КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АЖ – н типтік жобалауАЖ – ң типтік жобалануы дайын типтелген элементтерден жүйе құруды қарастырады. Типтік жобалау әдістерін қолданудың ең негізгі талаптарының бірі – көптеген компьютерден (жүйелер, есептер комплексі, программалар модульдер және т.б.) тұратын жобаланып отырған АЖ декомпозициясының мүмкіндіктері болып табылады. Бұл компоненттер үшін нақты бір өндіріске бағыттылған типтік жобалық шешімдер таңдалады. Типтік жобалық шешім (ТЖШ) бұл тираждалатын (көп рет қолдануға жарамды) жобалық шешім. ТЖШ классификациясы жүйе декомпозициясының деңгейіне негізделген. ТЖШ – ң келесі кластары анықталады. 1. Элементтік ТЖШ – тапсырма бойынша типтік шешімдер немесе тапсырманы қамтамасыз етудің жеке түрі бойынша (ақпараттық, бағдарламалық, техникалық, математикалық, ұйымдастырушылық). 2. Жүйелік ТЖШ – типтендіру элементі ретінде жеке жүйелер болады, қызметтік тұтастық немесе сыртқы ақпараттық байланыстарды минилизациялауды ескере отырып дайындалады. 3. Объекттілік ТЖШ – типтік сомалық жобалар, оған АЖ – ң функционалды және қамтамасыз етуші жүйелер кіреді.
ТЖШ –ң артықшылығы мен кемшіліктері
Типтік жобалауды жүзеге асыру үшін 2 тұрғы қолданылады: параметрлік бағытталған және модельдік бағытталған. Параметрлік бағыттауға негізделген жобалауға келесі кезеңдер кіреді: қойылған тапсырмаларды шешу үшін қолданбалы бағдарламалар жиынтығының қажеттілігін бағалау критерийлерін анықтау (ППП), жасалған критерийлер бойынша қолданбалы бағдарламалар жиынтығын (ППП) талдау және бағалау, қажетті жиынтықты таңдау және сатып алу, сатып алынған ППП параметрлерін орнату. ППП бағалау критерийлері келесі топтарға бөлінеді:
Модельді бағытталған жобалау құрамды бейімдеумен және автоматизация объектісінің моделіне сәйкес жүйелік АЖ мінездемесімен бекітіледі. Осындай жағдайда жобалау технологиясы типтік АЖ моделімен де, нақты кәсіпорын моделімен де жұмыс істеудің бірыңғай құралдарын қамтамасыз ету керек. Мета ақпарат – репозиторийдің арнайы базасындағы типтік АЖ автолитизация объектісінің моделінен тұрады, оның негізінде бағдарламалық қамтамасыз ету конфигурациясы жүзеге асырылады. Репозиторийде АЖ негіздік (сілтемелік) моделі, АЖ нақты кластарының типтік (референттік) моделі, нақты АЖ кәсіпорындарының модельдері бар. Негізгі модель – типтік АЖ бағдарламалық модульдарымен қолданатын бизнес – функция, бизнес – процесс, бизнес – объект, бизнес – ереже, ұйымдастырушылық құрылымды сипаттайтын репозиторийден тұрады. Типтік модельдер - өндірістің нақты салаларымен мен типтері үшін АЖ – ң конфигурациясын сипаттайды. Нақты кәсіпорын моделі негізгі және типтік модель фрагментін таңдау жолымен немесе кәсіпорынның ерекшелігімен құрылады. Бизнес – ереже - АЖ – ң түрлі бөліктерін қолдануын анықтайды және жүйенің тұтастығын ұстау үшін қолданылады. Бизнес – функция – кәсіпорынның функционалды қызметінің иерархиялық декомпозициясынан тұрады. Бизнес – процесс – моделі бизнес – функция моделінің төменгі деңгейінің функциясы үшін қызмет атқарады. Процесті бейнелеу үшін оқиғаларды басқару моделі қолданылады. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының моделі бөлімшелердің, персоналдардың бағынуының иерархиялық құрылымынан тұрады. Типтік жобаны жасау үшін келесі орындалады:
Архивтеу жүйесін орнату.
Дәріс №7. Тақырыбы: АЖ-ны ендірудің функционалдық саласын талдау және модельдеу. Дәріс жоспары: 1. Ұйымдастырушылық бизнес-модельдеудің негіздері. 2. Компанияның миссиясы, толық бизнес-моделі. 3. Компанияны динамикалық және статикалық сипаттау, мәліметтердің құрылымының модельдері. Ұйымдастырушылық модельдеудің ақпараттық технологиясы. Рдістердің лектік моделі. Жобаланатын АЖ-ні өңдеу талаптары компанияның статистикалық және динамикалық сипаты негізінде құрылады. Компанияның статистикалық сипатты функциональдық деңгейде келтіріледі және матриц жауапкершілік пен бизнес-потенциалды қамтиды. Бизнес-модельдің ары қарай дамуы компанияның динамикалық сипаттау кезеңінде лектік модельдердің үрдістік деңгейінде жүргізіледі. Лектік модельдердің үрдістері — бұл компаниядағы ағпараттық ағымдардың және материалдардың уақыт бойы түрленулеру үрдістерін қандай-да бір бизнес-жобаларды немесе басқару саласын іске асыруды сиаттайтын модельдер. Жоғарғы деңгейде үрдіске қатысушылардың әрекеттерінің логикасы, ал төменгі деңгейде - өз жұмыс орындарындағы кейбір мамандар жұмысы технологиясы қарастырылады. Лектік модельдердің үрдістері кім – неге – қалай - кімге сұрақтарына жауап береді.
Үрдістік тәсіл кәсіптің барлық құрылымдық элементтерін байланыстырады. Әрбір іскер үрдістер көптеген бөлімшелер арқылы өтеді, оған компанияның әртүрлі мамандары ат салысады. Үрдістік тәсіл жұмыстағы үзінділерді, яғни ақпараттық және басқарушылық , қайталанушылық.тиімсіз қаржыландыруды болдырмауға мүмкіндік береді. Үрдістік тәсіл кәсіпорын кәсібін ұйымдастыруға ұсынады: · Орындаушылардың жауапкершілігі мен кең қолданымы ;
Компанияның ағымдық кәсібін басқару екі бағыт бойынша – функциональдық аймақтар, салалы бизнес-үрдістерді басқару жүргізіледі.(сур.7.1)
7.1-сурет. Компания кәсібін басқару сұлбасы Бизнес-үрдіс – бұл нәтижесінде қандай-да бір қызмет немесе өнім болып табылатын жұмыс(қызмет) тізбегі. Әрбір бизнес-үрдістің өзіндік шекарасы бар. Үрдістік тәсілде келесі негізгі ролдер қолданылады : Үрдіс иесі – үрдістің толық нәтижесіне және орындалуына жауап беретін адам. Ол бизнес-үрдісті білуі жіне оның орындалуы мен тиімділігін білуі тиіс. Бизнес-үрдістің иегеріне адамдарға ықпал ететін, энтузиазим, коммунакативті мүмкіндігі болуы керек. Команда лидері — бизнес-үрдісті білетін, жағымды қасиеттері бар жұмыскер. Коммуникатор – команданы жұмыстың түрлі тәсілдерімен үйрететін жұмыскер. Үрдіс координаторы – бизнестің барлық бөлігіндегі жұмыспен басқа биснес-үрдістермен сәйкестігіне жауап беретін жұмыскер. Координатор кәсіпорын саясатын жақсы меңгеруі тиіс. Команда мүшелері– әртүрлі иерархиялық деңгейдегі мамандар. Үрдістік тәсілдің негізгі элементерінің бірі болып, команда саналады. Командалардың бірнеше түрлері бар: Ситуациялық команда – көбінесе қайталанатын жұмыстарды орындайды. Виртуальды команда – жаңа қызмет немесе өнім өңдеуде құрылады. Ситуациялық менеджер – жоғары деңгейлі маман, өз бетінше жұмыс көлемінің 90% -не дейін орындай алады. 7.2-сурет. Компанияның басқару моделі
Дәріс №8. Тақырыбы: Қолдану саласын модельдеудің әдістемесі. Дәріс жоспары: 1. Қолдану саласының құрылымдық моделі. 2. Объекттік құрылым. Функционалдық құрылым. 3. Басқару құрылымы. IDEF әдістемесі. 4. Қолда бар әдістемелерді салыстыру. Адамзатты қоршаған бүкіл ғалам мәселелерімен философтар ғана шұғылданады деп айтсақ қателеспейтін шығармыз. Ал нақты мәселелерді шешуді біз белгіленген сала бойынша қарастырамыз, яғни белгілі саламен шектелеміз. Осы саланың шекараларын анықтау – кез-келген ақпарат жүйесін сонымен қатар мәліметтер базасы технологиясына негізделген жүйені тұрғызудағы ең алғашқы маңызды кезең болып саналады. Бұл жағдайда нақты ғана объектілер біздің қызығушылығымызды тудырады. Осы объектілер жиынтығы мәліметтер базасы терминологиясында және де жалпы ақпарат жүйелерін жобалау терминологиясында қолдану саласыдеп аталады, ал объектілердің өздері нақты қолдану саласы объектілері деп аталады. Қолдану саласы көптеген фрагменттерден тұрады, өз кезегінде фрагменттер көптеген объектілерді, процесс - үрдістерді, пайдаланушыларды қамтиды. Объектілер бір-бірінен түрлі сипаттамалармен түрленуі мүмкін. Сипаттама объектілерді пайдалану мақсатына байланысты түрленеді және жобалаушы алдындағы мақсат - әр объектіге өзіне сәйкес мінездеме (сипат) беру, анықтау. Осы мінездеме мәндерін атрибуттар деп атаймыз. Атрибуттар – мәнді сипаттайтын элементарлы мәліметтер. Атрибут өз атауына және белгілі бір мәнге ие болуы керек. Мысалға, экономикада атрибут ретінде белгілі бір экономикалық көрстекіштің реквизит –сипаты болуы мүмкін, ал атрибут мәні ретінде бұнда реквизит - негізді аламыз. Атрибуттар бір-бірімен және объектімен белгілі бір байланыста болады. Байланыстар – элементарлы мәліметтер экземплярлары арасындағы ассоциациалар. Қарапайым тілмен - байланыстар, бұл мәндер және атрибуттар арасындағы қатынастарды анықтайтын құралдар. Әр объект өзі типтес басқа объекттен айырмашылықта болуы шарт. Бір типтес объектілерді бірінен-бірін айыру мақсатымен анықтаушы (идентификатор) жарияланады, бұл анықтаушы уникалды болып саналады (ол кейде уникалды кілт деп те аталады). Қолдану саласының объектілері арасында түрлі мазмұнды байланыстар жариялануы мүмкін. Сонымен қолдану саласының мәндер типтері және атрибуттар типтері жиынтығы осы саланың құрылымын анықтайды. Қолдану саласы әр уақыт кезегіне немесе басқа жағдайларға байланысты бір қалыптан өзгеріп отыруы мүмкін, – бұл жағдайда біз саланың жағдайымен танысамыз. Жүйелік талдау шеңберінде мәліметтер базасын жобалауға қарасты, қолдану саласы объектілерін және нақты байланыстарды қарапайым түсініктермен сипаттау қажет. Сипаттау қолдану саласы объектілері арасындағы барлық өзара байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы, қолдану саласының құрамын және құрылымын таңдауда екі көзқарас бар: ¨ функционалдық қарастыру—ңмәселеденң қозғалу қағидасын жүзеге асыруды және қарастырылып отырған мәліметтер базасының қызметтері алдын-ала белгіленген ақпаратты пайдаланушылар жағдайында қолданылады; ¨ объекттік қарастыру— болашақ пайдаланушылардың ақпараттың қажеттіліктері қатал ескерілмейді. Объекттік қарастыруға қолдану саласына қатысты объектілерді және байланыстарды ескеру тән. Объекттік қарастыру ақпараттың модельдік тұрақтылығымен, көптеген қосымшаларды жүзеге асырудағы объективтікпен, ақпараттық модельді жүйе түрінде көрсетумен сипатталады. Бұнда кемшіліктің бірі модель үшін ақпаратты таңдау қиындығында, себебі, ақпараттың қайталануы қаланбайды. Сонымен қатар ең маңызды объектілер мен байланысты көрсету қажеттілігінде. Функционалды қарастыру жағдайында жоғарыда айтылып кеткендей оның тиімділігі болашақ мәліметтер базасының құрамы пайдаланушылар талаптарына сәйкестігінде. Алайда, бұл көзқарастағы айта кететін кемшілік, жүйенің даму перспективаларының шамалы ғана болуында. Тәжірибеде, ақпарат жүйелерін жобалауда, келісімге келіп екі көзқарасты да қолдануға болады. Әрине, бұнда объекттік көзқарас әсері басымдырақ болады.
Дәріс №9. Тақырыбы: Бизнес-үрдістерді BPwin құралдарымен құру. Дәріс жоспары: 1. Іскерлік процесстерді модельдеудің Case-құралдары. 2. IDEF0 моделін құрудың қағидалары. Автоматтандырылған жобалау құралдарына жататындар: 1. Қолданушымен достық интерфейсі 2. CASE құралдары, яғни құралдарды құруға, жасауға, модификациялауға арналған.
BPWin IDEFO ERWin CASE RTWin 20 МББЖ CASEORACLE WORK BENCH
CASE –бұл BPWin жоғарғы деңгейлі құралы болып саналады, ол IDEFO методологиясының тірегі, ал ол болса анализ жүргізу үшін және бизнес процесстердің реорганизациясы үшін қолданылады. Ол BPWin-де құрылатын функционалдық модель болып табылады, сонымен қатар кәсіпорындағы бар бизнес процесстерді бейнелеу үшін керек. IDEFO методологиясы иерархиялық жүйелі диаграммалардан тұрады, жүйе фрагменттерінің бірлік бейнеленуі. Ең бірінші жүйенің бүтіндей бейнеленуі жүргізіледі және оның қоршаған ортамен қатынасы (контекстік диаграмма), содан кейін функционалды декомпозиция жүргізіледі - жүйе бірнеше жүйе бөліктерге бөлінеді, және әр жүйенің бөліктері бөлек қарастырылады (декомпозиция диаграммасы), содан кейін, кереті жүйеге шейін, әр жүйе бөліктері кішкентай диаграммаларға бөлінеді. Әр декомпозиция сеансынан соң, экспертиза сеансын жүргізеді, яғни диаграмманы пән облысының эксперттері, тапсырушы және тікелей бизнес процессіне қатысқан адамдар тексереді. Осындай пән облысының адекватты моделін әр түрлі деңгейлерде құруға мүмкіндік береді. Мәліметтер базаларын жобалау құралдарының көбінің ішінде осы салада кең тарағандардың бірі деп CASE - құралдарға жататын BPwіn, ERwіn, Oowіn программалар кешенін есептеуге болады. Бұл программаларды ІDEF стандартының базасында АҚШ-ғы Logіc Work Іnc. компаниясы жасаған. Аталған жобалау құралдары басқа да осы тектес программалық құралдардан өзіндік мардымды құнымен, меңгеру қарапайымдылығымен өзгеленеді және де жобалаудың CASE-жабдықтары көмегімен көптеген платформаларды қолдау мүмкіндігін, клиентсервер архитектурасындағы қосымшаларды құру жабдықтарын және мәліметтер базаларын жобалау жабдықтарын өте үлкен дәрежеде интеграциялау, өзара байланыстыру мүмкіндігін, ақырғы қосымшаны түбегейлі генерациялауға дейінгі мүмкіндігін берумен айрықшаланады. Бұл жобалау құралды пайдалану барысында келесі тәртіпті ұстанады: · қарастырылып отырған мәселенің қолдану саласын жобалауда (BPwіn); · кез-келген мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі (МББЖ) мәліметтер базасыныңқұрылым жобалау кезінде (ERwіn); · объектіге бағытталған мәліметтер базаларын жасау үшін (Oowіn); бұнда жасалған әр база пайдаланушылар қажеттіліктеріне байланысты бір-біріне тәуелсіз түрде қолданылады. BPwіn (Busіness Process Engіneerіng)- бизнес-процессті (үрдісті) талдау үшін, осы үрдістің функционалдық моделін (үлгісін) басқа сөзбен айтқанда үрдіс үлгісін тұрғызуға мүмкіндігін береді. BPwіn модельдерді диаграмма арқылы көрсетеді. Диаграммалар бизнес үрдісі қалай орындалу керектігін, бизнесті қолдау үшін қажетті ақпаратты көрнекті көрсетеді, сонымен қатар орындалатын жұмыстардың әр-қайсысы үшін жаупты қызметтерді белгілейді. Осы мүмкіндіктерді салдарынан жұмыстың орындалу барысында кейбір жіберілген қателіктер жойылып отырады. BPwіn диаграммаларында бизнестің үрдістері, жұмыстардың өзара байланысы және тәуелділігі, жұмыстардың нәтижелері, материалдар, ақпарат және жұмыс орындалуы үшін қажетті ресурстар, жұмысты жүзеге асыратын жұмыскерлер және әр жұмыс түрінің құны, осы жұмысқа жіберілген шығындар соммасы көрсетіледі. Бұл программа негізінен диаграмманың үш түрін тұрғызуға мүмкіндік береді: · контексттік диаграмма — мұнда модельденетін жүйенің жалпы түрі, модельдің жүзеге асырылуына жауапты жұмыскерлер және жұмысты бақылауға арналған механизм түрі көрсетіледі; …сурет. Контексттік диаграмманың жалпы түрі. декомпозиция диаграммасы, мұнда контексттік диаграмма өз ерекшеліктеріне сай жұмыстар түрлеріне бөлініп кетеді және осы жұмыс түрлерінің өзара байланыстары және тәуелділігі белгіленеді; Бір контексттік диаграмма үшін бір ғана емес, бірнеше декомпозиция диаграммаларын құруға болады.
|