КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ХІІІ ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛІНІСТЕР
1. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер. 2. Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі. 3. Әлеуметтік шиеліністердің дамуындағы сатылар. 4. Шиеліністердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.
Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді. Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады. Шиелініс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды. Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеліністер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-сңды болып көрмеген шиеліністі жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды. Міне, сол себептен әлеуметтік шиеліністерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиелініске жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеліністің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет. Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты. Әлеуметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеліністің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. 19 ғасырдың соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеліністер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К,Маркстен кейін көп ұзамай шиеліністердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған күрестен іздеу керектігін айтты. “Әлеуметтік шиелініс” (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған. Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар “әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын” негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған. Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтікшиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияныі классиктері Р.Дарендорф (Германия), Л.Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті. Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Мәселен, саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясының 1997 – жылы Сеулде болған Дүниежұзілік конгресі осы мәселені талқылауға арналған.
|