Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс. Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалауды ұйымдастыру. Атмосфералық ауа сапасын нормалау.




Дәрістің мақсаты -Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және оны қадағалауды ұйымдастыру. Атмосфералық ауа сапасын нормалау.

Негізгі сұрақтар:

1. Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалауды ұйымдастыру

2. Ауа сапасын нормалау.

Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалау қызметі екі жүйеден тұрады. Біріншісі, бақылау мониторингі; екіншісі – қадағалау мониторингі.

Бірінші жүйе – қала, елді мекендердегі ластану көзінен алыс және жақын жатқан қалалар мен елді мекендерден пайда болған территориялардағы атмосфера ауасының сапасын бақылауды қамтамасыз етсе, екінші жүйе ластаушы заттарды бақылайды және атмосфераға шығарылатын зиянды қадағалап отырады. Атмосфера ауасының ластануын бақылау антропогендік әсерлермен ластанған аудандарда жүргізіледі. Жүргізілген бақылаудың сапасы мен мүмкіндіктеріне қарай барлық атмосфералық ауаны қорғау шараларының тиімділігі байланысты болады. Ластану көздерінен (ошақтарынан) алыс жатқан аудандарда (реңдік) бақылау ластаушы заттардың шоғырлануының биотаға әсерін қадағалайды. Реңдік бақылау экологиялық мониторингтің арнайы бағдарламасы мен ережесіне сәйкес биосфералық қорықтар аумағында жүргізіледі. Биосфералық қорықтарда атмосфера ауасының ластануын болжау мен бағалау ондағы қорғасын, кадмий, көміртегі тотығы, мышьяк, сынап және т.б. хлорорганикалық қосылыстардың құрамына талдау түргізу арқылы анықталады. Реңдік бекеттерде ауаның ластану жағдайын өлшеп қана қоймай, сонымен қатар, метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі. Атмосфера ауасының реңдік деңгейін бақылау барысында ондағы қосылыстардың тасымалдану түрі мен техногендік факторлармен гидрометеорологиялық процестердегі рөлі анықталады. Реңдік бекеттерде бақылау жүйесін құру сыны, бақыланатын қоспалардың тізімі, өлшемдерді өңдеу мен бақылау әдістері, ақпарат алмасу жолдары халықаралық ынтымақтастық әдістері анықталып зерттеледі. Реңдік мониторинг бекеттерінде атмосфера ауасының сапасын бақылау физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштер арқылы жүзеге асады. Антропогендік әсермен қарқынды ластанған аймақтардағы атмосфера ауасының ластануын бақылауды ұйымдастырудың қажеттілігі математикалық және физикалық модельдеу әдістерін қолдану арқылы теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Репрезентативтік (нақты) ақпарат алу үшін ауа ластануының уақытша өзгеруімен кеңістіктік сипатын және метеорологиялық жағдайын зерттеу үшін жылжымалы зертханалар қолданылады. Бұл әдіс арқылы бақыланатын ауданның сызба-картасын ауа байқалымын (проба) зерттейтін жерлерді 0,1-0,5-1,0 км қашықтықта жиі торлармен белгілейді. Егер сол жерлердегі ауа құрамындағы қоспалардың шоғырлануында арнайы бақылау белгіленген нормативтен жоғарылағаны байқалса, онда бақылау жүргізеді. Бақылау тіректерінде РШШ көрсеткіштерінің санитарлық-гигиеналық нормативтен асып кетпеуі қадағаланады. Кең тараған ластаушы заттар: шаң, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, азот тотықтарының мөлшері міндетті түрде анықталады.

Атмосфера ауасының радиоактивті заттармен ластануын бақылау реңдік деңгейде АЭС және радиоактивті заттардың шығарылуы бойынша бақыланады. Радиоактивті заттармен ластануын бақылау реңдік бекеттерде және радиоактивті ластанған көздерден 50-100 км қашықтықта орналасқан арнайы бақылау бекеттерінде жүргізіледі.

Бақылаудың кең тараған әдісінің бірі – зиянды қоспалардың ғаламдық ағысын ластанған көзден алыс қашықтыққа таралуын, яғни трансшекаралық тасымалдауды бақылайтын арнайы жер үсті бекеттер, ұшақтар арқылы жүзеге асады. Метеорологиялық ақпараттарды жинақтайтын орталықтар мыналарды қамтамасыз етеді:

ü атмосферадағы қоспалардың трансшекаралық тасымалдануы туралы ақпараттарды сақтау, талдау және жинау;

ü метеорологиялық мәліметтер негізінде қоспалардың тасымалдануын болжау;

ü қалдық шығатын көздерді және қалдықтарды сұрыптау;

ü атмосфера ауасынан келіп түсетін қоспаларды есептеу және тіркеу.

Бақылау бекеттерінен алынатын ақпараттар жеделдік дәрежесіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: жедел ақпараттар – атмосфера ауасының шұғыл түрде өзгеруі туралы ақпараттарды қажетті мекемелерге жеткізу; оперативті ақпарат – айқын бақыланған бақылау нәтижесі туралы ақпарат жеткізеді; режимдік ақпараттар – бір жылда бақыланған мәліметтер туралы ақпарат жеткізеді. Режимдік ақпарат ұзақ уақыт ішінде ауаның ластанғаны туралы мәліметтерді өңдеп, атмосфераны қорғау туралы шараларды ұйымдастыруды, қалдықтардың нормативтерін белгілейді. Ауаны қорғау шараларын дұрыс жүргізу үшін ақпарат толық және дәйекті болу керек. Ақпараттың дәйектілігі барлық жүргізілген іс-әрекеттерге тікелей тәуелді болады. Ақпараттың дәйектілігі атмосфера ауасының ластануын бақылау арқылы оны санитарлық-гигиеналық бағалау, статистикалық өңдеу, метеорологиялық жағдайлар мен қалдықтар туралы нормативтерді қатаң бағалауға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын салуға байланысты микроклиматтық және метеорологиялық жағдайлар өзгеруі мүмкін. Соған байланысты ауаға қалдықтардың шығарылу көздерінің сипаты өзгеретін кезеңде қоспалардың шоғырлануының орташа мәнін алу маңызды болып саналады.

Ауаның ластануын бақылайтын тіректер.Атмосфераның ластануын

бақылайтын тіректер сипатына қарай мынадай түрлерге жіктеледі:

ü тұрақты тіректер;

ü маршрутты (бағытты) тіректер;

ü жылжымалы тіректер.

 

1-кесте. Тұрғындардың санына байланысты тұрақты тіректердің саны

Тұрғындардың саны, мың адам Тірек саны
<50
50-100
100-200
200-500 3-5
500-1000 5-10
1000-2000 10-15
>2000 15-20

 

Зерттеу тіректерінің зертханасы метеорологиялық өлшеулер (желдің бағыты, жылдамдығы, температура, ауаның ылғалдылығы) жүргізетін ауа байқалымдарын іріктейтін құрылғылармен және приборлармен жабдықталған. Тұрақты тіректерде ауаның ластануы мен метеорологиялық параметрлер ауа-райының жағдайларына қарамастан жылдың барлық мезгілінде жүргізіледі. Бақылау тіректері үш бағдарлама бойынша жұмыс істейді: толық бағдарлама, жартылай бағдарлама, қысқартылған бағдарлама.

Толық бағдарлама бойынша бақылау күн сайын сенбі және жексенбіден басқа күндері жүргізіледі. Бұл бағдарлама бойынша ауаның құрамындағы негізгі ластаушы заттарды өлшейді.

Жартылай бағдарлама күн сайын, белгілі бір уақыт аралығында жүргізіледі. Мысалы: таңертеңгі сағат 700-де; күндізгі 1300-де; кешкі 1900-де.

Қысқартылған бағдарлама бойынша бақылау жексенбіден басқа күндерде жергілікті уақыт бойынша 700-де, 1900-де. Ал қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындағанда (тұман, температураның кенеттен өзгеруі және т.б.) барлық тіректерде ауа байқалымын іріктеу әрбір үш сағат сайын жүргізіледі. Ал атмосфераның радиоактивті заттармен ластануын бақылау мөлшері шағын, металл торлармен қапталған, құрылымы мемлекеттік стандарттартарға сәйкес жабдықталған арнайы үйшіктер (павильон) арқылы жүргізіледі. Онда радиусы 4 м қашықтыққа дейінгі радиоактивті қалдықтарды жинайтын сүзгіден (марлі) жасалған планшет пен термолюминесцентті дозиметр орнатылған. Ауа пробасын іріктейтін арнайы құрылғыны жерден 80-100 см биіктікке орнатқан ыңғайлы болады. Планшеттегі сүзгілі құрылғыны күн сайын алмастырып отырады. Құрылғыдағы ауаның жылдамдығы шығын өлшегіштің (расходометр) көмегімен күніне 3рет таңертең, түсте және түнде бақыланып отырады. Сүзгі арқылы өткен ауаның орташа жылдамдығы (V) төмендегі формула бойынша есептеледі:

 

V=V1+V2+V3/3 (1)

Мұндағы:

V1; V2; V3 – белгіленген уақыттардағы желдің жылдамдығы

Сүзгіден өткен ауаның көлемі (а) мына формула бойынша анықталады:

 

a=SVt (2)

S – өлшенетін аудан;

V – орташа көлем;

t – уақыт

Желдің жылдамдығы тәулігіне 3 рет өлшенеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалау қызметі қандай жүйелерден тұрады?

2.Ауаның ластануын бақылайтын тіректер.

3.Ауаның ластануын бақылау тіректері жұмыс жасайтын қандай бағдарламалар бар? Бағдарламаларға сипаттама беріңіздер.

Әдебиеттер:

1. Бөрібай Э.С. Қоршаған орта мониторингі. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2013. -179б.

2. Горшков М.В. Экологический мониторинг. Учеб. пособие. – Владивосток: Изд-во ТГЭУ, -2010. -313 с.

3. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды Л., Гидрометиздат 1979 г.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 611; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты