Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Температура мәні бойынша толеранттылықтың тар аумағымен шектелген жағдайды қажет ететін ағзалар




34) экологиялық валенттілік. Шелфордтың төзімділік заңы. Ю.Либихтың минимум ережесі

экологиялық валенттілік –организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі,яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі.Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе,оның экологиялық валенттідігі де соғұрлым жоғары болады. Эврибионтты ж/е стенобионтты организмдер.Экологиялық толеранттылыққа б/ты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар- факторлардың кең диапазпонында тіршілік ете алатын организмдер. Түрлері: эвритермді- температураның үлкен ауытқуларына шыдамды организмдер, эвригалинді- су тұздылығының үлкен ауытқуына төзімді, эврибатты- қысымның қатты ауытқуына тқзе алатын организмдер, эврифагтар- әртүрлі азықтармен қоректенетін организмдер, эвритоптар- әртүрлі тіршілік орталарында кең таралғандар.Стенобионттар-тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді- тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді- су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу), стенобатты- қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар, стенофагтар- азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді,стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады ж/е т.б.

неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы.Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді

Ю.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да,өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған.Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады.Ю.Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты.Одан шығатын қорытынды,экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп,басты фактор болып саналады

В.Шелфордтың төзімділік (толерантность) заңыШешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің қурып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы андар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.

Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тірші-лігін жалғастыра береді. Организмдердің бүл тобын эврибионтты түрлер дсйді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бүлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 670; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты