Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті.




Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстандағы қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын анықтауға мүмкіндік берді. Академик Ә.Марғұлан тауып зерттеген Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәірдің соңғы кезеңі болып табылады.

Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңін сипаттайтын ескерткіштер Орталық Қазақстан өңірінен көп табылды. Олар: Жезқазған ( Кресто, Петрохолм, Златоуст, Раймунд, Шақпақ т.б.) көне кен орындары; Жезқазған ( Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Саяқ 3, Суықбұлақ, Тағыбайбұлақ, Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1,2 және басқа мыс балқыту орталықтары; Бұғылы1,2, Атасу 1, Шортандыбұлақ, Ақкезең, Қарқаралы 1,2 сияқты аса ірі қоныс, мекендері; аумағы 60-80 га-ға жететін тоғандар, бөгеттер, тоспалар, арықтар мен каналдар т.б. гидротехникалық құрылыстар; үлкен қорымдар мен тайпа көсемдері жерленген зәулім кесенелер ( Беғазы, Бұғылы 2, 3, Ақсу-Аюлы 2, Сңғыру 1, Дәндібай, Айбас дарасы т.б.); бата жасап, табыну сияқты діни салттарды өткізу орындары – менгирлер тізбегі; қойтас, тұлпартас, түйетас және аютас т.б. үй жануарлары мен жыртқыш аң мүсіндері, тас бетіндегі таңбалы сүреттер ( Бұғылы, Қарасай, Қойшоқы, Сартабан, Қанаттас, Аққойтас, Байқоңыр, Теректі әулие т.б.)

Археологиялық зерттеу материалдары Беғазы-дәндібай мәдениеті қола дәуірірі алғашқы кезеңдерінің тікелей жалғасы екенін дәлелдейді. Олардан қола дәуірі кезеңдерінің өзара байланыстары мен жүйелі хронологиялық дамуы жақсы көрінеді. Демек, Беғазы-дәндібай мәдениеті кола дәуіріндегі мәдениеттерін қарапайым түрінен, күрделі, жетілген сатысына өткен заңды жалғасты деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл тайпалар ішінде нәсілдік өзгеріс болмаса да, тұрмысы мен мәдениетінде ерекше дамығандық аңғарылды. Олар, әсіресе, сәулет-құрылыс өнерінде, керамика жасау, металл өндеу кәсібі салаларында анық байқалады.

Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.

Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген.

Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған.

Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпалары отырықшы болған. Қоныстары өзен бойлары мен тау аңғарларына салынған. Жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі тұрғын үйлерде тұрған. Малшылық, теселі егіншілік, металлургия және ұсақ кәсіпшілігі басым, сан-салалары кәсіппен айналысқан. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы біртіндеп көшпелі малшылыққа өтуге қолайлы алғышарт жасаған.

Қола дәуірі қоныстары Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шіндерті, Түндік, Жарлы т.б. өзендері мен олардың салаларының бойына жиі салынған. Кейде өзендерден алыс, суы аз Солтүстік Балқашта, Бетпақдаланың солтүстігінде, Жеэқазған өңірінде де кездеседі. Бұл жерлерде суды құдықтардан, қолдан жасаған су қоймаларынан алған. Мұндай құрылыстар Жезқазған (Милықұдық, Айнакөл, Соркұдық) және Ұлытау қоныстарында ұшырасады.

Тұрғын үй құрылысы, рулық ұйым принципі мен ұжымдық шаруашылық негізіне сәйкес салынды. Патриархалдық бірнеше отбасы ошағы ортақ бір үйде тұрды. Шаруашылыққа арналған құрылыстар да тұрғын жаймен бірге тұрғызылды. Үй жанынан салынған тамбурларда немесе үй ішінде металл балқытып, оны өңдейтін және керамика жасау шеберханалары да болған.

Қола дәірінің соңына қарай үй жер бетіне тастан қаланып салынған (Атасу, Бұғылы 1, 2, Тағыбайбұлақ, Беғазы, Ортау). Жеке-жеке ошақтары бар көп бөлмелі тұрғын үйлер пайда болады ( Ақкезен, Бұғылы 1, 2, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбайболақ, Атасу, Суықбұлақ). Бұл үйлерді салғанда кесенелерді тұрғызу кезіндегі екі түрлі құрылыс әдістері қолданылған. Біріншісі – үйдің қабырғасын аса гранит тастар мен плиталарды жерге екі қатар етіп тігінен көміп тұрғызу. Бұл Беғазы-дәндібай мәдениетінің алғашқы кезеңіне тән еді. Екіншісі - әдейі іріктелген тақта тастардан көлденен қалау арқылы салу. Үй салудың екі әдісінде де қаланған қаптамамен екі арадағы қуыс тастардың ұсақ сынықтарымен толтырылған, лай құйылып, әбден тығыздалған. Төбе ішкі үй тіректеріне сай келетін жалпақ тастармен, пирамидалы-сатылы жақтау түріндегі бөренелермен жабылған. Үй салуда кеңінен қолданылған (Шортандыбұлақ, Суықбұлақ). Жезқазған қонысында қабырғалары саз балшықтан да тұрғызылған үйлердің қалдықтары сақталған.

Жезқазған қонысының тұрғындары үй мен қора-қопсы қалдықтары, бейіт құрылыстары мен көне рудниктер, мыс балқытатын пештер және басқа көптеген ескерткіштер қалдырды.

Мал өсіру, кен өндіру мен металл балқыту сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері қоғамдық өмірде ерлерді жетекше орынға шығарды. Материалдық байлық өндірісі мен қоғамдық саладағы ерлер беделінің басым болуы, патриархалдық – үлкендерге құрмет көрсету, тайпа көсемдерін пір тұту дәстүрін туғызады. Осының негізінде ата-бабаға табыну салты қалыптасты. Ру-тайпа көсемдеріне арнап ғажайып бейіт құрылыстары салынып, биік обалар тұғызылған.

Діни нанымның алғашқы түрі күн мен айға, жұлдыздарға табыну болған. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің зираттарында отқа сиыну белгілері сақталған. Күн мен ай, жұлдыз бейнелері Желтау, Батпақсу қоныстарынан, құрбандық шелған жердегі от орындары, мәйітті қояр алдындағы көр ішін отпен аластау белгілері Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 1, Айбас дарасы қоныстарынан табылған. Тас қабар ішінен күн мен оттың сұрапыл күшін бейнелейтін қызыл охра, ағаш көмірінің ұйіндісі жиі кездеседі (Балақұлболды, Беласар қоныстары). Осындай діни наным белгілері Бұғылы 1, 2, Шылым, Ортау, Балақұлболды қоныстарындағы арнайы табыну орындары мен Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 2, Айбас дарасындағы қорымдар ішінде сақталған. Ертедегі мегалиттік ескерткіштердің біріне менгирлер жатады. Мұндай тәңірге табыну орындары Орталық Қазақстанда жиі кездеседі. Ерте заманда менгирлердің жанында діни салт-жоралғылар өткізілген, ас беріліп, құрбандық шалынған және тәңірге табыну орны белгіленген. Менгирлер басында ертедегі малшылар көктемгі мал төлдетуге, күйек алуға т.б. арналған салттарын, егіншілер егін егу, астық жинау сияқты салт-жоралғыларын жасаған. Менгирлер тігінен көмілген биіктігі 2-6 м мөлшеріндегі төрт қырлы немесе жұмыр тас бағандар түрінде орнатылған. Олар жеке немесе тізбектеліп тұрғызылған.

Тас өндеу кәсібі негізінен неолиттен бастау алады. Адам қоладәуіріне тас өндеу ісіндегі мыңдаған жылдық тәжірибемен келді. Оның үстіне металл құралдардың пайда болуы көне шеберлердің тасты аса жоғары шеберлікпен өңдеуіне жағдай туғызды. Осының нәтижесінде менгирлер, жетілген тас құралдар және тастан тұрпайы қашалған адам мен жануарлар мүсіндері пайда болды.

Орталық Қазақстан тайпаларының басты кәсібінің бірі металл өндеу болғанын мұнан табылған қола заттар айқын аңғартады. Олар: құрал-сайман, қару-жарақ, әшекей бұйымдары. Қола қайла, сүймен, шот, балта сияқты құрал-саймандар, көне металлургтер қоныстарын (Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1, 2, Степняк, Бестөбе т.б.) қазғанда табылды. Қоладан жасалынған жебе ұштары мен сүңгі де ұшырасып отырады. Бұл заттар тұрмыстық қажеттілігімен қатар өнер туындысы ретінде де құнды. Оларды жасаушы ұсталар заттың әсем болуына да назар аударған.

Әшекей бұйымдарын жасауда металл өңдеу өнері жоғары дәрежеге жетті. Әшекей бұйымдар сыртқы пішінінің әдемілігі мен өңдеуінің тиянақтылығы, мүсіндік бейнелілігімен ерекшеленеді. Әдеттегі пуансон, бұдырлау, гофрировка т.б. тәсілдермен көптеген әшекей бұйымдар түрлері дайындалған. Көне зергерлер қола моншақтар мен екі басын құрама бұршақпен әшекейлеген білезіктерді асқан шеберлікпен жасаған. Беғазы-дәндібай мәдениеті кезінде төрт жапырақты розетка түріндегі жапсырма әшекейлер пайда болды. Төрт жапырақты розеткалардың әр қилы түрлері ертедегі көшпелілердің өрнектері мен металл бұйымдарын әшекейлеу ісінде кең тараған. Кейіннен төрт жапырақты композиция қыпшақтардың, онан соң қазақтар мен қырғыздардың өрнектеу өнерінің басты белгісіне айналды.

Зергерлік өнердің қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар – білезік ( Айбас дарасы қонысы ) , сырға және иіп жасаған алқа (Жыланды қонысы). Алтын мен қоладан жасалынған құралдардың , әшекей бұйымдардың көп табылуы Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын өндірудің қарқынды түрде дамығанын көрсетеді. Осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған. Орталық Қазақстанның қола дәуірінің жарқын ескерткіштерінің бірі – керамика. Жазба деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін бірден-бір дерек көзі болып саналады. Сәулет құрылыстары сияқты қола дәуірі әр кезеңінің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу тәсілімен ерекшеленеді. Керамикалық ыдыстар екі түрлі тәсілмен жасалған. Түбі жалпақ ыдыстарды, алдымен түбін жасап, одан жоғары қарай таспа тәрізді саз балшықпен дөңгелете көтерген. Шар және жұқа ыдыстарды ішінен ойып, қабырғасын сығымдап, қысып шығарған. Керамиканы құм толтырылған кенеп дорбамен қалыптау – Орталық Қазақстан тұрғындарына ғана тән шеберлік. Керамикалық ыдыстар пайдаланылуына қарай ас ішетін және тамақ дайындайтын болып екіге бөлінген. Ас дайындайтын ыдыстардың қабырғасы қалың, дөрекі жасалынған, ұқыпсыз өрнектелген немесе әшекейленбеген. Қабырғасы жұқа ас ішетін ыдыстар сан түрлі – тостаған, кесе, құмыра т.б. Беғазы-дәндібай кезіндегі қоныстар мен зираттардағы керамиканың түрі мен өрнектері негізінен бірдей. Құмыралар тік мойынды , шар тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді және бедерлі өрнектелген болып келеді. Бұл белгілер Орталық Қазақстан қола дәуірінің ортаңғы және соңғы кезең керамикаларында басым кездеседі. Олар өзіндік қайталанбас белгілерімен үздік өнер туындылары саналады.

Қорыта келе, Беғазы-дәндібай мәдениетінің Оңтүстік Сібірдегі Карасук мәдениетінен бөлек, өзінше дербес дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы-дәндібайдың материалдық мәдениеті туралы аса ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Карасук мәдениетіне тигізетін зор ықпалын айқын аңғартады.

Қазақстан тарихының көптеген жүз мың жылдыққа созылған алғашқы кезеңінің қысқаша мазмұны осындай. Алғашқыда жартылай адам, жартылай аң тастан ең қарапайым құралдар жасайтын. Ал соңында біз тәрізді адамдар, аң аулау, мал өсіруді, егін егуді, үй салуды, әр түрлі бұйымдар жасауды, қоладан құралдар жасауды меңгерген.

Адамның хайуандық жағдайдан алғашқы мемлекеттер құрылуына алғышарттар туындауына және қазақстан аумағында өркениет белгілері пайда болған уақытқа дейінгі адамның қол жеткізген жетістіктерін шексіз атай беруге болады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: патриархат, тебіндеп жайылу, құз обалар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 392; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты