологического мониторинга (инженерные задачи рационального природопользования) Учебник. Таганрог ТРТИ, 1988

3. Комплексный глобальный мониторинг загрязнения окружающей среды. Л., Гидрометиздат 1980

4. Проблемы фонового мониторинга состояния природной среды (итоги сотрудничества стран-членов СЭВ по проблеме «Глобальная система мониторинга окружающей среды») Л. Гидрометиздат, вып 1-5 1987г.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 781; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты