Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Климаттық мониторинг.




Қазақстанның климаттық жүйесі. Қазақстан дүниежүзілік мұхиттардан қашықтықта жатқандықтан және территориясының аумағы үлкен болғандықтан климаты шұғыл континентті болып келеді, жауын-шашын аз түседі. Таулы аймақтарда жылына 500-ден 1600 мм-ға дейін жауын-шашын түседі. Далалы жерлерде – 200-500 мм, шөл далалы аудандарда – 100-200 мм. Қаңтар айында орташа ауа температурасы солтүстік аймақта-180С, оңтүстікте -30С; шілде айында орташа ауа температурасы солтүстік аймақта 190С, оңтүстікте +290С. Солтүстікте қыс суық, әрі ұзақ болады. Кейбір жылдары еліміздің солтүстік аудандарында аяз – 520С дейін барса, кейде керісінше –50С дейін жылып кетеді. Шілде айында ауа температурасы солтүстік аймақтарда 410С, оңтүстікте 470С (Қызылқұм шөлі) көрсетеді. Температураның тәуліктік ауытқуы 20-300С дейін барады.

Қазақстан территориясы 4 климаттық зонада жатыр: орманды дала, дала, шөлейтті және шөлді.

Орманды дала зонасы республиканың солтүстік жазығындағы ылғал мол түсетін аймақ. Ең қысқа мезгіл көктем – небары 1,5 айға, ал жазы 3 айға созылады. Қыс мезгілі қазан айынан бастап сәуірге дейін созылады. Орманды дала зонасы республиканың солтүстік аймағының біраз жерін алып жатыр. Ол аймақ негізінен желдің жылдамдығымен ерекшеленеді. Орманды зонамен салыстырғанда қыс мезгілі қысқа, ал жаз ұзаққа созылады. Көктем қысқа, күз қыркүйек айынан басталып, екі айға дейін созылады.

Қазақстанның орталық бөлігін шөлейтті зона алып жатыр. Ол ыстық жазы және суық қысымен ерекшеленеді.

Шөл зонасы Қазақстанның көп бөлігін алып жатыр. Климаты ыстық жазы, суық қысымен және ауаның құрғақтығымен ерекшеленеді.

Республика аймағының көп бөлігі боран соқтыратын қатты желмен сипатталады. Қар қараша айында көп түседі, сәуір айына дейін тау жолдары жабылады. Қазақстанның ауа-райы шаруашылыққа аса қолайлы емес, ол қауіпті қуаңшылық, қатқақ, шаң борандарымен жұтқа әкеп соқтыруы мүмкін.

Орталық Қазақстанда қар аз түседі, сондықтан бидайдың қар астында қыстауына климаттық жағдай қолайсыз. Жылдың бұл кезеңінде көлік қозғалысын ауырлататын және бұзатын қатты борандармен қоса қатты желдер және көктайғақ болады. Әсіресе елдің солтүстік аймақтарында жаздың соңы мен күздің басында ерте суықтың түсуі, ал оңтүстік аймақтарда көктемнің соңында суықтың түсуі шаруашылықта қолайсыздық туғызады, соның салдарынан қайта жеміс-жидек отырғызу мен бидай себуге тура келеді.

Қазақстанның қазіргі климатындағы өзгерістер. Қазақстанда 1936 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі аралықта 90-нан астам метеорологиялық бекеттер атмосфералық жауын-шашынның жиынтығы мен жердегі температураның орташа белгілері сызықтық үдерістері есептелген. Метеорологиялық сипаттамалардың негізгі белгілерінде ерекше өзгерістер байқалады. Жердегі ауаның тәуліктік температурасының белгілері негізінде және 1936 жылдан бастап 2005 жылдар аралығындағы тәуліктік жауын-шашынның саны «RCIimDex» бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымдарының климатология жөніндегі комиссиясының сарапшылары тобы ұсынған 27 негізгі климаттық индекстерінің есебі орындалды. Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанның климаты зерттеулер жүргізген мерзімдік уақыттарда айтарлықтай жылынған. Кейбір аудандарда әр жылдың барлық маусымында температураның жаппай көтерілуі байқалды. Әрбір 10 жылда ауаның орташа жылдық температурасы орташа 0,310С өскен. Республиканың орталық және солтүстік аймақтарынан басқа Қазақстан бойынша қыс айларында соңғы 10 жылда орташа 0,440С, батыста 0,60-0,650С жылыну байқалған. Жылдың өтпелі маусымында ауа температурасы 0,20С артқан. Ауаның орташа жылдық температурасы аумақтың үлкен бөлігінде 0,1-0,20С (48 метеорологиялық бекет деректері бойынша – 0,260С) өскен.

1936-2005 жылдар аралығында есептелген пайыздардың негізінде климаттың өзгеру индекстерінің сараптамасы мынаны көрсетті:

Көптеген метеорологиялық станциялардың (80%) деректері бойынша

экстремальды жылы түндер (85%) мен экстремальды жылы күндердің санының айтарлықтай ұлғайғанын көрсетті. 84% МС-те экстремальды суық түндер мен экстремальды суық күндердің саны айтарлықтай қысқарған.

Тәуліктік температура кемінде 00С-тан төмен болатын аязды күндердің саны айтарлықтай қысқарған.

Қазақстанның көптеген аудандарында жыл бойы жауын-шашынның жиыны Оралдың оңтүстік баурайында, Есіл өзенінің аңғарында, ұсақ шоқылы Қазақстандық аудандарда, Қазақстанның оңтүстігіндегі тауларында бірнеше рет артқан. Мойынқұм құмының және Зайсан өзенінің ауданында жылдық жауын-шашынның жиыны біршама азайғаны байқалады.

1936-2005 жылдар аралығына Қазақстан аумағындағы жауын-шашын режимінің өзгеруі мыналармен сипатталады:

o Қазақстанның жекеленген аудандарында (33% бекеттер) жылдық

жауын-шашын жиынына қатысты жауын-шашын болған күндер санына >1 мм/күн есептелген жауын-шашынның қарқындылығы айтарлықтай ұлғайды;

o Жауын-шашынның тәуліктік саны қыс мезгілінде барынша ұлғайды.

Мұндай елеулі ұлғаюлар Қазақстанның солтүстік ылғалды аймақтарында болды. Жаз айларында жауын-шашынның тәуліктік саны өзгерген жоқ;

o 26% бекеттерде жауын-шашынның жылдық жиынының үлесі

айтарлықтай ұлғайды, жауын-шашынның төтенше тәуліктік жиынына (1961-1990 жылдар аралығында жауын-шашынның 95пайыздан жоғарылауы) келетіндігі байқалды. Бұл Мұғаджар тауының аймағы, Сарыарқа, Тұран ойпатындағы шөл даланың оңтүстігі, Тянь-Шань таулы аймақтары. Каспий мен Арал аймақтарындағы жазықтар мен шөл далаларда жауын-шашынның тәуліктік жиынының төтенше үлесі 25-тен бастап 31%-ды құрайды. Дегенмен, осы аймақтар атмосфералық ылғалдың ең аз мөлшерін алады;

o Қазақстанның барлық аумағында қуаңшылық кезеңінің жалғасуы

барынша азайғандығы Қазақстанның солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ерекше байқалған.

1936-2005 жылдар аралығындағы ылғалдану шарттарының өзгеруі

ылғалдану коэффициентінің көмегімен (К) буланатын жауын-шашын санына қатысты бағаланды. Қорытындылар көрсеткендей, Қазақстан аумағының ылғалдану өзгерістерінің негізгі сипаттамасы Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтары, сондай-ақ, оларға жақын орналасқан аймақтар климатының құрғақшылығын күшейту болып табылады. Орал өңірі, Қазақстанның қиыр солтүстік аймақтары және Сарыарқа аймағын басқа да аумақтармен салыстыру бойынша жауын-шашын жиыны ұлғайғанда, климат тым ылғалды болады. Мұндай үрдіс республиканың оңтүстік таулы аймағында және оңтүстік-шығысында байқалды, бірақ бұл жерде ауаның температурасының жоғарылауы айтарлықтай рөл атқарады.

Ылғалдану коэффициенті K=

мұндағы:

Е –жыл бойғы жауын-шашынның орташа көп жылғы жиыны, мм.

R- жыл бойғы жауын-шашынның буланғыштығы, мм

 

Булану негізгі үш түрлі фактормен анықталады: ауаның ылғалдану тапшылығы, бетінің жылулық теңгерімі және турбуленттік ылғал ауысуының қарқындылығы. Егер де К мағынасы 1-ден жоғары немесе төмен болса, онда тиісінше ылғалдың артықтық немесе тапшылығы байқалады.

 

Ылғалдану зонасындағы жіктеулер

Ылғалдану коэффициенті Ылғалдану зонасы  
>0,05 Өте құрғақшылық
0,05-0,20 құрғақшылық
0,20-0,45 Жартылай құрғақшылық
0,45-0,70 Құрғақ әлсіз ылғалдану
0,70-1,00 Ылғалдың жетіспеушілігі
1,00-2,00 ылғалдылық
>2,00 Ылғалдың артықтығы
Ескерту: коэффициенттің мағынасы (К>0,05) бірінші дәйектіліміне жататын өңірлер, сондай-ақ, оларды климаттық шөлдер деп атайды.  

 

Климаттың өзгеруі туралы үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) қорытындысына сәйкес, байқалған барлық климаттық өзгерістер экожүйе мен қоғамға көп жақты әсері болады. Мысалы, ең төменгі температураның көтерілуі, аязды күндер санының төмендеуі басқа да ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтірудегі қауіптілікті төмендетуге және басқа да дақылдарға зиян келтірудегі қауіптіліктің жоғарылауына, кейбір зиянды жәндіктер мен ауру тасымалдағыштардың белсенділігінің және олардың таралуының күшеюіне алып келуі мүмкін.

Қазақстанда нөсерлі жаңбырдың құрғақшылық кезеңіне ауысқан кезінде жауын-шашынның уақытында біркелкі түспеуінін кері әсері болуы мүмкін. Бұл жер қыртысының эрозиясын күшейтуге әкеледі. Бұдан өзге де жаз кезінде мұндай жауын-шашын жер бетінің қажетті ылғалдануын тудырмайды, себебі нөсерлі жауын-шашын кезінде жер қыртысы ылғалды тез сіңіріп алуға қабілетті емес, тек қана бір бөлігінің үстіңгі қабатына ағады, ал температураның жоғарылауы ылғалдың тез булануына әкеп соғады. 2005-2007 жылдардағы қолайсыз агрометеорологиялық құбылыстарды және зиян шеккен фермерлік қожалықтардың талдауы көрсеткендей, Қазақстандағы негізгі қолайсыз құбылыстар атмосфералық (60% жағдайда) және жер қыртысының (20%) құрғақшылығы, нөсерлі жаңбыр мен бұршақ (14%) болып табылады.

Ғаламдық жылынудың басқа да экологиялық дағдарыспен үйлесуі және адамның іс-әрекеті экожүйенің тез жойылуына әкелуі мүмкін. Бұған әсіресе Қазақстанның көп бөлігін алып жатқан құрғақшылық өңірлер жатады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан аумағында таулы мұздықтардың еруі байқалды. Соңғы жарты ғасыр ішінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жылына шамамен 1% алаңға орташа қарқынмен 0,8% мұздықтардың қысқаруы байқалды. 1955-2004 жылдары аралығында Іле Алатауының солтүстік бөктерінде мұздықтар 117,26 км2, немесе 40,8% қысқарды. Климаттың өзгеруіне байланысты болашақта аймақ мұздықтарының еруін одан әрі күтуге болады. Сонымен, Іле Алатауының солтүстік бөктерінде мұздықтар XXI ғасырдың аяғына дейін, Жетісу Алатауында 40 жылдан кейін құрып кету қаупі бар.

Қазақстан территориясының ылғалдану жағдайы өзгеруінен байқағанымыздай, жауын-шашын 20-25%-ке артып ауа температурасы көтерілсе де экожүйеге, ауыл шаруашылығы мен су қорларына қолайлы әсер етпейді. Жердегі ауа температурасының өзгеруі мен жауын-шашын санының кешендік әсері солтүстіктегі ылғалдану зонасы шекарасын ығыстыруға алып келеді.

Климаттық мониторинг жүргізудегі кейбір ұстанымдары. Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметі өздерінің жүйелік бақылау Ұлттық бағдарламаларында климаттық мониторингтеудің үздік тәжірибелері қолданылады. 2007 жылдың басында 10 бекет іске қосылды. 23 автоматтандырылған бекеттер орнатылды. Өкінішке орай, Қазақстанның кең байтақ территориясы мен желілерді жетілдірудің бюджеттік қаржыландыру мүмкіндігіне байланыстылығы климаттық мониторингтеудің барлық принциптерін ұстануға мүмкіндік бере бермейді. Десек те, 1998 жылы Қазгидрометке КЛИКОМ бағдарламалық-аппарат кешені орнатылды. Осы кезден бастап климаттық мәліметтер алынады. Ол жедел және режимдік метеорологиялық ақпараттар базасын толтыру және тарихи қатарда климаттық базаны құру мүмкіндігін арттыратын CIiWare (СУБКД CiiWare) климаттық мәліметтерді басқару жүйесі. Климаттық мәліметтерді басқару жүйесі мониторинг жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Алайда, кейбір жағдайларға байланысты бағдарламалық-технологиялық СУБКД CiiWare кешенінің жұмыс істемеуі салдарынан ағымдағы және жедел ақпараттар базасын толтыру мен көп жылғы бақылаулар тізімін құру қиындық тудырады.

Метеорологиялық және атмосфералық бақылаулар. Қазіргі кезде 2756 мың км2 алаңды алып жатқан Қазақстанның жердегі метеорологиялық желісінде 251 бекет бар. Бұл желі 1966 жылдан бері Әлем бойынша үйлестірілген уақыттағы 8 синхронды мерзімде: 00; 03; 06; 09; 12; 15; 18 және 21 үнемі режимдік бақылаулар жүргізіп тұрады. Бұл негізгі метеорологиялық сипаттамаларға дәлме-дәл тәуліктік барысын бейнелеуге мүмкіндік береді (ауа температурасы және ылғалдылығы, желдің жылдамдығы, бағыты, атмосфералық қысым, топырақ температурасы, бұлттардың түрі, саны мен көрінуі, биіктігі). Сонымен қатар, қысқы уақыт белдеуінің 07 және 19 сағат мерзімінде жауын-шашын саны есептелінеді. Атмосфералық үдерістердің дамуы мен қарқындылығын бақылау үзіліссіз жүргізіледі. Метеорологиялық бақылау жүргізетін 251 бекеттердің ішінде 8 бекет атмосфераны бақылауға арналған, яғни аэрологиялық бекет (CUAN) болып табылады.

Қазақстан Республикасынан ЖБЖ «SYNOP» жинағын 65 бекеттер ақпарат береді: Әлем бойынша үйлестірілген негізгі 4уақытта: 00, 06, 12, 19 сағаттарда RA-2 аймақ – 62 бекет; RA-4 аймақ – 3 бекет. 65 бекеттің ішінде ай сайын «CLIMAT» жинағын 43 бекет, «CLIMAT TEMP» жинағын 8 аэрологиялық бекеттер береді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанның қазіргі климатындағы өзгерістер қалай жүруде?

2. Метеорологиялық және атмосфералық бақылаулар.

3. Климаттық мониторинг жүргізудегі кейбір ұстанымдары.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті Казахский Экономический университет им. Т. Рыскулова  

Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 1195; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты