Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Техникалық жобалау мазмұны




Бөлім Мазмұны
Түсіндірме қағаз жүйені өңдеу үшін алғышарттар; өңдеуші ұйымдар тізімі; объектілердің басқа объектілермен байланыстарының және функциялануының техника – экономикалық көрсеткіштері көрсетілген қысқаша мінездеме; негізгі жобалық шешімдердің функционалдық және қамтамасыз ететін жүйе бөліктері туралы қысқаша мәліметтер;
Жүйенің функционалдық және ұйымдастырушылық құрылымы жүйешелердің құрылуы, олардың қолданылуы мен мақсаты; құрылымы жөнінде қысқаша мінездемесі бар, әр жүйешеде шешілетін есептер; жүйешелер мен есептер арасындағы ақпараттық байланыстар схемасы;
Есеп қойылымы және оның шешілу алгоритмі есептің организациялы – экономикалық құрылымы (атауы, есеп шешу мақсаты, қысқаша мазмұны, әдістері, есептің шешілу уақыты мен жиілігі, жинау және беру әдістері, есептің басқа есептермен байланысы, есеп нәтижесін қолдану); экономикалық – математикалық есеп моделі; кіріс ақпараты; нормативті – анықтамалық ақпарат (НАА); басқа есептермен байланыс құру үшін сақталатын ақпарат; берілген есептің келесі шешімдерін жинайтын ақпарат; өзгерістер енгізетін ақпарат; есеп шешу алгоритмі; тексеру мысалы;
Ақпараттық база ұйымдастырылуы Ақпараттың келу көздері мен оның берілу әдістері; жүйеде қолданылатын көрсеткіштер; құжаттар құрылымы, уақыты мен түсу жиілігі; НАА фондының негізгі жобалық шешімдері; НАА құрылымы; НАА массивтерінің жиынтығы; НАА – ң элементтерінің байланыстар сипаттамасы бар структура; сақтау, іздеу, өзгерістер енгізу және тексеру әдістері; НАА – ң ақпарат көлемін және ағымын анықтау; НАА – қа өзгерістер енгізу бойынша тексеру мысалы; құжаттарды унификациялау жөнінде ұсыныстар;
Құжаттар формасының альбомы  
Математикалық жабдықтау жүйесі математикалық жабдықтау структурасын дәлелдеу; программалау жүйесін таңдауын дәлелдеу; стандартты программалар жиынтығы;
Техникалық құралдардың кешенін құру принципі мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесінің схемасы және сипатталуы; техникалық құралдардың структурасын және оның функционалдық топтарын таңдау; стандартты емес құрал – жабдықтарды жасауға қойылатын талаптар; техникалық құралдарды функциялаудың сенімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырулар комплексі;
Жүйенің экономикалық тиімділігінің есептеуі жүйені эксплуатациялаумен байланысты шығындарды жою; жылдық экономикалық тиімділікті есептеу;
Объектті жүйеге ендіруді ұйымдастыру бизнес процестерді жүргізудің ұйымдастыруының жиынтығы; жүйені ендіру жұмыстарының жиынтығы;
Құжаттар ведомості  

Техникалық жобалауды аяқтау негізінде АЖ – ні комплекттеу үшін серияны шығарылатын өнімдердің құжаттары, сонымен қатар техникалық талаптар анықталады және серияны шығарылмайтын өнімдер үшін техникалық есептер құрастырылады.

“Жұмыс құжаттары” кезеңінде программалық өнімді құру және оған байланысты барлық құжаттар жасалады.

Автоматтандыруға жүйе болып табылатын АЖ келесідей тексерудің негізгі түрлерін қарастырады: алдын ала тексеру, тәжірибелі эксплуатация және қабылдау.

Алдын ала тексеру – жүйенің жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін және оны тәжірибелі эксплуатацияға қабылдау мүмкіндіктерінің жағдайын шешуде жүргізіледі.

Тәжірибелі эксплуатацияны жүйенің сандық және сапалық мінездемелерін анықтау және персоналдық жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.

Қабылдау тексерісі – жүйенің техникалық есеппен сәйкестілігін анықтау және тәжірибелі эксплуатация саласын бағалау мен жүйені тұрақты эксплуатацияға қабылдау мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында жүргізіледі.

 

Дәріс №6. Тақырыбы: Типтік жобалық шешім (ТЖШ).

Дәріс жоспары:

1. ТЖШ класстары және құрылымы.

2. Типтік АЖ-ны бейімдеу.

3. АЖ-ны прототиптік жобалаудың әдістері және құралдары.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 296; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты