КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Монғол шапқыншылығының салдары.Жалпы алғанда, әрине, Шыңғысхан шапқыншылығы орта ғасыр дәуіріндегі ғажайып оқиға еді. 1229-1230 жылдары Қазақстанның батысында қыпшақтар көтеріліске шықты. Ол 1237 жылы Поволжье, Орал қыпшақтарын өжет қолбасшы Бачман бастаған кезде күшейе түсті. Бірақ көтеріліс күшпен басылды. Моңғол басқыншылығы Қазақстанның этно - саяси дамуына елеулі өзгерістер әкелді. Ол туралы Рим папасының елшісі Плано Карпини дәлелдер келтіреді. Моңғол жаулап алушылығы адамдарды жоюмен, оларды құлға айналдырумен материалдық мәдени құндылықтарды жоюмен жалғасты. Қазақстанды мекендеген көптеген халықтар өкілдері моңғол шапқыншылығынан Үндия, Венгрия, Балқан, Египет, Қытайда жан сауғалады. Барлық қасіреттігіне қарамастан моңғол дәуірі біркелкі болған жоқ. Бұл Шыңғысқан империясына және оны жалғастырушыларға да байланысты. Сондықтан моңғол жаулап алушылығына жағымсыз қорытынды жасау қате пікір. Қанды жаугершілікпен құрылған бұл мемлекеттер өз заманында өркениеттілік роль атқарған. Империя құру дегеніміз – адамзаттың интеграцияға ұмтылысы. Материалдық құндылықтар, саяси және экономикалық бірлесуге жағдай жасады, ол Моңғолия империясы құрамындағы аудандардың экономикасының көтерілуіне әкелді. Бұл тарихи оқиғалар Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Дунай мен Ертіс аралығындағы қыпшақ тайпаларын біріктіре отырып ол бірінші орталықтырылған көне қазақ мемлекетіне айналып, Ақ Орда атауын алды. Моңғол шапқыншылығы түркі халықтарын Қазақстан даласынан және Шығыс Еуропадан басқа елдерге шашыратып жіберді. Көптеген қыпшақтар моңғол тұтқындығына түсіп, құлдыққа сатылды. Әсіресе, олар Египет пен Үндияға көптен кетті. Қыпшақ жігіттері жалпы түркілер әскери мамандар ретінде жоғары бағаланды, сондықтан мұсылман елдерінің билеушілері жеке гвардиялары үшін қажет болды. Таяу және Орта Шығыстың мұсылман елдерінде ІХ-Х ғасырлрды түркілер билікті қатаң бақылап отырған, ұлы державалар Бағдат халифаты, газневидтер мемлекеті Үндия аумағындағы, Иран мен ауғаныстанның бекзат гвардияларының негізі түркілерден құралған. 1250 жылы Қыпшақ мамлюктері үкіметті басып алып, Египетті билеуді өз қолына алды. Олар Египет шекарасына моңғолдарды жібермей ұрған және Қаирдың Бағдад пен Дамаск керін кимеуге бөгет жасады. XIV – XV ғасырлардағы Қазақстанның саяси картасы: Алтын Орда. Көк–Орда. Ақ-Орда. Моғолстан мемлекеттері.Темір мемлекеті. Әбілхайыр хандығы немесе «көшпелі өзбек мемлекеті». Ноғай Ордасы. Сібір хандығы. 1276-1242 ж Бату Алтын орданы негіздеді Сарай Бату астанасымен (Астрахань, кейіннен Берке – бұрынғы Волгоград). Алғашқыда Алтын Орда 1260 жылдан ұлы Моңғол империясы құрамына кірді. Алтын Орда хандары алғашқы онжылдықта Монғолиядағы Қарақорымдегі бағынатын болып саналды. Орда хандары Монғолиядан Жошы ұлысында билік етуге жапсырма алатын болды. Бірақ 1266 жылдан бастап Алтын Орда ханы Менгу – Темір алғаш рет тиындарға монғол тақсырының есімінің орнына өз есімін шекуге бұйрық берді. Осы мезеттен бастап Алтын Орданың өзін өзі билеуі басталады. Бұл мемлекеттің батыс бөлігінің билік басында Шыңғысханның немересі Бату тұрды, ал шығысын олардан тәуелді орда мұрагерлері басқарды. Әеулде Қазақстан далалары Батудың ағайындары арасында бөлініп, енші иеліктеріне айналды. ХIV ғасырда Алтын Орда 4 үлкен ұлысқа бөлінді, оларды басқарушы ұлысбектер басқарды, әрқайсысында әскер және барлық басқару мәселелерімен айналысу құқы болды. Орданың әскерімен әскери қолбасшы – беклярбек басшылық етті. Кейде олар күшейіп, өздері хан сайлаған, мысалы Ноғай, Мамай, Едіге. Мемлекеттіктің күшеюіне қарай басқару аппараты 30 есе өсті, оның басқарушылары моңғолдар жаулаған Хорезм мемлекетінің әкімшілігін үлгіге алды. Ханның қасында уәзір пайда болды және ол басқаратын мемлекеттік кеңес пайда болды. Мемлекеттік кеңес қаржы, сауда, алым-салық мәселелеріне өкімдік етті. Сыртқы саясатты хан өзі жүргізді және жақын кеңесшілері, беклярбек. Алтын орда Орта Азия мен шығыс Еуропадағы көп уақытқа дейін ең күшті мемлекет болды. Қазақстан кеңістігінен басқа оның иелігінде Русь, Хорезм, Қырым, Солтүстік Кавказ, Батыс Сібір болды. Алтын Ордамен Еуропа корольдері, Рим папалары, Византия императорлары, түрік сұлтандары достық қарым қатынас сақтауға тырысты. Алтын Орданың ең басты сыртқы жауы – монғолдардың мемлекеті, Ирандағы хулагуидтер, Орта Азиядағы шағатаидтер мемлекеті болды. Алтын Орда түріктендіруге ұшырады, негізгі халқы қыпшақ – половецтер, Египеттің мамлюк сұлтандарын қолдауға уәде берді. Алтын Орда кезеңмен Польша, Литва, Балканға шабуыл жасап тұрды. Ондағы мақсаты жаулап алу емес, тонау еді. Күшті орталық билік, үлкен әзір әскер, сауда керуендер жолын тиімді пайдалану, жоғары төлемді алым-салық бағынышты халықтардан, осының бәрі империя қуатын қалыптастырды. Ол күннен күнге күшейіп, нығайтып ХІV ғасырдың бірінші жартысында өз қуаттылығының шыңына жетті. Алтын Орданың мемлекеттігінің және мәдениетінің гүлденуі Өзбек хан (1312-1342) және оның ұлы Жәнібек ханның (1342-1357) есімдерімен тығыз байланысты. Алтын Орданың күшеюіне оның исламға бет бұруы әсерін тигізді. Шыңғысқанның өзі әр дәни наным өкілдеріне құрметпен қарауды өсиет еткен. Оның ұрпақтары осы өсиетті орындауға тырысты. Ордалықтар пұтқа табынушы – шамандар болды. Бірақ ХІV ғасырдың басында үлкен мемлекеттің өмірін ескі өлшеммен мүмкін болмады. Бұл сауатты, көзі ашық, экономика мен қаржыны білетін адамдарды тартуға әкелді. Бұған ең қолайлысы Орта Азия, Шығыс Түркістаннан шыққан немесе Қазақстанның оңтүстік отырықшы аудандарынан шыққан мұсылмандар, шешуліктер болды. Оның үстіне Алтын Ордадағы сауда мұсылмандардың қолында болды. Египетпен, Иранмен белсенді араласу араб, фарсы тілдерін білетін адамдарды көбірек тартуды талап етті. Одан басқа мемлекетке жалпы дін халықты біріктіруге әкелетін еді. 1313 жылы Өзбек хан ислам дінін үстемдік діні деп жариялады. Өзбек хан дәуірі мәдениеттің гүлденуімен және қала құрылысының дамуымен аталады. ХІV ғасырдың ортасында Алтын ордада 100-ге тарта қала болды. Астанасы Сарай (С-Бату), ж Сарай (С-Берке) хандар жерленген. Өзбек хан және Жәнібек хан кезеңінде Алтын Орданың гүлдену кезеңі болды. Алтын Орда көп нәрсені Шығыс мұсылмандарынан үйренді: қолөнер, архитектура, монша, ою-өрнек, ыдыс-аяқ құю, фарсы өлеңдері, араб геометриясы, астролябия, таңдау талғаулары қарапайым көшпенділерден неғұрлым әккі болды. Алтын Орданың гүлденуі Жәнібек хан өлімімен кейін құлдырай бастады. Сарай тағына таласқан билеушілер арасында кикілжің туды. Тақ қолдан қолға өте берді. Шеттегі иеліктер мемлекеттен бөліне бастады. XIV ғасырдың саңында 15 жылға таяу уақытқа олардың басын Тоқтамыс хан қосты. Мамайды орыс княздығының коалициясынан Куликов даласында талқандалған соң оның беделі өсті 1381 жылы Куликов шайқасынан бір жылдан соң Тоқтамыс Мәскеуді талқандады. Алтын Орда үшін тиімсіз болған уақиғалар осы есіммен байланысты. Самарқанд билеушісі, әлемдік империяның негізін қалаушы кіші Азия мен Қытай шекарасына дейінгі, Темірдің үш жорығы Жошы ұлысын талқандады. Көптеген қалалар талқандалып керуен жолдары оңтүстікке, Темір иелігіне ауысты. Осындай Алтын Орда тұралап қалды. Сөйтіп ХV ғасырдың І-ші жартысында жеке мемлекеттерге ыдырады. Оның ішінде түркі мемлекеттері және Русь мемлекеті бар Қазақстан аумағында Алтын Орданың ыдырауынан кейін алдымен Көк Орда, Ақ Орда құрылды, кейіннен Өзбек ұлысы – Қазақ мемлекетінің негізделген мемлекеті болды.
|