КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Студенттердің білімін тексеру өлшемдеріПән модулі бойынша қорытынды баға алу үшін модуль бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау керек. Егерде модуль бірнеше пәндерден құралатын болса, онда модуль бойынша кредитті алу шарты жеке компонент бойынша берілген барлық талаптарды орындау. Егерде, модуль бір ғана пәннен құралған жағдайда, онда модуль бойынша қорытынды баға, аталған пән бойынша баға қорытынды бақылау болып табылады. Мұнымен қоса қорытынды баға алу үшін келесідей жұмыстар орындалу қажет, пәннің оқу бағдарламасына сәйкес (практикалық, лабораториялық, есептік-графикалық, курстық ). Егерде, модуль бірнеше компоненттерден құралған жағдайда, онда, емтихан негізгі компонент бойынша жүргізіледі, ал басқа да компоненттер бойынша қорытынды бақылау жұмыстары болып, реферат, эссе, ғылыми жұмыс немесе курстық жұмыс. Пән модульдерінің І және ІІ рейтинг қорытындылары қорытынды бақылау бағасын алуға рұқсатнама болып табылады. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда (50% аз болған жағдайда) модуль компоненттерінің бірі, яғни модуль кредиті есепке алынбайды. 1 кредит бойынша тест тапсырмаларының саны -100 сұрақ, 2 кредит бойынша тест тапсырмаларының саны -200 сұрақ, 3 кредит бойынша тест тапсырмаларының саны - 300 сұрақ және т.б; «Өте жақсы» деген баға (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) пән модулінде берілген тапсырмаларды уақытында және сауатты орындаса, сонымен қатар берілген тапсырма бойынша қосымша дерек немесе оқулық қарастырып, өз пікірі мен ойын қосымша айтып отырса, пән модулінің бағдарламасын толығымен меңгерсе, үй, бақылау, аралық бақылау тапсырмаларын уақытында орындаған жағдайда және ғылыми жұмысты жүйелі түрде орындаған уақытта қойылады. «Жақсы» деген баға (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) пән модулі бойынша бағдарлама материалдарын 75 % пайыздан төмен дәрежеде меңгермеген жағдайда сонымен қатар, тапсырмаларды орындау барысында дөрекі қателіктер жіберілмесе, өз уақытында бақылау жұмыстарын орындаса, үй тапсырмалары мен коллоквиум тапсырмаларын ескертусіз әрі ұқыпты орындаса, қосымша әдебиеттер мен ғылыми жұмыс жазып, белсенділік танытқан жағдайда қойылады. «Қанағаттанарлық» деген баға (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) егерде, студент пән бағдарламасының материалдарын орташа меңгерсе, үй тапсырмаларын орындаса, пән модулі бойынша берілген тапсырмаларды өз деңгейінде мұғалім көмегіне сүйеніп, бақылау жұмыстарын орындау барысында қйындық сезінген студенттерге 50% балл қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға (F; 0; 0-49%) егерде, студент берілген материалды игере алмаса, пән бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында дөрекі қателіктерге жол берілсе, қарастырылған пән бағдарламасының жартысынан көп бөлігін игере алмаса, сұрақтарға жауап беру барысында принципиалды қателіктер көрсетсе, ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмалары мен көрсетілген әдебиеттерді меңгере алмаса қойылады.
|