Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Иллюстрациялы материалдар.




1. Жедел улану кезінде ХТТ көбіне келесі токсиканттарға немесе олардың жекеленген өкілдеріне жүргізіледі:

• Психотропты дәрілік препараттар: барбитураттар, бензодиазепиндер. Фенотиазиндер, лепонекс, тырысуға қарсы және басқа үшциклды антидепрессанттар, наркотикалық анальгетктер (опиаттар және опиоидтар).

• Кардиотоникалық әсерлі дәрілік препараттар мен басқа да заттар: адреноблокаторлар, кальций каналының антагонистері, жүрек гликозидтері. Антиаритмиалық препараттар, клофелин.

• Тырысуға қарсы дәрілік препараттар мен басқа да заттар: тубазид. Үшциклды антидепрессанттар.

• Антихолинергиялық (холинолитикалық) әсерлі дәрілік препараттар және басқа да заттар: антигистаминдік. Паркинсонға қарсы заттар. Белладонна алкалоидтары.

• Алкоголь және алкаголь суррогаттары, басқа спирттер: метил, этиленгликоль, изопропил.

• Органикалық еріткіштер: дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, трихлорэтилен, бензол.

• Күйдіргіш сұйықтықтар: қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар.

• Метгемоглобин тәрізді әсер ететін улар: анилин, нитраттар, нитриттер.

• Металл қосылыстары (мыс, сынап, темір, қорғасын және т.б.), күшәннің және селеннің.

• Улы саңырауқұлақтар.

• Көміртегі (II) оксиді, құрамында улы буы бар басқа газдар.

• Тітіркендіретін, күйдіретін, тұншықтыратын әсерлі газдар: хлор, аммиак, азот оксиді, күкірт оксиді, күкіртсутек.

•Антихолинэстеразалық улар: фосфоорганикалық инсектицидтер, карбаматтар. Пиретроидтар. Физостигмин.

• Токсиндер (жануар және өсімдік текті улар).

• Есірткілер.

 

2. Кесте 1. Жедел интоксикация кезіндегі тері түсінің өзгеруі (мысалдар)

Терінің түсі Токсикант немесе токсикалық үрдіс.

Көгерген (цианоз) Гипоксия, метгемоглобинемия.

Көк Амитриптиллин немесе хлоралгидрат таблеткасы.

Сарғаю Бауыр функциясының бұзылуы, алкаголь,бораттар, нитраттар, балық және саңырауқұлақпен улану, металдар, еріткіштер.

Қызару Көміртегі (II) оксиді.

Қараю (некрозға айналады) Қышқылдар, сілтілер, заттардың артерия ішіне енгізілуі.

 

Әдебиет.

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + CD/ под ред. Н.И. Калетиной.-М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология Е.А. Лужников. -М., "Медицина", 1994.- 189 с

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия / В.Ф. Крамаренко. – Киев, «Высшая школа», школа», 1989. – 272 с.

 

Қорытынды сұрақтары.

1. Химия-токсикологиялық талдауға қойылатын талаптар.

2. Әдісті таңдау. Клиникалық мәліметіне байланысты талдау әдісін таңдау.

3. Таңдалған талдау әдісінің жүргізілу ерекшкліктері.

4. Жедел улануда ХТТ жүргізілетін токсиканттар тобын санау.

5. Жедел улануды экспресс-диагностикалаудағы талдау әдістері.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 178; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты