Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ақпарат тарату және зат пен энершия айналымы заңдылықтары




Биосферадағы заттар айналымы:Биосфера күнелтіп, өмір даму үшін заттар бір ағзалар пайдаланған соң басқа ағзалар сіңіре алатын түрге ауысып отыру керек. Айналымның екі түрі бар: үлкен (геологиялық) және кіші (биогендік немесе биохимиялық). Үлкен айналым жүздеген млн. жылға созылып, жек қыртысының қабаттарында жүреді. Кіші айналым биосфера шегінде биогеоценоз деңгейінде жүреді. Мүндай айналымды биогеохимиялық цикл деп атайды. Ол: 1) газдық (азот, оттегі, көмірқышқыл газы, бу) және 2) шөгу (фосфор, кальций, темір) болып бөлінеді. Су айналымы өсімдіктер мен жануарлардың өлі материямен байланысындағы маңызды көпір. Үлкен айналымда су литосфераны бұзып, теңіздерге алып кетеді. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мүхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Көмірқышқыл газы айналымы – фотосинтез. Азот айналымы микроағзалар арқылы өңделіп, өсімдіктер сіңіретін түрге айналып отырады. Көміртегі айналымы. Табиғатта көміртегі көптеген түрде, орың ішінде органикалық қосылыстардың құрамында болады. Бұл элементтің биогендік айналымының негізін құрайтын органикалық зат – көмір қышқыл газы (СО2 ). Табиғатта СО2 атмосфераның құамында және еріген күйде гидросферада болады. Органикалық заттардың құрамында көміртегі фотосинтез үрдісі нәтижесінде түзіледі. Фотосинтез барысындағы түзілген қанттар күрделі көмірсуларға (крахмал, гликоген), және де протеидтерге, липидтерге айналып жатады. Тыныс алу нәтижесінде барлық ағзалар күрделі органикалық заттарды тотықтырады; бұл үрдістің соңғы сатысында СО2 сыртқы ортаға шығып, қайтадан фотосинтез үрдісіне қатысады. Тірі ағзалар өлгеннен кейін олардың құрамында көміртегі бар органикалық қосылыстардан тұратын ұлпаларын редуценттер биологиялық ыдыратуға ұшыратады. Осындай ыдырау нәтижесінде түзілген СО2 тағы айналымға түседі. Бұл үрдісті топырақтық тыныс алу деп атайды. Кейбір жағдайлардың әсерінен көміртегі айналымы тоқтап, жер қойнауында шым тезек, көмір, мұнай түрінде қалып қояды. Азот айналымы. Органикалық қосылыстардың азотының басты көзі – атмосфера құрамындағы молекулалық азот. Тірі ағзаларға пайдалы түріне айналудың әртүрлі жолдары бар. Мысалы, найзағайдың әсерінен азот оксидтері түзіліп, жаңбырмен шайылып, топыраққа жетеді. Азот сіңіруінің маңыздылау түрі болып келетіні – күрделі протеидтер түзетін азоттоқтатушы микроағзалар қызметі. Өлу нәтижесінде бұлар топырақты азотпен байытып отырады. Сонымен азот айналымында ең үлкен қызмет атқарушылар – микроағзалар: азоттоқтатушылар, нитрификаторлар, денитрофикаторлар. Атмосфераға азот топырақ құрамындағы шіріктерден бөлінген газдармен қайтады. Оттегі айналымында тірі заттың белсенді геохимиялық қызметі айқын байқалады. Ғаламшардың жасыл өсімдіктері жылына 300∙109 т оттегін өндіріп отырады екен. Осының 25% ғана құрғақтың өсімдіктері бөледі, қалғанын фотосинтезге қатысатын Әлемдік мұхиттың ағзалары бөліп отырады. Оттегі жану үрдісінде, тірі ағзалардың тыныс алуына, микроағзалардың тотығу реакцияларын жүргізуіне пайдаланылады. Фосфор айналымы. Табиғатта фосфор көп мөлшерде тау жыныстарының құрамында болады. Олардың ыдырау нәтижесінде фосфор жерүсті экожүйесінде немесе жауын-шашынмен шайылып, гидросферада пайда болады. Екі жағдайда да бұл элемент қоректік тізбекке түседі. Көптеген жағдайда редуценттер құрамында фосфоры бар органикалық заттарды анорганикалық фосфаттарға айналдырады да , олар өсімдіктер арқылы қайтадан айналымға қосылады. Күкірт айналымы. Топыраққа күкірт кейбір тау жыныстарының (күкірт колчеданы FeS2, мыс колчеданы CuFeS2) табиғи ыдырауы және органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде пайда болады. Тамырлық жүйе арқылы күкірт өсімдіктерге сіңеді де, олардың құрамында цистин, цистеин, метионин тәрізді аминқышқылдары түзіледі. Жануарларға күкірт қорек арқылы келеді. Биогендік катиондар айналымы. Тірі ағзаладың метаболизм үрдісіне әртүрлі катиондар қатысады. Көп мөлшердегілерін макроэлементтер дейді де, оларға натрий, калий, кальций магнийді жатқызады. Ал аз мөлшерде болғанымен, тіршілікке өте керек элементтерді (темір, мыс мырыш, марганец және т.б.) микроэлементтер деп атайды. Биогендік катиондардың құрғақтағы басты көзі топырақ, оған олар тау жыныстарының ыдырауы арқылы келеді. Тамыр арқылы өсімдіктерге еніп, оларды шөпқоректі жануарлар жеп, одан әрі қарай қорек тізбегіңің жоғарғы сатысына кетеді. Экскременттер (гуано) мен өлі ағзалардың минералдануы нәтижесінде биогенді элементтер топыраққа қайтып келіп, қайта айналымға түседі.
29) табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.
табиғи қорлар әртүрлі нышандар бойынша жіктеледі. Олар ауалық, сулық,жерқойнаулық, энергетикалық , және т.б. болып бөлінеді.

Табиғи қорлар үлкен 2 топқа бөлінеді : сарқылатын және сарқылмайтын. Сарқылатын қорлар тағы қалпына келетін және қалпына келмейтін деп бөлінеді. Сарұылатын қорлар дегеніміз өндіру арқылы табиғи ортадағы мөлшері азайып отыратын қорлар. Қалпына келмейтін дегеніміз орны бос қалатын немесе адам пайдаланғаннан кейін әлдеқайда баяу қалпына келетін қор. Ол пайдалы қазбалар. Қалпына келетін қорлар көбею арқылы (жануарлар мен өсімдіктер) немесе табиғи циклдар арқылы (жауын шашын ) тұтыну мезгілімен салыстырмалы уақытта орнына келетін қор.

Табиғи қорларды тиімді пайдалану.

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені т Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде бір-бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1-бабында ерекше қорғалатын аумақтарға мынадай анықтама берілген: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін және жер қойнауы үлескілері». Сонымен атар бұрыннан бар қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын ұлғайту мәселесі қойылуда.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 260; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты