КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экология ғылымының және тұрақты даму ұғымының қалыптасу тарихы мен заі негіздері.Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен,ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты. Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) жәнеВ.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды. Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстанужәне қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды. 13.Экологияның функциональды бөлігі-экожүйе және биогеоценоз: Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғиорта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергиянытрансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы. Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді. Биогеоценоз 2-ге бөлінеді. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе. Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады 14.Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу себептер: Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Олардыжылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж. құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. 15.Өздерінің күнелтуі үшін органикалық жіне бейорганикалық заттарды пайдаланатын ағзалар: Консументтер мен редуценттер 16.Экологияның тұрақты даму бағытының бастамалары:рим клубы,киото хаттамасы,бұұ конференциялары. Рим клубы — 1986 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым. Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар “органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады. Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киотоқаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат. Киото хаттамасының экономикалық негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық экономист Рональд Коуздың экономикалық жекеменшік құқық теориясы алынған. Қорыта айтқанда, Киото хаттамасына қосылу қоршаған ортаны қорғауды басқарудың сапасын көтеріп, индустриялық-инновациялық дамуды жеделдетуге, сондай-ақ тараптар конференцияларына қатысу құқығына ие болу арқылы бүкіл әлемнің энергетикалық саясатына тікелей әсер ететін келіссөздерде еліміздің энергетикалық саясатын қорғауға мүмкіндік береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы Орта Жөніндегі Бағдарламасы ЮНЕП (ағылш. United NationsEnvironment Programme — UNEP) — Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы. Бағдарлама1972 жылы 15 желтоқсанда құрылды, штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. ЮНЕП-тің ұраны: "Қоршаған орта өркендеу жолында" [1] БҰҰ-ның 1972 ж. 5 — 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары — Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Найробиде. Басқару Кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметі мен үйлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бойынша қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылауда ұстаумен, т.б. көптеген шаралармен айналысады. Қоршаған ортаны саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ашылды. ЮНЕП-тің көптеген биологиялық Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1994 ж. қыркүйектен бері мүше. 1994 ж. қазанда Париждежасалынған шөлге қарсы күрес Конвенциясына Қазақстан Республикасы да қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүниежүзілік қордың (ФГОС) қаржыландыруымен ЮНЕП-тің “Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау” бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП-тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері жағдайлары жөніндегі халықаралық Конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі Заңын шығару және экологиялық Заңдарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. 17.ҚР қорықтары мен қорықшалары: Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқанҚазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. [1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөлаудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фаунабар. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Қорғалжын қорығы[1] – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындаорналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығыШығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқанАлтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы). Үстірт қорығы[1] — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдыңсолтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер(Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қаратау қорығы[1]- Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағыҚаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық. Онда өсетін сирек кездесетін жәнеэндемик түрлерінің саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га. 18.Қазіргі заманғы экологиялық,әлеуметтік проблемалар: Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендікқұбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар: · Ресурстар проблемасы; · Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы; · Энергетикалық проблема; · Демографиялық проблема; · Климаттың өзгеруі; · Экологиялық проблемалар; · «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою; · Қауіпті ауруларды жою; · Әлемдік мұхит пен космосты игеру; · Қылмыспен және терроризммен күрес; · Наркобизнеспен күрес.
|