КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орман экожүйесінің биосферадағы рөлі.Орман деп ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешенді атаймыз. Жер шарында орман қоры 37,0 млн км2, ал жер шарының ауданы 149 млн.га, оның 7,7 Ресей мемлекетінің үлесіне, Канадаға – 4,2, Бразилияға – 3,3, АҚШ – 2,9 млн км2 үлесіне тиеді. Дүние жүзілік орман қорындағы сүректі ағаштардың қоры орташа есеппен 370 млрд м3 деп есептеледі. Ең жоғарғы ресурсты потенциал Еуразия құрлығына тиесілі, ондағы сүректі ағаштардың үлесі – 42% көрсетеді. Ал Ресейде ол көрсеткіш – 22%. Канадада – 6%, АҚШ – 6%, Европа елдерінде тек – 5%. ХХ ғасырдың басында дүние жүзілік орман қоры - 27-28 % дейін күрт төмендеп, табиғи және жасанды жолмен күрделі өзгерістерге ұшырады. Солтүстік Америкада ол көрсеткіш 30%, Азия елдерінде – 30%, ең төмен көрсеткіш Австралияда шамамен 10%. Орталық Европада шыршалы ормандар емен ағашты ормандардың орнына жасанды орман өсіріледі. Солтүстік Америкада, Жапонияда жылдам өсетін ағаштарды отырғызып, жасанды ормандарды көбейтуде. Ал Ресейдің тайгалы ормандарында қылқан жапырақты ормандар көп алқапты алып жатыр. Нарықтық қатынастарға байланысты адамзат баласының орман ресурстарына деген сұранысы жылдан жылға артып отыр. Сондықтан да орманды пайдалану көрсеткіші де жоғары болуда. Орман табиғи кешен ретінде көпсалалы қызмет атқарады: ü орман табиғаттағы оттегі мен көміртегі айналымында маңызды рөл атқарады; ü орман ауаға шығарылған зиянды заттарды сіңіріп, ауаны, қоршаған ортаны тазартады, сондай-ақ дыбыстық ластауды бәсеңдетеді; ü орман микроклиматтық әсер етеді және ғаламдық деңгейде климат реттеуші қызмет атқарады; ü орман экологиялық жүйелерде ылғалдылық сақтауға, судың айналымына қатысады; ü орман топырақ эрозиясын болдырмай, ландшафты, топырақтың құнарлығын реттейді; ü орман рекреациялық және рухани-эстетикалық қызметтер атқарады; орман белгілі дәрежеде жердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші фактор; ü орман экономиканың көптеген салаларының шикізат көзі және шаруашылық іс-әрекеттерде кең қолданылады; ü орман көптеген өсімдіктер мен жануарлардың өсу, өмір сүру ортасы, яғни жердегі биологиялық алуан түрліліктің сақталуының табиғи ортасы. Алайда, соңғы жылдары адамдардың шаруашылық әрекеттерінен орман қоры бұзылды. Тоқырауға ұшырады. Соңғы 10 мың жылда жердегі орманның 1/3 жойылған, қазіргі күннің өзінде жыл сайын тропикалық ормандар 17 млн-ға азайып отыр ХХ ғасырдың 60-шы жылдарымен салыстырғанда жыл сайынғы орман ағаштарын кесу 50%-ға артқан. Жыл сайын кесілетін 3,4 млрд куб метр ағаштың жартысына жуығы отынға жағылады. Орманда ағаш кесу олардың түрін азайтады, топырақтың бүлінуіне, су қорының азаюына және орманда тіршілік ететін жан-жануарлардың жоғалып кетуіне әкеп соғады. Бақылау сұрақтары: 1.Орман мониторингі қалай жүргізіледі? 2. Орманның экологиялық функцияларын сипаттаңдар 3. Орман ресурстарын қорғау шаралары қандай?
|