КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс №9. Мұздықтардың мониторинг жүйесі. Гляциологиялық мониторинг. Мұздықтардың криогенезі.Дәрістің мақсаты –мұздықтардың мониторинг жүйесі бойынша мұздықтардың табиғаттағы рөлі және ауыз су мәселелерін шешудегі маңызына, криогенез себептері туралы түсіндіру. Негізгі сұрақтар: 1. Гляциология деген не? 2. Мұздықтар криогенезінің себептері 3. Ауыз су мәселесін шешудегі мұздықтардың рөлі Бұрынға КСРО аумағындағы мұздықтарды үнемі бақылап отыратын бағдарлама шеңберінде Қазақстан территориясында мұздықтарды жүйелі бақылап отыру 1950-60 жылдары басталды. 1973 жылы бірнеше мұздықтарды жыл бойы бақылап отыратын, әлемде теңдесі жоқ толық бағдарлама қабылданды. Қазақстан аумағындағы оңтүстік-шығыс Қазақстанның Шым (Жетісудың Алатауы) және Орталық Тұйық су (Іле Алатауы, Солтүстік Тянь-Шань) тауларында қадағалау жүргізілді. Орталық Тұйық су мұздығын бақылау ұзақтығы 50 жылды құрайды. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің География институтының тұрақты бекеттер базасында Кіші Алматы өзенінің гляциологиялық белдеу бассейнінде 1958 жылдан бастап жыл сайын бақылау өткізіледі, ал 1973 жылдан бері Тұйық су мұздығы массасының теңгерім өлшемімен жыл бойы гляциалдық гидроклиматтық бақылау жүргізілді. Бұдан өзге де оңтүстік-шығыс Қазақстан таулары үшін аэрофототүсіру құжаттары бойынша, одан кейін 1990 жылы ғарыштық түсірілім бойынша 1955/56 жылдардан 2000 жылғы кезең аралығында (Жетісу және Іле-Күнгей мұздықтар жүйесіне арналған) мұздықтардың жай-күйі туралы каталогтар жасалды. Бұл мұзданудың еру қарқындылығы және өсуі туралы нақты ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Іле Алатауында жыл бойы әр түрлі ландшафтық-фициалды шарттарды қамтитын көп жылғы және маусымдық қату түріндегі геотермальдық бақылаулар жүргізетін тұрақты тармақталған желі жұмыс істейді. Сонымен қатар, әр түрлі ландшафтық жағдайдағы аласа таулы аймақпен тау алабы жазығында мерзімді бағдарлы геотермальдық бақылаулар жүргізіліп отырады. Мұздықтар және криогенез өзгерісі.XX ғасырдың екінші жартысында Жердің мұздары еру жағдайында екендігіне мұздықтардың мониторинг нәтижелері күмән келтірмеді. 1956 жылдан 1975 жылдар аралығында жалпы мұздықтар аудандары кеміп, Іле Алатау және Шелек өзені бассейнінің солтүстік баурайындағы 369 мұздықтың 31% мөлшеріне ұлғайды. Осы мұздықтардың жалпы өсу ауданы аталған кезеңде 15,7 км2 құрады. 1975 жылдан 1990 жылдар аралығында мұздықтардың үлесі зерттелген мұздықтардың жалпы санынан оң баланс массалары 2,4%-ға дейін кеміген. Осындай динамикалық көрсеткіш Орталық Тянь-Шань тауларында байқалды. Мұздықтардың еру қарқыны әр түрлі таулы жүйелерде әр алуан көрінді. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Тянь-Шаньнның солтүстік шалғайларында мұздық алаңдары барынша кему (жылына 0,80-0,83%-ға) қарқынымен ерекшеленді. Мұздықтардың аудандарында, әсіресе, континенттік құрғақ аймақтарда (Орталық Азия таулары, Аляска, Жартасты және Сарқырамалы таулар) кему қарқыны 1970-ші жылдың басында едәуір артқанымен, қазіргі кезде ауа-райының аномальды жоғары, орташа температураларымен және теңіз мұздарының қалыңдығы мен ауданының өзгеруімен байланысты жылына шамамен 0,2%-ды құрайтын Солтүстік жарты шардағы қар қабаты ауданының кемуі тіркелген. Әлем аймақтарындағы мұздықтардың көпшілігі сияқты, 1970 жылдың аяғында Орталық Тұйық су мұздығы азды-көпті тұрақты күйде болды. Одан кейін ол жылдам ери бастады. Мұндай өзгерістер Жетісу Алатауындағы Шум мұздығында және Орталық Азияның басқа да мұздықтарында байқалды. 1980-жылдардың ортасына қарай криогенез серпінісі айтарлықтай азайды, процесс тұрақтанды. Қазақстанның тауларында және Орталық Азияның кейбір елдерінде мұздықтардың еру қарқыны байқалды. Мысалы, соңғы жарты ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жылына шамамен 1% алаңға орташа қарқынмен 0,8% мұздықтардың қысқаруы байқалды. 1955-2004 жылдары аралығында Іле Алатауының солтүстік бөктерінде мұздықтар көлемі 117,26 км2 немесе 40,8% қысқарды. Климаттың өзгеру болжамын ескере отырып, болашақта аймақ мұздықтарының азаюын одан әрі күтуге болады. Сонымен, Іле Алатауының солтүстік бөктерінде мұздықтар XXI ғасырдың аяғына дейін, Жетісу Алатауы 40 жылдан кейін құрып кетуі мүмкін. 1974 жылғы Іле Алатау тауларындағы 33жылдық геотермиялық мониторинг материалдары бойынша көпжылдық қату жыныстарының температурасы бұл жерде -0,8 0С-қа төмендеді. 1995 жылы ол 0,6 0С-қа жоғарылады. Қазіргі уақытта минус 0,20С-ты ұстап тұр. Соңғы жылдары таудағы мұздықтардың еруіне байланысты криогенез зерттеулері өзекті болып отыр. Тұйықсу мұздығының температуралық режимі мен еріген лай ағысын зерттегенде, қазіргі уақытта көлемі 500 мың м3-тен асатын жер асты су айдындары бар екендігі анықталды. 1960 жылдардың ортасында Іле Алатауының солтүстік макробеткейлерінің әрқайсысының көлемі 10 мың м3 артық барлығы 10 көл саналған. 1980 жылы олардың саны - 41-ге дейін, ал 1990 жылы 60-қа дейін көбейді. Олардың ішіндегі ең ірілері жырып өткен жағдайда қиратуды, бұзуды туғызатын гляциальды селдердің пайда болуына әкеп соғады. Климат жылынған жағдайда мұндай гляциальдық селдердің ықтималдығын арттырады. Сондықтан, мұздық жүйені мониторингтеумен қатар, криогендік үрдісті де қадағалап отыру қажет. Мұндай жұмыстардың тек теориялық емес практикалық та маңызы бар. Ол қазіргі климаттың өзгеруі жағдайында су шаруашылығы проблемаларын шешуге және гляциалдық селдердің алдын алу іс-шараларын әзірлеуге үлесін қосады. Жоғары таулы аймақтардан бастау алатын гляциалдық және жаңбырлық селдер елді мекендер мен шығатын конуста орналасқан шаруашылық қызметіндегі нысандарға үлкен қауіп төндіреді. Осындай мүмкін болатын экологиялық апаттың алдын алуға болады, бірақ ол үшін ғылыми-зерттеулер жүргізу қажет.
Бақылау сұрақтары: 1.Гляциология нені зерттейді? 2. Қазақстандағы мұздықтар криогенезі қалай өзгеруде? 3. Мұздықтардың табиғаттағы және адам тіршілігіндегі маңызы қандай?
|