Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шелфорд ережесі




Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, ағзаның тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттың (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мүны Шелфорд ережесі деп те атайды: - ағзалардың белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, ағзаның белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia - шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жогаргы) мәндердін аралыгында гана өмір сүре алады. Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік - ағзалардың орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады. В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында (өсімдік, мал, орман, т.б.) үстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынга түседі, себебі әр фактордың, әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалган жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шыгып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20°С-та ыстық жақтың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай Бұл жағдайда тіршілігін жояды. Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездеспейді. Бұл жағдай түрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды. Жеке қажеттілік деп индивидтің (жеке особтын) тіршілік етуіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетгі жағдайларға мүқтаждығы. Егер түрлердің бір факторға тұрақтылықтары бірдей болса, басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады.

Одум ережелері

В.Шелфордтың толеранттылық заңын кейін американдық ғалым Ю.Одум (1979 ж.) бірнеше ережелермен толықтырды:

· - азғалар кейбір факторларға кең ауқымды (яғни,

толеранттық диапазондары кең) және басқа факторларга тар ауқымды төзімділікте (яғни, басқ а факторларға қатысты толеранттылық диапазоны аз) болуы мүмкін;

· - экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары

(диапазондары кең) азғалар әдетте табиғатта кең таралған;

· - егер түр үшін бір экологиялық фактордың әсері оптималды

Болмаса, төзімділік шектері басқа экологиялық факторларға да өзгеріп, төмендеуі мүмкін. Мысалы, топырақ қүрамындағы азоттың мөлшері аз жағдайда астық түқымдастардың құрғақшылыққа төзімділігі төмендейді, сәйкесінше топырақта азот жеткілікті жағдайға қарағанда ылғалды көп қажет етеді. В.Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды. Экологиялық толеранттылыққа байланысты азғалар екі типке бөлінеді.

8.Популяциялардың,қауымдастықтардың экожүйелер ,олардың арақатынасын зерттейтін экология бөлімі:

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің –популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Популяция(латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы.

9.Гетеротрофты организмдер (грек. heteros – басқа, жат, trophe – қорек) – негізінен дайын органик. заттармен қоректенетін организмдер. Олар өз денесінің құрамын бейорганик. заттардан түзе алмайды. Гетеротрофтарға адамжәне барлық жануарлар, паразиттік жолмен тіршілік ететін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроорганизмдер жатады. Гетеротрофтар энергияны органик. заттардың биол. тотығуының арқасында алады. Гетеротрофтардың қоректенуіне қарай үш түрі болады: сапрофитті немесе осмотрофты Гетеротрофтар – түрлі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ыдыраған немесе бөлінген өнімдермен қоректенетін организмдер (ашытқылар, зең микробтары, көптеген бактериялар); голозойлы немесе анималды Гетеротрофтар – басқа организм денесіндегі сөлдермен қоректенетін организмдер.

Автотрофты ағзалар (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар гетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы.[1]
Автотрофты ағзаларға жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады.

10.Жер үсті суларының ластануынаң негізгі себептері:

Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді.Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын) және уытсыз болып келеді.

Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.

Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.

Механикалық ластану суға әртүрлі механикалық қоспалардың (құм, шлак, балшық, т.б.), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады.

Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жерүсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, улы газдардың (күкіртсутегінің, метанның) бөлінуіне әкеліп соғады

11.Консументтердің түрлері,маңызы:

Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтезжүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлықгетеротрофты организмдер Консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы,паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консументтер алғашқы (бірінші реттік) және соңғы (екінші реттік) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір “өсімдік қоректі” микроорганизмдер), ал соңғысына – жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. “Консументтер” деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы Консументтерредуценттерге (органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдерге) жатпайды. Сонымен қатар Консументтер ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент – консумент – редуцент қатарларын жіктеуде қолданылады. Экологиялық жүйеде Консументтер басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 387; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты