Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Топырақтағы зиянды заттарды нормалау




Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері төмендегідей:

1)топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық жағдайларда қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;

2)топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;

3)нормативтер микробиоценоз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстремалды-климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;

4)гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебінен бекітіледі. Ондай нормативтерге: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттардың өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі) және санитарлы-токсикологиялық нормативтер жатады.

Санитарлы-токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.

Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:

- ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;

- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;

- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жерлер топырағының ластануы.

Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауда екі көрсеткіш қолданылады: ШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)

ШРКт-топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет;

ШРК о-азық-түлік өнімдеріндегі заттардың ШРК, мг/кг.

ШРКт белгілеу үшін қарастырылып отырған заттардың реңдік концентрациясы, оның физикалық-химиялық қасиеттері, тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады. Ондай мәліметтерге:

§ топырақтағы заттардың ШРК, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір рауалы қалдықтың мөлшерінен аспауы қажет;

§ заттар топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалды концентрациясы;

§ микроағзаларға және топырақтың «өздігімен тазалану» процесіне әсер етпейтін концентрация жатады.

Өсімдіктерді зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден қорғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға да ШРК белгілейді. Егер де әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив - заттардың уақытша рауалды концентрациясы (УРК) анықталады. Уақытша норматив белгілі мерзімге 2-3 жылға белгіленеді, оны есептеу арқылы анықтайды. Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады: санитарлық сан (белоктағы азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасы); сонымен қатар, ішек таяқшаларының (коли-титр), шыбынның дірнәсілдерінің (личинкалар), гельминттер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалылығы осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады.

Гигиенгалық нормативтер алты түрлі көрсеткіштер бойынша ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын қарастырады, олар:

§ органолептикалық (түс, дәм, өсімдіктердің азықтық құндылығы, атмосфералық ауаның және судың иісі, түсі дәмі);

§ жалпы санитарлық (топырақтың өзін-өзі тазарту процесіне әсері;

§ фитоаккумуляциялық (транслокациялық);

§ су-миграциялық;

§ ауа-миграциялық;

§ санитарлы-токсикологиялық.

Топырақтағы кейбір химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының (ШРК) санитарлы нормалары 19-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте. Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары

Заттар ШРК, мг/кг Шектеуші көрсеткіштер
Жылжымалы формалар
Кобальт 5,0 Жалпы санитарлық
Фтор 2,8 Транслокациялық
Хром 6,0 Жалпы санитарлық
Суда еритін түр
Фтор 10,0 Транслокациялық
Жалпы құрамы
Бенз(а)пирен 0,02 Жалпы санитарлық
Ксилол (орто-, мета-, пара-) 0,03 Транслокациялық
Мышьяк 2,0 Транслокациялық
Сынап 2,1 Транслокациялық
Қорғасын 32,0 Жалпы санитарлық
Қорғасын +сынап 20,0+1,0 Транслокациялық
Кәдімгі күкірт 160,0 Жалпы санитарлық
Күкіртсутек 0,4 Ауалық
Күкірт қышқылы 160,0 Жалпы санитарлық
Стирол 0,1 Ауалы
Формальдегид 7,0 Ауалы
Хлорлы калий 560,0 Сулы
Хром 0,05 Жалпы санитарлық
Ацетальдегид 10,0 Миграционды-ауалы
Изопропилбензол+ альфаметилстирол 0,5 Миграционды-ауалы
Суперфосфат (Р2О5) Өсімдікке өту

 

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтағы зиянды заттарды нормалау

2.Топырақтың санитарлық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

3.Гигиеналық нормативтерге қандай көрсеткіштер жатады?

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 1658; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты