Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәрілерді қажетті орнына жеткізу




 

Патологиялық ошаққа, ауру ағзаға дәріні нақты жеткізу үшін қолданады:

- бейорганикалық нанобөлшектерді (мысалы, алтын, силикатты, магнитті);

- полимерлі нанобөлшектерді (мысалы, полисахаридтер, полилактидтер, полиакрилаттар негізінде) және полимерлі мицеллаларды;

- липосомдарды.

Нанобөлшектерді тасымалдаушы ретінде қолдану жетістіктері келесіде:

- егер «ерітінді емес» препараттарды нанобөлшектер жеткізген жағдайда олар «ерітінтілетінге» ауысады;

- нақты жеткізу орнына тасымалдау уақытта дәрілерді деструкциядан қорғайды;

- нысана-ағзада нанобөлшектер активті немесе пассивті тұрғыда жинақталуы мүмкін және дозасы және уақыты бақылануымен тасымалдаған дәрілерді бөліп отырады;

- нанобөлшектерді диагностикалық мақсатта контрастты индикатор ретінде қолдануға мүмкін.

Сонымен дәрілерді нанотасымалдаушыға жинақтауы басқа тіндер мен клеткаларға әсерін минимумға жеткізу арқылы олардың нақты орнына жеткізіп аз дозада биосіңірілуін жоғарлатады, дәрінің жылдам бұзылуынан, инактивациясынан қорғайды.

Организмде нысана-клеткасына дәрілерді тасымалдауына арнайы тасымалдаушылар керек. Тасымалдаушы ролін қанның нәруыздары мен плазманың липопротеиндері атқарады. Табиғи тасымалдаушылардың аса жақын аналогтары фосфолипидтер молекулалары – липосомалардан құралған нанобөлшектер болады. Организмде олар жеңіл ыдырайды және улы емес, сондықтан оларды қолдану тиімді. Липосомалар суда ерімейтін заттарды «ерітіп» жібереді және оларды нақты орнына – зақымдалған ағзаға, тінге немесе нақты клеткаға жеткізу қабілеті бар. Липосомаларды қолданғанда дәрілердің әсер ететін концентрациясын төмендетеді, яғни олардың кері әсерінде бәсендетеді. Липосомаға оралғандәрілер аса тиімді және қауіпсіз. Дәрілік заттарды қажетті орнына жеткізу үшін тағы басқа везикулалы наножүйелер – мицеллалар, фуллерендер мен дендримерлерді қолданады, себебі олардың инкапсулалық қабілеті жоғары (кесте 7.). Көлемі 5-50 микрон, табиғи немесе жасанды фосфолипидтерден дайындалған тұрақтандырылған мицеллалар нысана-клеткаларына дәрілерді жеткізуге қолданады, суда жақсы ериді және гисто-гематологиялық тосқауыл арқылы жеңіл өте алады. Әртүрлі органикалық антимикробты және ісікке қарсы дәрілерге фуллерендер наноконтейнер болады. Мысалы, фуллерен С60 (конструкциясында 60 өзара қарым-қатынасты көміртек атомдары) жануарларға эксперименттік зерттеулерді вирустық инфекциялар мен онкологиялық аурулар емдеуінде нәтижелі қорытындылар көрсетті. Дендримерлер (грекше dendron - ағаш) – полимерлі қосылыстар класына жатады. Дендример молекулаларының тармақтары, каналдары және саңылауларының саны көп, пішіндерін және көлемін қайтара жақсы өндей алады; жоғары таңдамалы инкапсуляция жасау қабілеті бар, сондықтан оларға дәрілік заттарды коньюгациялау арқылы патологиялық ошақтың нақты орнына, соның ішінде өспелер клеткаларына жеткізеді. Дендримерлерді тағы гендік терапияда гендік материалды тасымалдау мақсатта қолданады (сур.27).

Нанобөлшектермен дәрілік заттарды нақты орнына жеткізу үшін нақты тіндердің клеткалар рецепторларымен арнайы сезінетін лигандалар (мини-антиденелер, трансферрин, фолаттар және т.б.) олардың бетіне орнығады; клетка ішіне енуін қамтамасыз ету үшін нанобөлшектерге біткейлік пенетрациялық нәруыздарды жабыстырады; нанобөлшектерден дәрілерді шығару үшін олардың рН, температурасын және т.б. өзгертеді.

гендер

Сурет 27. Дендримерлер гендерді тасымалдаушы ретінде (httr \\ www.sciam.ru\2009\2\nano.shtml)

 

Кесте 7. Дәрілерді нақты орнына жеткізуде түрлі наноқұрылымдардың потенциалы

 

Наножүйе Ісікке қарсы Антибиотиктер Проте-индер Гендік инже-нерия ЖИТС емдеу Вакциналар Радиотерапия Иммундысупрессия
Липосомалар + +   + + +    
Полимерлі на-нобөлшектер + + + + + +    
Қатты липидті нанобөлшектер + + + +   +   +
Полимерлер мен активті за-ттар конъюгат-тары +     +        
Полимерлі-протеинді қосылыстар     +          
Дендримерлер + +   + +      
Фуллерендер +       +      
Кальций фосфаты нано-бөлшектері +       +   +  
Алтын нано-бөлшектері +   +          
Магнитті нано-бөлшектер +     +        
Силикатты на-нобөлшектер +     +        

 

Ескерту. (көзі - Nanotechnologie II, 2005).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 226; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты