Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс. Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер




Дәрістің мазмұны: ӨЖөлшеу құралдарының негізгі түрлері; өлшеу құралдарының эталондары, өлшеудің үлгісі, жұмыс құралы және олардың классификациясы, өлшеу қондырғыларының статистикалық мінездемелері.

 

Дәрістің мақсаты: өлшеу құралдарының әртүрлі түрлерін ажыратуды және олардың классификациясын меңгеру, ӨЖ-нің статистикалық мінездемесі; түрлендіру функциясы, өлшеулер диапазоны, сезімділік, сезімділік табалдырығы.

 

Өлшеу құралдары (ӨҚ) – өлшеуде қолданылатын және нормаланған өлшеу сипаттамалары бар техникалық құралдар.

Метрологиялық сипаттамалар (МС) - өлшеу нәтижелеріне және қателіктеріне әсер ететін ӨҚ қасиеттерінің сипаттамалары.

Өлшеу құралдарының классификациясы Г қосымшасында көрсетілген.

Өлшем - берілген мөлшердегі физикалық шамаларды есептеу үшін

арналған ӨҚ. Мысалы, гир – масса өлшемі: резистор – кедергі өлшемі; сызғыш – ұзындық өлшемі.

Өлшеу құрылғылары - дербес немесе өлшеу қондырғыларында және жүйелерінде қолданылады. Өлшеу құрылғылары ақпаратты ұсыну формаларына байланысты өлшеу аспаптары және өлшеу түрлендіргіштері болып бөлінеді.

Өлшеу аспабы –бақылаушы тікелей қабылдай алатын түрдегі өлшеу ақпаратының сигналын өндіру үшін тағайындалған ӨҚ. Өлшеу құралдарын былай ажыратады:

1) аналогтық және цифрлық құралдарды;

2) көрсететін және тіркейтін (өзі жазатын) аспаптар;

3) тура әсер етуші аспаптары және салыстыру аспаптары.

Өлшеу түрлендіргіштері – бақылаушының тікелей қабылдауына берілмейтін өлшеу ақпаратының сигналын тарату, одан әрі түрлендіру, өңдеу және (немесе) сақтау үшін ыңғайлы түрде беру үшін тағайындалған ӨҚ. Өлшеу түрлендіргіштері мынадай болады: біріншіреттік және екіншіреттік; аралық және беріліс жасайтын.

Өлшеуіш қондырғылар және жүйелер – өлшеу объектінің бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін тағайындалған және көмекші құрылғылары бар функционалдық қасиеті бойынша біріктірілген ӨҚ жиынтығы.

Бір ізге салынған ӨҚ –МҚЖ (автоматтандыру құралдары және өнеркәсіптік аспаптардың мемлекеттік жүйесіне ) енетін ӨҚ. Бұл жүйе блоктық-модулдық принцип бойынша құрылады:

- кіріс және шығыс пневматикалық сигналдары бар аспаптар 0,2 – 1 (0,02 – 0.1 МПа);

 

- электрлік кіріс және шығыс сигналдары бар аспаптар:

а) тұрақты ток 0-5, 0-20, 0-100 мА немесе 0-10 В;

б) айнымалы ток жиілігі 50 немесе 400 Гц; 1-0-1 В, 0-2 В, 1-3 В; 0-10 МГц, 10-0-10 МГц;

- электр жиілілік кіріс және шығыс сигналдары бар аспаптар 1500 -2500 Гц және 4000 – 8000 Гц.

Бұл аспаптардың бір ізге салынған кіріс және шығыс сигналдары бар, бұл өлшеу құралдарының өзара алмасуын қамтамасыз етеді, екіншіреттік өлшеу құрылғыларының түрлірін қысқартуға мүмкіндік береді, автоматтандыру құрылғыларының сенімділігін арттырады, ЭЕМ қолдану келешегіне жол ашады.

Тағайыны бойынша ӨҚ үш санатқа бөлінеді:

а) жұмыстық өлшемдер, өлшеуіш аспаптары, өлшеуіш түрлендіргіштері;

б) үлгілі жұмыстық өлшемдері, өлшеуіш аспаптары, өлшеуіш түрлендіргіштері;

в) эталондар.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 570; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты