Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лшеу құрылғыларының статикалық сипаттамалары




Өлшеу құралдарының кіріс Х және шығыс У сигналдар мәні өзгермейтін жұмыс режимі статикалық (стационарлық)деп аталады.

Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамасы деп аталған құрылғының статикалық жұмыс режиміндегі шығыс сигналдың кіріс сигналға қызметтік тәуелділігі аталады (5.1 суретті қара). Жалпы жағдайда бұл сызықтық емес тәуелділік У = f(x).

Өлшенетін шаманың бірліктер мен ерекше бірліктерде өлшемделген атаусыз шәкілі немесе шәкілі бар өлшеу құрылғылары үшін статикалық сипаттаманы түрлендіру функциясы деп атау қабылданған. Өлшеу аспаптары үшін статикалық сипаттаманы бұдан басқа тағы да шәкіл сипаттамасы деп атайды. Статикалық сипаттаманы анықтау өлшемдеуді орындаумен байланысты, сондықтан барлық ӨҚ үшін өлшемдеу сипаттамасы пайдаланады, бұл кесте, кескіндеме немесе формула түрінде жасалған ӨҚ шығыс және кіріс шамалары мәндері арасындағы тәуелділік ұғынылады.

Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамасына қойылатын негізгі талап арнаулы жағдайлардан басқа, шығыс және кіріс шамалары арасындағы сызықтық тәуелділікті алуға тіреледі. Тәжірибеде бұл талап алдын ала қабылданған кейбір қателікпен іске асады.

Көрсетулер диапазонышкаланың соңғы және бастапқы мәндерімен шектелген шәкіл көрсеткіші.

Өлшеулер ауқымы(шкаланың жұмыс бөлігі) – ол үшін өлшеу құралдарының жіберілетін қателіктері нормаланған

в – Хн; Ув – Ун),

мұнда, Ун , Хн – өлшеу ауқымының төменгі шегі;

Ув, Хв –– өлшеу ауқымының жоғарғы шегі.

Статикалық сипаттаманың ерікті нүктесінде ӨҚ кіріс сигналдың шығыс сигналына әсерін сандық бағалау үшін DХ кіріс сигналының өсімшесіне DУ шығыс сигналының өсімшесінің қатынасының шегі көрсетеді, яғни мұнда DХ à 0 болу керек, демек шығынды таңдалған нүктеге тең

S = = . ( 5.1)

S – өлшеуіш түрлендіргіштің ӨТ сезімталдығы, оның өзгеруін туғызған өлшенетін шаманың ӨТ шығысындағы сигналының өзгеру қатынасы ретінде анықталады.

 

5.1 сурет - Өлшеу құрылғысының статикалық сипаттамасы

 

Кескіндемелік сезімталдық – бұл статикалық сипаттамаға қатысты ойысу бұрышының тангенсі.

Егер статикалық сипаттама сызықтық емес болса, онда оның сезімталдығы шкаланың әртүрлі нүктелерінде әртүрлі болады. Сызыктық шкаласы бар ӨҚ тең өлшемді шкаласы және тұрақты сезімталдық мәні болады. Өлшеуіш түрлендіргіштерде статикалық сипаттама әдетте, сызықтық: У= кХ, мұнда к- түрлендіру коэффициенті.

Таралу бағасы – көрші екі шәкіл арасындағы белгі айырымы.

Сезімталдық табалдырығы– түрлендіргіштің шығыс сигналындағы немесе өлшеу аспабының у көрсетуінің сенімді бекітілген өзгеруін тудыруға қабілетті өлшенетін х шамасының мәнінің ең аз өзгеруі.

Жоғарыда қарастырылған барлық ӨҚ сипаттамаларын метрологиялық деп атайды, себебі олар осы құрылғылардың қызметінің дәлдігіне әсер етеді.

Егер ӨҚ нормаланған метрологиялық сипаттамалары (НМС) - метрологиялық сипаттамаларының нормалары белгіленген жағдайда, ӨҚ қолдануға жіберіледі. НМС туралы мәліметтер ӨҚ техникалық құжаттамасында келтірілген.

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [5,8,9] әдебиеттен алуға болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 303; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты