КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс №12. Ықпалдылық мониторинг. Радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормалау. Радиобелсенді заттардың жартылай ыдырау кезеңдері.Дәрістің мақсаты -ықпалдылық мониторинг. Радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормалау. Радиобелсенді заттардың жартылай ыдырау кезеңдері туралы материалдарды оқып үйрету. Негізгі сұрақтар: 1.Радиациялық жағдайға жалпы шолу. Радиациялық мониторинг. 2.Радиациялық рең. Радиацияның көздері. 3.Радиациялық қауіпсіздік нормалары 4.Қазақстанда радиациялық әсерлердің тәртіптелуі. Қазақстан радиоэкологиялық жағдайы өте қауіпті елдер қатарына жатады. Бұл атом өндірісі дамуына байланысты. Елімізде радиоактивті шикізатты барлау, өңдеу, байыту жұмыстары жүргізіледі, радиоактивті шикізат энергетикада, өндірісте, медицинада және басқа бағыттарда қолданады. Қазақстан территориясының әр бөлігінде уранды аймақ және көптеген ұсақ кен орындары мен уранды белгісі бар жоғары радиоактивті тау жыныстары кездеседі. Қазақстанда радиациялық жағдайдың радиоактивті ластануының бірнеше себептері бар: Семей полигонында ядролық қаруларды, Капустин Яр полигонында әскери қаруларды сынау, сондай-ақ халық шаруашылық мақсатында Республиканың басқа территорияларындағы ядролық жарылыстар уран және сирек кездесетін металдар өндіру нәтижесінде радиациялық жағдай туындауда. Қазақстан территориясының 13% радиациялық қауіпті жерлерге жатады. Оның ауданы 350 мың км2 Семей полигонынан 19 есе үлкен. Қазақстан территориясының 30%-ы радиациялық газ - радонмен ластануы мүмкін деген болжам бар. Бұл адам денсаулығына өте қауіпті. Өйткені қазақ жерінде әскери-полигон болмаған жер аз кездеседі. Атырау облысының Қаракөл-Шонай жеріндегі, Абыралы қойнауының жазық даласындағы Семей полигоны, Маңғыстау түбегіндегі полигон. 1946 жылдан 1989 жылға дейін Қазақстанның территориясында 642 термоядролық атом, сутек бомбалары сынаудан өткен. Радионуклидтермен ластанған суларды ауыз суға, тұрмыстық қажеттіліктерге қолдану зияндылығын ұғына отырып, радиациялық қалыпты жағдай жан-жақты терең зерттеулерді және мониторинг жүргізуді қажет етеді. Радиациялық мониторинг – қоршаған орта мен территориялардағы нысандардың техногендік және табиғи ластануын бақылау жүйесі. Радиациялық мониторинг (табиғи ортаның радиоактивті ластануын анықтау) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің «Қазгидромет» РГБ арқылы жүзеге асады. Қазақстанда 2015 жылға дейін ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда радиациялық мониторинг жүргізетін автономдық бекет орнатылады деп жоспарлануда. Бекеттер Шығыс Қазақстан, Балқаш өңірінде, Маңғыстау облысы мен Степоногскідегі ірі өнеркәсіп нысандарының айналасына орнатылады. Бір бекет құны - $350 мың. Қазақстан аумағында барлығы радиациялық мониторинг жүргізетін 10-15 автономдық бекет орнату көзделген. 2011 жылдың 11-наурызында Фукусимо АЭС-індегі (Жапония) жағдайға байланысты Қазақстанда қоршаған ортаның табиғи гамма-фонына мониторинг жүргізілуде. Мониторингті барлық облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары, олардың аудандық филиалдары жүзеге асырады. Мониторинг барысында табиғи гамма фонды күнделікті өлшеу, атмосфералық ауадан және жауатын жауын-шашыннан ай сайын сынама алу және сынамаларды радиоактивтілікке зерттеу, тамақ өнімдерін радиоактивтілікке зерттеу шаралары жүргізіледі. Жалпы республика бойынша 2011 жыл ішінде жауын-шашынның 280 сынамасы, атмосфералық ауаның 140 сынамасы радиоактивтілікке зерттелді, радиациялық ластану тіркелген жоқ. Жапониядағы атомдық электр стансасында болған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті аумақтық СЭС департаменттеріне қоршаған ортаның табиғи гамма-фоны жағдайының мониторингін күшейту туралы тапсырма берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2011 жылғы 16 наурыздағы деректері бойынша Жапонияның АЭС-нан радиацияның басқа елдердің аумағына жаһандық таралуы анықталмаған деген мәліметтер тіркелген. Радиоактивті элементтер табиғатта қоректік тізбек арқылы (өсімдіктерден жануарларға) адам ағзасына түсіп, жеке тіндерде жинақталады. Тірі ағза үшін ең қауіптілері 90Sr, 137Cs, Cs 131 изотоптары. 90Sr изотпы - химиялық табиғаты бойынша кальциге жақын болғандықтан сүйек тіндеріне оңай түсіп, жинақталады. 137Cs изотопы – калийдің орнын басып, бұлшық ет тіндерінде, ал Cs 131 изотопы қалқанша безінде жиналады.
|