![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Тұрақты ток тізбектерінің параметрлерін өлшеуДәрістің мазмұны: тұрақты токқа кіші және үлкен кедергілерін өлшеу, амперметр және вольтметр әдісі, салыстыру әдісі.
Дәрістің мақсаты: тұрақты токқа кедергілерді өлшеудің негізгі әдістерін және тәсілдерін оқу. Тұрақты токқа кедергілерін өлшеу. Кәзіргі заманда кедергілердің өлшеу диапазоны өте кең (10 Тура өлшеулер. Ом бірліктерінен мегаом бірліктер және ондықтарына дейін диапазонда кедергілер тұрақты ток көпірлермен, цифрлық, электрондық және магнитоэлектрлік омметрлермен өлшенеді. Өнеркәсіп мұндай аспаптардың әртүрлі типтерін шығарады, олардың дәлдігі, қолдану ыңғайлығы, габариттері, массасы және басқа мінездемелері өзгеше болады. Тұрақты токқа кедергілерді өлшеу құралдардың өлшеулердің жоғарғы шектеріндегі рұқсат етілетін негізгі қателіктері (пайзбен) немесе дәлдік кластары И қосымшасында (И.1 кестені қара) келтірілген. Жоғарғы дәлдікпен өлшеу үшін тұрақты ток көпірлері пайдаланылады. Сонымен, Р369 және Р4056 көпірлері 1 —106 Ом диапазонда ±0,005 салыстырмалы қателікпен кедергіні өлшеуге мүмкіндік береді. Мұндай көпірлердің қолмен теңестіруі болады және сыртқы қоректену көздері мен жоғары сезімталдығы бар нөл-индикаторларды талап етеді, олар ретінде гальванометрлер ең жиі қолданылады. Орнатылған гальванометрлері және қоректену көздері бар тасымал көпірлер шығарылады. Бірақ олардың өлшеу дәлдігі кіші болады. Тағы да автоматты көпірлер болады, олар көбінесе терморезисторлардың кедергісін өлшеу үшін қолданылады. Цифрлық аспаптарды (И.1 кестені қара) пайдалану арқылы өлшеудің жоғарғы дәлдіктерін алуға болады. Мысалы, Щ31 типті әмбебап вольтметр кедергіні өлшеу режимінде 1; 10 және 100 кОм диапазондарда келесі негізгі қателіктің рұқсат етілетін шектеріне ие болады
мұнда RK — диапазонның жоғарғы шегі; R — өлшенетін кедергі. Қолмен теңестіруі бар тұрақты ток көпірлерден цифрлық аспаптардың айырмашылығы - өлшеу автоматты түрде жасалынады, бұл олардың ең маңызды құндылығы. Одан басқа, оларда тіркеу үшін цифрлық басу құрылғыларын немесе өлшеу нәтижелерін өңдеу үшін ЭЕМ қосуға мүмкіндік беретін арнайы шығыстары бар. Жоғары дәлдік талап етілмейтін болса электрондық және магнитоэлектрлік омметрлер пайдаланылады, олар жеке аспаптар түрінде немесе құрастырылған әмбебап аспаптар құрамында шығарылады, сонымен қатар токтар және кернеулерді өлшеу үшін тағайындалған. Осылардың арасындағы ең дәл аспаптардың дәлдік класы 1,0— 1,5. Кіші кедергілерді өлшеу.Кедергілер Ом бірліктерінен 10 Берілген диапазонда ең дәл болып қос көпірлер табылады (И.1 кестесін қара). Өте кіші кедергілерді өлшеу үшін көпірдің қажетті сезімталдығын қамтамасыз етуге зерттелетін объекттен үлкен токтарды жіберу керек. Сөйтіп, Р3009 көпірмен 10 Кіші кедергілерді жай көпірлермен өлшеуі енсіздеу диапазонда жасалынады – 10 Электрондық миллиомметрлерде өлшеу айнымалы токта жасалынады, бұл өлшеу объектінде тұтынатын қуатты едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Әдетте зерттелетін объекттегі кернеу милливольттың ондықтарын құрайды. Үлкен кедергілерді өлшеу.Үлкен кедергілерді (10 Жанама өлшеулер. Ең көп таралған амперметр және вольтметр әдісі саналады (11.1 суретін қара). Бұл әдіс кедергілердің әртүрлі мәндерін өлшеу үшін пайдаланылады. Мұндай әдістің құндылығы мынадан тұрады – резистордан қандай ток ағатын болса, сондай ток объекттен жұмыстық жағдайларда ағады, бұл линиялық емес кедергілерді өлшеген кезде маңызды, яғни ондай кедергілердің мәндері токқа тәуелді. Кедергі мәнін Ом заңы бойынша анықтауға болады: 11.1, а суретіндегі сұлба үшін
11-1, б суретіндегі сұлба үшін
Сондықтан кедергілер мәндерін
11.1 сурет – Амперметр және вольтметр әдісі бойынша кедергілергі өлшеу сұлбалары
Осыдан шығатыны, кіші кедергілерді өлшеу үшін 11.1, а суретіндегі сұлба бәрінен де артығырақ, ал 11-1, б суретіндегі сұлба – үлкен кедергілер үшін. Кедергіні дәл өлшеу керек болса (11-1), (11-2) формулалармен пайдалану қажет. Амперметр және вольтметр әдісі бойынша өте үлкен кедергілерді өлшеуге болады, мысалы, изоляциялық материалдар кедергілерін. Техникалық шарттар және стандарттар бойынша әртүрлі электризоляциялық материалдардың үлесті көлемдік және үстінгі кедергілердің рұқсат етілетін мәндеріне белгілі талаптар қойылады. Табақ материал О үлгісінің көлемдік кедергісін өлшеу сұлбасы 11.1, в суретінде келтірілген. Үлгіні екі металдық электродтардың арасына орнатады. А электроды солай аталатын қорғау дөңгелек В ішінде орнатылады. Қорғау дөңгелек аркылы үлгінің үстінгі токтары қоректену көзіне тікелей кетеді, гальванометрге жетпей. Гальванометр арқылы тек қана «көлемдік» ток ағады, сондықтан, есептелген кедергі көлемдік болады. Егер, гальванометрден c и d нүктелеріне келетін өткізгіштерді орынымен ауыстырса, онда үстінгі кедергіні анықтауға болады. Кедергілерді дәл өлшеу үшін және линиялық емес кедергілерді өлшеу үшін салыстыру әдісін қолдануға болады. 11.2,а суреттегі сұлбада ауыстырып-қосқыш В орнын тізбектелініп өзгертіп Rx объектінен және Ro үлгілі резистордан ағатын Дәл өлшеулер үшін 11.2, б суреттегі сұлбамен пайдалануға болады, мұнда тұрақты ток компенсатормен КПТ Rx және Ro дегі кернеулер U
11.2 сурет – Салыстыру әдісімен кедергілерді өлшеу
Кедергілерді өлшеу қателіктері жанама өлшеу әдісімен қателіктерді бағалау бойынша анықталады [14]. Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [4,6,8,12] әдебиеттен алуға болады.
|