КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Табиғатты қорғау тұрақты дамуДемография.қоршаған орта.тұрақты даму. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; ; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта. Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
3.Биотикалық абиотикалық факторлар: Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) я биоценозга әсер ететін жиынтығы. Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері тағы басқалар .Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез – құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді. Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тіріорганизмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1] Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар,топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Табиғатты қорғау тұрақты даму Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1] Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз: · Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру; · Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру; · Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау. 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.
|