Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несие № 5. Тақырыбы 1.Сот – химиялық сараптамада газ – сұйық хроматографиямен бірге селективті детекторларды қолдана отырып




Тақырыбы 1.Сот – химиялық сараптамада газ – сұйық хроматографиямен бірге селективті детекторларды қолдана отырып, мәйіт ағзаларынан ФОҚ анықтау.

Мақсаты:Сот – химиялық сараптамада газ – сұйық хроматографиямен бірге селективті детекторларды қолдана отырып, мәйіт ағзаларынан ФОҚ анықтаумен танысу.

Тапсырма:

1. Фосфорорганикалық пестицидтер.

ФОП қатты кристалды заттар,түссіз немесе сары – қоңыр түсті майлы сұйықтықтар.Олардың көбісінде спецификалық жағымсыз иісі бар, бу қысымы төмен, суда аз ериді, липидтерде жақсы ериді.ФОП-нің ұшқыштығы төмен (дихлорфостан басқасының) , суда гидролизге ұшырайды, улы емес қоспалар тузеді және бұл заттармен улану қаупі төмен хлорорганикалық пестицидтерге қарағанда,ХОП ағзаға созылмалы түрде әсер етеді

2. Газ хроматографияcы.

Әдіс жоғарғы сезімталдығына байланысты кеңінен қолданыста, бұл әдіс өсімдік текті және жануар текті тағамдарда, сыртқы ортаның әртүрлі объектілерінде, техникалық препараттарда пестицидтердің микросанын анықтауға және сандық талдауға мүмкіндік береді. Газ хроматографиясының эффективтілігі детектордың типіне және жұмыс уақытына , бөлгіш колонкасына , хроматографирлейтін қоспалардың қасиетіне, қолданылатын аппаратураға байланысты анықталады.Анықталуы капиллярлы калонкаларда полярлығы ажыратылатын қозғалмалы сұйық фазаларда жүреді.Әр жүргізілетін тапсырыста қозғалмалы сұйық фазаны таңдау жеке жүреді.Детекторды таңдау анализ мақсатына және жүргізілетін жағдайына байланысты.Газ хроматографиясы масс – селективті детектормен.ГХ – МС жүйесі библеотекамен жабдықталған, олар пестицидтердің спектрі, метаболиттері және ыдырау өнімі туралы ақпараттар береді.Қазіргі кезде ГХ-МС әдісімен анықтауға және сандық талдауға бірнеше комплексті жүйелер шығарылған.Олардың көбісі алынған ақпаратты ең жаңа математикалық әдісті пайдалана отырып анықтайды.

Орындау түрі:тақырыпты өзі меңгеру,реферат

Орындау критерилері:

· Сұрақтар бойынша әдебиеттермен жұмыс

· Рефератты дайындау және график бойынша тапсыру

· Максимальды балл алу

Тапсыру мерзімдері:2-ші апта

Әдебиет

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272 с.

Бақылау (сұрақтар)

1. Фосфорорганикалық пестицидтер, сипаттамасы, токсикологиясы.

2. Бөліп алу және тазалау ерекшеліктері.

3. ФОП анықтау әдісі.

4. ФОП сандық талдауы.

5. Сот–химиялық сараптамада мәйіт ағзасынан ФОП-ді газ-сұйық хроматографиясының селективті детекторларымен анықтау.

Тақырыбы 2.Металло-лигандты гомеостаз: рекомбинациондық принцип бойынша және антагонисттік регуляция принципі бойынша микроэлементтердің механизмі.

Мақсаты:ағзаның металло-лигандтық гомеостазымен және оның мағынасымен танысу.

Тапсырма:Ағза – бұл динамикалық полилигандтық және полиметаллдық жүйе, оның функциясы үшін металло-лигандтық гомеостаз (МЛГ) қажет.

Алмасу, циркуляция, металл иондарының депонирлеуі олардың табиғи эндогенді ( нуклеин қышқылы, көмірсулар, аминқышқылдар, пептидтер, ақуыздар, витаминдер, гормондар) және экзогенді лигандалармен ( дәрілік препараттар, ас тағамдары) комплекс түзу процесімен түсіндіріледі. Кейбір кездері металл қосылыстардың жиілігі, интенсивтілігі немесе әсердің ұзақтығы адаптациялық сиымдылығы механизмінен жоғары болады. Сол кезде металлдың токсикологиялық дәрежесінің эксперттік бағасы туралы сұрақ туындайды. Металлдың және басқа элементтердің ( мысалы, селен, күшәла) токсикалық әсерін анықтау үшін, осы топ токсиканттардың ерекшк және әртүрлі физикалық және химиялық қасиеттерін ескеру қажет. Қоршаған ортада элементтердің бар болуы, олардың өсімдік және жануар ағзаларына әртүрлі химиялық формада болуы (элеметтік, иондық, коваленттік) химиялық және токсикологиялық қасиеттеріне байланысты болады

2.Табиғатта координиталық әсер элементтері таралған.

Биохимиялық процесстер және физиологиялық көрсеткіштерге синергиялық және антогонисттік әсер көрсететін жұп немесе үштік элементтер кездеседі. Мысалы, Мо антогонистері Cu және Mn –тің жоғары деңгейі Mo –нің айқын жетіспеушілігіне әкеледі, ал Мо қатерлі ісік ауруларын тудыратын факторларының бірі болып есептеледі. Элементтердің біріккен ішек қабырғасындағы фосфорлану процессіне немесе асқорыту ферменттерінің белсенділігіне әсер ету арқылы негізделген.Сонымен қатар, тікелей емес те әсер болуы мүмкін, мысалы асқазан,ішек микрофлорасын белсендіру және көбеюді ынталандыру жолымен әсер ету. Синергиялық механизмдер тіндік және жасушалық метаболизм деңгейінде жұмыс атқарады. МЛГ бұзылыстары металлдар иондарының жетіспеушілігіне немесе күрт көбеюіне , сонымен қатар лигандтар концентрациясының жоғарлауына немесе төмендеуіне әкеледі. МЛГ рекомбинациялық принципке сүйенеді.

Орындау түрі:тақырыпты өзі меңгеру,реферат

Орындау критерилері:

· Сұрақтар бойынша әдебиеттермен жұмыс

· Рефератты дайындау және график бойынша тапсыру

· Максимальды балл алу

Тапсыру мерзімдері:2-ші апта

Әдебиет

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272 с.

Бақылау (сұрақтар)

1. Токсикалық металлдардың негізгі факторлары.

2. Металлолигандты гомеостаздың негізі (МЛГ).

3. Табиғи эндогенді лигандалар.

4. Экзогенным лиган­даларға не жатады?

5. Рекомбинациялық принциптің көрнектілігі.

Тақырыбы 3.Клинико- токсикологиялық және сот-химиялық проблемалары, МЭ дефицитімен, көп мөлшерде болуымен және дисбалансымен байланысты.

Мақсаты:металл элементтердің клинико- токсикологиялық және сот-химиялық проблемаларымен танысу.

Тапсырма:

1. Макро- және микроэлементтердің ағзадағы рөлі және мағынасы.

Ағзадағы макро- и мик­роэлементтердің рөлі мен мағырасын ескере отырып, металл және металл емес элементтерді де ескеру керек. Металлдың және басқа элементтердің ( мысалы, селен, күшәла) токсикалық әсерін анықтау үшін, осы топ токсиканттардың ерекшк және әртүрлі физикалық және химиялық қасиеттерін ескеру қажет. Металлдар табиғи жолмен деградацияға ұшырамайды, сондықтан олардың әсерінің айқындығына әкеледі, басқа тұрақты табиғи органикалық токсикалық заттарға қарағанда. Ерітінділерде металл қосылыстары ионизацияға ұшырауы абсорбцияға ықпал етеді, токсиканттардың бөлінуіне және шығарылуына әсер етеді. Химиялық жағдайы және қышқылдану дәрежесі металл қосылыстардың токсикологиясына әсер етеді. Басқа жағынан, сыртқы орта жағдайына (рН, температура, лигандтардың болуы) байланысты металлдар био- және экожүйеде болуына әкеледі. Металл тұздарының (металдың иондық формасы) токсикологиялық қасиеті бар, олар комплекс түзетін металлдардан ерекше болады. Комплексті металлдар молекуланың геометриясына, табиғи лигандтарына, тұрақтылыққа және басқа да факторларға байланысты өзін әртүрлі көрсетуі мүмкі, ол олардың абсорбциясына және ағзада таралуына әсер етеді. Металлома компоненттерінің сандық өзгерісі— өнімнің металлдардың иондық және атом формаларының нуклеотидтармен және нуклеозидтермен, ақуыздармен және аминоқышқылдарымен, көмірсулармен және жоғарғы май қышқылдарымен, гормондармен және простагландиндермен әрекеттесуі, көбінде білінбей қалады. Металл тірі жасушада кластер немесе комплекс күйінде болуы мүмкін, және де иондық немесе молекулярлық формада болады. ВЭЖХ-ИСП-МС, КЭ-ИСП-МС-ЯМР немесе ВЭЖХ-ИСП-МС-ЯМР кешенді аналитикалық немесе тандемді,метабономиктер және метаболомиктер жүйелерінің ендірілуіне байланысты биологиялық белсенді амфотерлік элементтердің жасуша ішілік және жасуша аралық құрылымдарда (мысалы селен),сонымен қатар биомаркерлерде (табиғи органикалық метаболиттер) металлдардың орналасу қалпын анықтауға мүмкіндік береді.Қоршаған ортада металлдардың белгілі шарттарда бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы био­геохимиялық циклдармен байланысты. Табиғатта координиталық әсер элементтері таралған. Биохимиялық процесстер және физиологиялық көрсеткіштерге синергиялық және антогонисттік әсер көрсететін жұп немесе үштік элементтер кездеседі.мысалы жұп элементтер Ре/Мп, Ре/2п, 2п/Си, Сё/Си, Си/Мо және т.б., үштік элементтер (I2, Са, РСу ). (Мо. Си, S042).

2. Адам ағзасында 80-нен астам химиялық элементтер табылған.

Эксперименттермен патологияның 3 үлкен мәселесін қарастырады: элементтердің жетіспеушілігі, элементтердің интоксикациясы жәнеэлементтердің дисбалансы. МЛГ бұзылыстары металлдар иондарының жетіспеушілігіне немесе күрт көбеюіне , сонымен қатар лигандтар концентрациясының жоғарлауына немесе төмендеуіне әкеледі. Молекулярлықтан бүкілағзалық деңгейлердегі жүйе элементтерінің сандық өзгерістерімен қатар, олардың топтық ауысуы сол жүйе қаситтерінің трансформациясына соқтырады. Дәрілік заттардың көбісінде электронодонорлық топтар бар және олар белсенді лигандтар болып есептеледі. Кешеннің тұрақтылығы тұрақтылық константамен сипатталады, ал ол өз кезегінде лиганд алмасу процесстерінің бағытын жоспарлауға мүмкіндік береді (тұрақты кешен ең кіші тұрақсыздық константаға ие). Биокешеннің тұрақтылығыкөптеген факторлармен анықталады: комплементарлық, стереоселективтік, микроэлементтер және лигандтардың табиғаты, молекула ішілік және молекула аралық тұрақтандырушы және тұрақсыздандырушы әсерлері және т.б. Химиялық агенттер, және соның ішіндегі металл қосылыстар,жасуша апоптозының қалыпты жағдайын бұзуға бейім. Тікелей және тікелей емес генотоксикалық қасиеті бар, табиғаты әртүрлі металлдардың қосылыстары биотеррористиялық актілерде жасырын түрде қолданылуы мүмкін.

МЭ қалпына келтіру өте қиын. Қазіргі кезде жеке микроэлементтердің ағзадағы жетіспеушілігімен күрес жүргізіледі, оның бірінші қатарда йод, селен, мырыш және темір микроэлементтеріне көп көңіл бөлінеді.
Орындау түрі:тақырыпты өзі меңгеру,реферат

Орындау критерилері:

· Сұрақтар бойынша әдебиеттермен жұмыс

· Рефератты дайындау және график бойынша тапсыру

· Максимальды балл алу

Тапсыру мерзімдері:2-ші апта

Әдебиет

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272 с.

Бақылау (сұрақтар)

1. Макро- және мик­роэлементтердің адам ағзасындағы рөлі және мағынасы

2. Әртүрлі биохимиялық процеске және физиологиялық көрсеткішке синергиялық және антогонисттік элементтердің әсер етуі.

3. Ағзадағы элементтердің өзара әрекеттесуі.Апоптоз процесіне микроэлементтердің әсері.

4. Металлдардың токсикалық әсеріне әсер ететін факторлар.

5. Адам статусының элементтік бағасы.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 75; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты