КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет. BРwіn жүйесіндегі буындар терегі
Дәріс №10. Тақырыбы: Ақпарат жүйесінің ақпараттық жабдықтауы. Дәріс жоспары: 1. Машинадан тыс ақпараттық жабдықтау. 2. Ақпарат сыныптамасы. 3. Ақпаратты кодтау жүйесіне қойылатын негізгі талаптар. 4. Ішкі машиналық ақпараттық жабдықтау. 5. Ақпараттық базаны ұйымдастыру әдістері
АЖ-ң ақпараттық жабдықтауы келесі мәселелерді шешуде қолданылатын құрал деп айтуға болады:
АЖ-н ақпараттық жабдықтауы екі кешенді қамтиды: машинадан тыс ақпараттық жабдықтау (технико-экономикалық ақпарат классификаторлары, нормативтік құжаттар, әдістемелік материалдар) және ішкі машиналық ақпараттық жабдықтау (бастапқы мәліметтерді енгізудегі экрандық макеттер, нәтижелік ақпаратты шығарудың экрандық формалары, ақпараттық база құрылымы: мәліметтер базасы, кіріс, шығыс файлдары). Ақпараттық жабдықтауға келесі талаптар қойылады: § Нысанның автоматтандырудағы барлық функцияларын қолдауда ақпараттық жабдықтаудың жеткіліктілігі; § Ақпаратты кодтауда сәйкес тапсырыс беруші классификаторлары қолданылу қажет; § Құжаттар формалары тапсырыс берушінің корпоративтік стандарты талаптарына сәйкес болуы қажет (қалыптасқан құжаттар жүйесіне); § Құжаттар және экрандық формалар құрылымы ақырғы қолданушының жұмыс орнының сипатына сәйкес болуы қажет; § Ақпараттық мәліметтер түсініктері қолдану саласы ұғымдарына сәйкес болуы қажет; § АЖ кіріс және нәтижелік ақпаратты бақылау құралдарымен, сонымен қатар, ақпараттық массивтерді жаңалау, ақпараттық базаның бүтіндігін бақылау, санкцияланбаған енуден қорғау құралдарымен қамтылуы қажет. АЖ-ң ақпараттық жабдықтауы - бірегей сыныптау жүйесі, құжаттар жүйесі және ақпараттық база жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық жабдықтау. Ақпаратты іздеу, өңдеу, тарату мәселелерін тиімді орындау мақсатымен ақпаратты бастапқы кезінде белгілі бір тәртіппен, яғни белгілі сыныпталуы түрінде ұсыну қажет, содан кейін классификаторларды қолданып ақпаратты кодтау, яғни формальды түрге келтіру қажет. Сыныптау (классификациялау) - объектілер жиынтығын қалыптасқан әдістерге сәйкес белгіленген сипаты бойынша бірнеше бөліктерге бөлу. Сыныптау объектілер класстары арасындағы тұрақты заңды байланыстарды белгілейді. Объект ретінде кез-келген зат, процесс, материалды, материалды емес сипаттағы құбылысты алуға болады. Сыныптау жүйесі объектілерді топтастыруға және нақты кластарын бөлуге мүмкіндік береді. Әдетте кластар ортақ қасиетімен сипатталады. Сонымен, объетілерді белгілі бір сипатына қарай бөлудегі ережелер жиынтығы сыныптау жүйесі деп аталады. Сыныптау объектісінің қасиеті осы Нысанның басқа объектілермен ұқсастығын не болмаса айырмашылығын білдіретін болса, ол сыныптау белгісі деп аталады. Мысалы, «автоматтандыру объектісінің қызметіне қатысты партнер – кәсіпорынның рөлі» белгісі кәсіпорындарды жалпы «жабдықтаушы» және «тұтынушы» топтарына бөледі. Классификатор – ақпарат жүйесіндегі ақпаратты формальды түрде сипаттауға мүмкіндік беретін құжат. Бұл ақпарат объектілер атауларын, сыныптау топтары аттарын, олардың кодтық белгілерін қамтиды. Сыныптау жүйесі келесі қасиеттермен сипатталады: § Жүйенің икемділігі; § Жүйенің сыйымдылығы; § Жүйенің қамтылуы дәрежесімен. Бұл қасиеттер жаңа белгілерді енгізу мүмкіндігіне әсер ететін көрсеткіштер. Қазіргі кезде сыныптау жүйесінің екі түрі қолданылады:
Иерархиялық әдісті қолдануда Нысанның бөлінуі оған тәуелді сыныптық топтарға бөлінумен сипатталады, яғни иерархиялық құрылымдық процессті аламыз. Бөліну анықталған сыныптау белгісі негізінде жүргізіледі.
|