Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Адам нәсілдері. Расизмнің негізсіздігі» тақырыбына творчествалык жұмыс.




Жер бетіндегі адамдар еуропоидтықтар, монголоидтықтар, негроидтықтар болып үш расаға бөлінеді. Бұл расалар бір-бірінен бет әлпеті, терісінің, көзінің, шашының түсі, шашының пішіні арқылы ажыратылады. Әрбір расаға жататын адамдардың шығу және орнығу тегі бар.

Еуропоитдты расаға Еуропаның, Оңтүстік Американың, Солтүстік Американың жергілікті тұрғындары жатады. Еуропоидтықтардың бет пішіні ұзындау, мұрны шығыңқы, шашы жұмсақ. Солтүстік еуропоидтықтардың терісінің түсі ақшыл, оңтүстіктегілердің терісі қоңырқай.

Монголоидтық расаға Орталық, Шығыс Азияның, Индонезияның, Сібірдің жергілікті тұрғындары жатады. Монголоидтықтардың бет пішіні жалпақ, дөңгелек жүзді, қиықкөзді, шашы қайратты, тік, теріснің түсі қоңырқай.

Негройдтық раса африкалық және австралиялық болып екі топқа бөлінеді. Терісінің түсі қара, шашы бұйра, көзі қара, мұрны кең және жалпақ.

Ертеректе негройдтықтарға терісінің түсінің қара болуы, шашының бұйра болуы, басының айналысындағы ауа қабатын түзіп, күн сәулесін сақтаған; ал монголоидтардың бет пішіні және мұрын қуыстарының кең болуы, өкпеге түсетін ауаның жылынуына ықпалын тигізген деп түсіндірді.

Ақыл, ой ерекшеліктері барлық расаларға жататын адамдарда бірдей болады. Мәдени деңгейінің әртүрлі болуы биологиялық ерекшеліктеріне емес, қоғамның әлеуметтік даму жағдайларына байланысты.

Алғаш кейбір ғалымдар адамдардың әлеуметтік даму деңгейін биологиялық ерекшеліктерімен шатастырып, адамды малмен байланыстыратын өтпелі формаларын іздеді. Бұл қателіктерді расистер пайдаланып, бір расаның сапасы кем, екінші бір расаға жататын халықтың артықшылығы бар деп алдыңғыларын аяусыз эксплуатация жасап, колониялы елдерге айналдырып тікелей қырып жіберді. Жерлерін тартып алу мақсатында соғыс өртін тұтандырды. Ақ расаны жоғарғы раса деп, немістің жер майысқан қалың қолы (1941-1945) Еуропаны жаулап алып, өздерін арийстерміз деп жариялап, пленге түскен халықты концлагерде қырып жіберді. Расизм – реакцияшылдық (керітартпалық) идеология, адамды адамның қанауын ақтауға бағытталған политика.

Расизмнің қанағаттандырлықсыздығын раса туралы ғылым саласы расоведение дәлелдеді. Расоведение адамдардың расалық ерекшеліктерін, шығу тегін, қалыптасуын, адам расаларының тарихын зерттейді. Бұл ғылым саласының жинақталған мәліметтері расаларды бөлек биологиялық түрлер деп есептеуге мүмкіндік бермейді. Расалардың араласуы әсіресе шекаралық ареалдарда жүреді, нәтижесінде аралық типтер шығып, расалардың арасындағы айырмашылық бәсеңдейді.

Түбі расалар сақталып қала ма? Расалардың қалыптасуының негізгі шарттарының бірі оқшаулану. Азия, Африка, Еуропада оқшаулану әлі сақталған. Ал қоныстанғанына көп болмаған Солтүстік және Оңтүстік Америкада үш раса топтары араласа бастаған. Көптеген елдердегі қоғамдық көзқасақ расалар арасындағы некені қолдамағанымен келешек расалардың аралауы жүріп, ерте ме, кеш пе саналы адам түрінің гибридті популяциясы түзіледі.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Кречвалуш В.В., Комендар В.И. Биологическая экология редких видов. Львов:

СВИТ , 1990.

2. Одум Ю. Экология в 2-х томах. М., мир, 1986.

3. Радкевич В.А. Экология. Минск, ВШ., 1997.

4. Бигон М.И. и др. Экология особи, популяции и сообщества. М., 1989.

5. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии. С-Пб., 1992.

6.Пономарева И.Н., Соломин В.П., Корнилова О.А. «Общая биология». М.: Мой учебник, 2005. – 462 (основная)

 

 

Тапсырма №11 (ЗС)

Бал саны – 5. Өткізу уақыты 11-шы апта

№11 «Биоценоз, биогеоценоз» тақырыбына байланысты жағдайлық есептер шығару.

  1. Ормандағы өсімдіктердің ярустық орналасуын схема түрінде көрсет. Егер жоғарғы ярустағы өсімдіктер кесілсе салдары қандай болады? Өз жауабыңды негізде.
  2. Құнарлы топырақта алдын-ала алаңқай дайында. Сол алаңқайға жаңбырдан соң назар аудар. Неліктен жер бетінде жауын құрттар көптеп шығады?Жауын құрттардың экологиялық маңызына сипаттама бер.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. 1. Кречвалуш В.В., Комендар В.И. Биологическая экология редких видов. Львов:
  2. СВИТ , 1990.
  3. 2. Одум Ю. Экология в 2-х томах. М., мир, 1986.
  4. 3. Радкевич В.А. Экология. Минск, ВШ., 1997.
  5. 4. Бигон М.И. и др. Экология особи, популяции и сообщества. М., 1989.
  6. 5. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии. С-Пб., 1992.
  7. 6.Пономарева И.Н., Соломин В.П., Корнилова О.А. «Общая биология». М.: Мой учебник, 2005. – 462 (основная)

Тапсырма №12 (ЗС)

Бал саны – 5. Өткізу уақыты – 12-ші апта

№12 «Биоценоздағы қарым-қатынастардың түрлері» тақырыбына байланысты жағдайлық есептер шығару.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 278; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты