КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Несие № 3. Тақырыбы 1 – 4. Экстракция және сорбция арқылы оқшауланатын заттар тобыТақырыбы 1 – 4. Экстракция және сорбция арқылы оқшауланатын заттар тобы. Улы заттарды биологилық нысандардан полярлы еріткіштермен оқшаулау әдістері. Биологиялық нысандардың сипаттамалары. Ортақ және жеке - дара әдістерінің салыстырмалы сипаттамалары. Алынған сорындыларды тазарту жолдары, әдістері. Улы заттардың сот- химиялық сараптамасында оларды қышқыл сорындыда айғақтау және сандық мөлшерін анықтау әдістері. Барбитураттарды химия – токсикологиялық талдау. Улы заттардың сот- химиялық сараптамасында оларды сілтілі сорындыда айғақтау және сандық мөлшерін анықтау әдістері. Алкалоидтарды химия-токсикологиялық талдау. Клиникалық токсикологияға кіріспе. Пән мідеттері және негізгі бөлімдері. Өткір уланулар аналитикалық диагностикасын ұйымдас- тыру – құқықтық сұрақтары. Химия-токсикологиялық зертхана құжаттары
Мақсаты:Студенттерді клиникалық токсикологияның тапсырмаларымен, жедел уланудың сипаттамасыменолардың себептері және жедел улану кезінде көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру жұмыстарымен таныстыру.
Дәріс тезистері Токсикология (грек тілінен, toxicon–у жәнеlogos- өлім)- удың тірі ағзаға әсерінің заңдылықтарын оқытатын медицинаның бөлімі. У іс жүзінде кез-келген химиялық қосылыс болуы мүмкін, ағзаға түскен санына байланысты өмір үшін қауіпті жағдай туғызуы жане өмірлік маңызды функциялардың бұзылыстарын шақыруға қабілетті. Заттардың улылығы қанша жоғары болса, сонша аз дозада ағзаның өмірлік әрекетінің бұзылысын шақырады. Ағзаға аз мөлшерде түсіп, улану шақыратын және өлім тудыратын зат у деп аталады. Қазіргі заманғы ғылымның даму этабында, тұрмыста және өндірісте қолданылатын техникалар, қоршаған орта химикаттары адам үшін қауіпті. Қазіргі уақытта 500-ге жуық токсикалық заттар белгілі. Көпшілік әлем елдері сияқты біздің еліміздің клиникалық практикасында да жедел улану жиі кездеседі. Соңғы жылдары алкогольдік және есірткілік заттармен, сонымен қатар психотропты әсерлі тыныштандырғыш заттармен, фосфоорганикалық инсектицидтермен және сірке суы эссенциясымен улану және өлім саны артуда. Удың ағамен әрекеттесуі салдарынан интоксикация немесе улуну деп аталатын патологиялық жағдай туады. Ағзаға сырттан түскен "экзогенді" улармен улану терминологияға сәйкес интоксикация деп аталады. Жалпы токсикологияның негізіне токсикологиялық заттардың ағзадағы қозғалысын: түсу жолын, сіңірілуін, метаболизмін(биотрансформация) және шығарылуын оқыту кіреді. Сол себепті токсикологияның бірінші тапсырмасы токсикалық қасиеті бар химиялық заттардың сипаттамасы және оларды табу болып табылады. Удың ағзамен әрекеттесуін оқытатын екі аспект бар. Олар: ағзаға зат қалай әсер етеді (токсикодинамика) және заттармен ағзада қандай өзгеріс болады (токсикокинетика). Токсикологияның екіншітапсырмасы оқытылатын химиялық заттың токсикалық әсер зонасын (токсикометрия) анықтау болып табылады. Уланудың токсикологиялық диагностика зертханасының 3 негізгі бағыты бар: 1) Ағзаның биологиялық ортасынан токсикалық затты жедел табуға арналған арнайы токсикологиялық зерттеу (сапалық және сандық). 2) Қанның биохимиялық құрамының патологиялық өзгерісін анықтау мақсатында арнайы биохимиялық зерттеу жүргізу. 3) Бауырдың, бүйректің және басқа ағзалар мен жүйелердің функциясының токсикалық зақымдалу дәрежесін диагностикалауға арналған арнайы емес биохимиялық зерттеу. Ағзаның биологиялық ортасынан (қан, зәр, жұлын-ми сұйықтығы, диализдеуші сұйықтықтар) токсикалық заттарды минимальды қысқа мерзімде (1-2 сағат) жеткілікті дәлділікпен анықтау үшін химия-токсикологиялық талдауға аспаптық экспресс-әдістер пайдаланылады. Барлық іс әрекеттер заңды және заңсыз есірткілік заттар айналысына байланысты бірқатар заңды құжаттармен регламенттеледі. Оларға ҚР-ның қылмыстық қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР-ның құкқықтық қаулысы, ҚР-ның ДСМ жазбалары және бұйрықтары, сонымен қатар бірқатар нормативтік құжаттардың ведомосты (МВД, КНБ) кіреді. Бөлшектелген ағзалардың химия-токсикологиялық соттық сараптамасы бірнеше жұрналдардың мәліметіне сәйкес және ҚР-ның ДСМ 20.12.2004ж. 875/1 бұйрығымен қабылданған "Соттық-медициналық сараптама жасау және ұйымдастыру ережелері" құжатына сәйкес жүргізіледі. Бұл жұрналдар сараптау және зерттеу регистрациясы және соттық-медициналық сарапшы-химиктің зерттеудің жүргізілуі туралы, аспаптардың жұмысы, есебі, нәтижесі, этил спиртінің шығынын есепке алу жұрналы, материалдық бағалау, сандық есебі туралы қысқаша жазылған жұмыс жұрналы.
|