Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс. Пестицидтердің табиғи ортаға әсері. Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі.




Дәрістің мақсаты –Пестицидтер туралы, олардың жіктелуі және табиғатта пестицидтердің таралу көздеріне, пестицидтердің тірі ағзаларға тигізетін зардаптары бойынша түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

1. Пестицидтер қандай заттар?

2.Пестицидтердің зиянкестерге қарсы қолданылуына қарай жіктелуі

3.Химиялық құрамы бойынша пестицидтер қалай бөлінеді?

Пестицидтер (лат. Pestis-жұқпалы ауружәне caedo – өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар. Пестицидтер тобына органикалық және бейорганикалық қосылыстар, кейбір дақылдардың оруын жеңілдететін дефолианттар және десиканттар, өсімдік өсуін реттеуіштер т.б. жатады.

Химиялық құрамы бойынша пестицидтер бес сыныпқа топтастырылады:

ü хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, гексахлорциклогексан,

полихлорпинен, полихлоркамфен және т.б. Бұл қосылыстар организмде қарқынды жинақталып, ыдырау мерзімі бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді;

ü Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырақта және басқа ортада жылдам ыдырайды;

ü Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсер етеді, ал жануарлар мен адамдарға аса зияны жоқ;

ü Хлорфеноксиқышқыл туындылары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады;

ü Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы.

Бұл инсектицидтердің табиғи материалдардан бөліп алынған жаңа түрі. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа организмге әсері белсенді болатын жасанды пиретроидтер де алынған.

Пестицидтер қоршаған ортада абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық, тотығу-тотықсыздандыру және гидролиз реакцияларының көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалық ыдырауға қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына да байланысты.

Пестицидтер зиянкестерге қарсы қолданылуына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

 

Пестицидтердің жіктелуі

Пестицидтердің атауы Қолдану аясы  
Инсектицидтер Зиянкес жәндіктерге қарсы қолданылады. Зиянкестер өнімділікті төмендетіп, адам және жануарларда ауру таратады
Гербицидтер Арамшөптерге қарсы
Фунгицидтер Саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтарына қарсы
Бактерицидтер Бактерияларға қарсы
Акарицидтер Кенелерге қарсы
Лимацидтер зиянкес моллюскаларды жоюға
Афицидтер Күйе көбелектері мен олардың дернәсілдерін жоюға
Зооцидтер Зиянкес кемірушілерді құртуға
Десиканттар Өсімдіктердің тамырына дейін кептіру үшін қолданады

 

Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімділігін арттырады, өсімдіктерді қорғауда маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өлім жағдайымен аяқталатыны туралы статистикада тіркелген. Көптеген елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды. Пестицидтер ішінде–дихлордифенолтрихлорэтанды (ДДТ) іс жүзінде көп қолданылып келді. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш химиялық синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Алғашқыда бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесірткелер мен көптеген зиянкес бунақденелілерге қарсы күрес ретінде қолданса, ауру таратушы масаларды жойып, миллиондаған адамдарды безгек ауруынан құтқарды.

 

Дихлордифенолтрихлорэтан (ДДТ)

 

Пауль Мюллердің ашқан бұл жаңалығы дүниежүзі ғалымдарының назарына ілігіп, Нобель сыйлығымен марапатталған болатын. Дүние жүзі ауқымында жыл сайын осы пестицидтің 100 мың т шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрия, Швеция, Нидерландада және т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы мүлдем тоқтатылды. Себебі, ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50жылдан астам уақытты қамтитын болғандықтан, қоршаған орта объектілерінде жинақталған ДДТ коректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындар арасында ауру түрлері көбейген.

Жыл сайын дүние жүзі бойынша 400-500 млн т минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, гипс пен фосфориттер топыраққа түседі. Тек қана пестицидтер жыл сайын 2 млн тонна өндіріліп, егістікке пайдаланылады. Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін артуына әсер етеді, сол сияқты түрлі аурулар мен зиянкестер әсерінен өнімнің шығын болуын азайтады. Пестицидтер тек өсімдіктер, жануарлар мен адамға ғана емес, топырақ пен суға да зиянды әсер тигізеді. Сол сияқты топырақ құнарлығы мен гидрофауна тіршілігіне, су ресурстарының гигиеналық жағдайына да үлкен әсерін тигізеді. Топырақтың микро-және макрофаунасы топырақ түзілу процесіне белсенді қатысады. Топырақ түзілу процесінде топырақтағы буылтық құрттар типіне жататын жауын құртының рөлі ерекше. Олардың топырақ биомассасындағы үлесі - 50-70%. Топырақтағы организмдердің қалдықтарын жауын құрттары қорытып, қарашірікке айналдырады және топырақ құрамына әсер етеді. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің әрбір гектарында 1-200 млн-ға дейін жауын құрттары болады, олар 1 жыл ішінде 1 га жердегі 400-600 тонна топырақты өңдейді. Осы кішкентай организмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде топырақ ауа, су өткізгіш және гидрофильді қасиеттерге ие болады. Бірақ жауын құрттары түрлі антропогендік факторларға әсіресе, пестицидтердің әсеріне өте сезімтал болғандықтан, соңғы уақытта пестицидтердің әсерінен жаппай қырылу фактілері де тіркелген.

Пестицидтерді шамадан тыс артық мөлшерде пайдалану, егістік жерлерді дұрыс өңдемеу нәтижесінде олар жер үсті, жер асты суларды ластайды. Пестицидтерді пайдаланудан туындайтын әлеуметтік проблемаларды шешудің жолы- олардың қоршаған ортадағы және азық-түлік өнімдеріндегі мөлшерін анықтап, бақылауға алу. Бірақ қазіргі таңда қолданылып жүрген әдістемелер бойынша қоршаған орта мен азық-түлік өнімдеріндегі пестицидтер мөлшерінің олардың пайдаланылған жалпы мөлшерінен аз ғана бөлігін анықтауға мүмкіндік болып отыр. Бұндай бақылау жүйесінің өзі де қазіргі кезде барлық аймақтарда дұрыс жолға қойылмаған.

Бақылау сұрақтары:

1.Пестицидтер қандай заттар?

2.Пестицидтердің зиянкестерге қарсы қолданылуына қарай жіктелуі

3.Химиялық құрамы бойынша пестицидтер қалай бөлінеді?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 863; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты