![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Токтар күштерін және кернеулерді өлшеуДәрістің мазмұны: токтар және кернеулерді өлшеу кұралдарын таңдау факторлары; токтар және кернеулерді өлшеу қателіктері; токтар және кернеулерді өлшеу диапазондары.
Дәрістің мақсаты: тұрақты және айнымалы токтар және кернеулерді өлшеудің негізгі әдістерін оқу, ток күштерін және кернеулерді әртүрлі диапазондарда өлшеу қателіктерінің көздері. Өлшеуге жататын токтар және кернеулер ең көп таралған электрлік шамалар болып табылады. Осыған сәйкес өндірісте шығарылатын токтар және кернеулерді өлшеу кұралдардың номенклатурасы өте кең. Өлшеу құралдарды таңдау келесі факторлар жиынтығымен анықталады: өлшенетін шаманың талап етілетін өлшемімен, ток түрімен (тұақты немесе айнымалы), жиілігімен, керекті өлшеу дәлдігімен, эксперимент жүргізу шарттарымен (зертханалық, өндірістік, далалық және т.б), сыртқы әсер ету шарттарымен (температура, магниттік өріс, діріл) жәнә басқалар. Кернеулер мәндері әдеттегідей тура өлшеулер арқылы анықталады, токтарды – тура өлшеулерден басқа, жанама өлшеулер жиі қолданылады - өлшенетін ток Токтар және кернеулер өлшеуі әрқашан қателігімен еріп жүреді – оған себеп болатын қолданылатын өлшеу құралдың кедергісі. Зерттелетін тізбекке өлшеу құралдың қосылуы сол тізбектің режимын бұрмалайды. Мысалы, 7.1 суретте көрсетілген тізбекке
7.1 сурет – Токты амперметрмен 7.2 сурет – Кернеуді вольтметрмен өлшеу сұлбасы өлшеу сұлбасы
қосылғанша сұлбада болған
Вольтметр кедергісі неғұрлым кіші болса, соғұрлым қателік Өлшеу құралдар кедергісінің жанама көрсеткіші болып қуат табылады – ол өлшеу жасалынатын тізбектен құралмен тұтынылады. RA кедергісі бар амперметрден I тоғы ағатын болса, онда амперметрмен тұтынылатын қуат Қіші токтар және кернеулерді өлшегенде бұл қыиыншылықтарға себепші болатын – өлшеу тізбегіндегі термо-ЭҚК, өлшеу тізбегіндегі сыртқы кернеу көздерімен резистивтік және сыйымдылық байланыстар, сыртқы магниттік өрістің әсерінінен, өлшеу тізбегіндегі элементтердің шулары және басқа себептер. Өлшеу құралдың температуралық өрісі әркелкі болу себебінен әртүрлі металлдардың жалғану жерлерінде термо-ЭҚК пайда болады (өткізгіштерді дәнекерлеу және пісіру жерлерінде, қосқыштардың жылжымалы және жылжымайтын контакттарының жанасу жерлерінде және т.б.). Айтылған факторлар әсерін толық жою қолдан келмейді. Сондықтан кіші токтар және кернеулерді өлшеу үлкен қателікпен жасалынады. Үлкен токтар және кернеулерді өлшеудің өз ерекшеліктері және қыиыншылықтары болады. Мысалы, шунттарды пайдаланып үлкен тұрақты токтарды өлшегенде шунттарда үлкен қуат таралады – соның себебінен шунттар едәуір қызады және қосымша қателіктер пайда болады. Таралатын қуатты азайту және қызуды жою үшін шунттардың габариттерін үлкейту керек немесе жасанды салқындату үшін арнайы қосымша шараларды қолдану қажет. Нәтижеде шунттар күрделі және қымбат болып шығады. Үлкен токтарды өлшеген кезде ток ағатын контактты жалғасулар сапасына қарау өте маңызды. Контактты жалғасудың сапасы нашар болса, ол тізбек режимін және, сондықтан, өлшеу нәтижесін бұрмалау ғана емес, тағыда контактты кедергіде таралатын қуат өте үлкен болғанынан контакттің күюіне әкелуі мүмкін. Үлкен токтарды өлшеген кезде ағатын токтан шиналардың төңірегіндегі күшті магниттік өріс өлшеу құралына әсер етеді, сондықтан қосымша қателік пайда болуы мүмкін. Үлкен кернеулерді өлшегенде қызмет ететін персоналдың қаупсіздігін қамтасыз ету, тағыда изоляциядан ағатын токтан қателікті азайту үшін өлшеу құралда қолданылатын изоляциялық материалдардың сапасына қойылатын талаптарды көтеру қажет. Мысалы, егер өлшеу шектерін кеңейту үшін кернеу бөлгіш қолданылса, онда өлшенетін кернеу өскен сайын бөлгіш кедергісін көбейту керек. Үлкен кернеулерді өлшегенде бөлгіш кедергісі изоляция кедергісімен теңесуі мүмкін, бұл кернеуді бөлу қателігіне әкеледі, сондықтан, өлшеу қателігіне. Сөйтіп, үлкен токтар және кернеулерді өлшегенде, әдеттегі қателіктерден басқа, осы өлшеулердің өзгешелігімен шартталатын қателіктер пайда болады. Өлшенетін шама өлшеміне тәуелді өлшеу қателіктердің мінездемелік өзгеруі 7.3 суретте сапалық көрсетілген (көріну үшін осьтер бойынша айнымалы масштаб қолданылады). Суретте өнеркәсіп шығаратын жұмыстық тұрақты ток өлшеу құралдары. Айнымалы токтар және кернеулерді өлшегенде өлшенетін шама жиілігі өте маңызды болып табылады. Өлшенетін токтар және кернеулердің жиілік диапазоны өте кең: герц бөліктерінен (инфратөмен жиіліктер) мегагерц жүздеріне дейін және одан жоғары.
7.3 сурет – Өлшенетін шама 7.4 сурет – Жиілікке тәуелді айны- өлшеміне тәуелді тұрақты ток малы ток өлшеу қателігінің өзгеруі өлшеу қателігінің өзгеруі
Айнымалы токтар және кернеулерді өлшеу құралдарына жиілік қателік тән, оған себепші болатын жиілік өзгеруіне байланысты өлшеу құралдың индуктивтік және сыйымдылық элементтер кедергілерінің өзгеруі, ферромагниттік материалдардың кайта магниттеуіне шығындар, өлшеу құралдардың металдық бөлшектеріндегі құйын тәрізді токтарға шығындар, зиянды индуктивтіктер және сыйымдылықтар әсері (жоғарғы жиіліктерде). Осы себептер барлық белгіленген жиілік диапазонында бірдей дөлдік алуға мүмкіндік бермейді. Айнымалы токтар және кернеулер өлшеу құралдарының құжатында міндетті түрде жиілік облысы көрсетіледі, мұнда осы құралдың өлшеу дәлдігі анық кепіл болады. Токтар және кернеулер өлшеу құралдары үшін жиілік өсуіне байланысты өлшеу қателігінің өсуі жалпы заңдылық болып табылады, оны жоғарыда көрсетілген себептерімен түсіндіруге болады. 7.4 суретте жиілікке тәуелді өлшеу қателіктердің мінездемелік өзгеруі сапалық көрсетілген (көріну үшін осьтер бойынша айнымалы масштаб қолданылады). Суретте өнеркәсіп шығаратын жұмыстық айнымалы токтарды өлшеу құралдары (миллиампер ондықтары). Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [4,6,8,9,12,13] әдебиеттен алуға болады.
|