КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Йымдастырушылық – құқықтық жабдықтауға қойылатын талаптарАвтоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды. АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең. Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы келесіден тұрады: - Есептеу құжаттары бойынша ақпарат; - Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі әдістемелік нұсқаулар. Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі сұрақтарды шешеді. Жүйені талдау, қызмет көрсетуінің технологиясын өңдеу. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ақпараттық жүйе қызмет атқаруы кезінде қызметкерлердің Іс - әрекеттеріне қажетті төмендегі құжаттар жиынтығы болуы керек: - басқаруды ұйымдастыру құрылымы; - қызмет етуі бойынша нұсқаулар; - операторларға нұсқау; - қызметтердің орындалуы мен тәртібі; Есеп кешенін шешуде қолданушының техникалық құрал – жабдықтарымен есептерді шешу үрдісі кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жеткілікті болуы шарт. Есеп кешенінің тиімді жүзеге асуы үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі шарттарды қанағаттандыру керек: - объектіні автоматтандыруға және есептер кешенін қолдануға, іске қосуға, дайындауға жауапты тұлғаны тағайындау; - нақты емес ақпараттарды ұсыну, әр түрлі жіберген қателерді, уақтылы ұсынбаған ақпараттарға жауапты тұлғаны тағайындау; - барлық технологиялық талаптардың орындалуын қадағалау; - ақпаратты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жобасында қарастырылған шектеулерден шықпау; - есептер кешеніне қол жеткізуге білікті мамандар мен жеке қызметкерлерге ғана ұсыну. Жобалау үрдісі кезінде ұйымдастырушылы қамтамасыз ету бойынша өңделетін қолданушыға берілетін нұсқау түсінікті, нақты орындалатын іс - әрекеттер көрсетілуі керек. Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды. Яғни, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заман есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен оны қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-нің фүнкционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады. Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары АЖ-ні құрудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде – мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер Нысанның негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді. АЖ құқықтық жабдықтау – АЖ функциялау мен құрудағы құқықтық нормалар жиынтығы. АЖ өңдеу деңгейіндегі құқықтық қамтамасыздандыру жүйе өндіруші мен тұтынушы арасында келісіммен, жүйе өндірудегі үрдісті реттеумен, әртүрлі ресурстарды үрдіспен қамтамасыз етумен байланысты нормативтік актілерден тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ әрекетін регламенттейтін, салық төлеуші реестрлерін құрудағы базаның нормативтік түсініктер, жаңа ақпараттық технология енгізуге қажетті әдістемелік құжаттар жиынтығынан тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ-ні құру мен жоюды заңды көрсету үшін арналған.
|