КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Марқакөл қорығыБұл республикадағы 1976 жылы ұйымдастырылған ең жас қорық. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді, балықтарды қорғау; орман мен айдын көлдерін,тау өзендерін және әсем табиғатты табиғи қалыпта сақтау.Марқакөл көлінде балықтың негізгі төрт түрі кездеседі. Солардың бірі-майқан немесе қаяз балық. Көлемі 46-70см келетін бытырап жүріп тіршілік ететін балық, хариус өте бағалы ,еті дәмді тұщы су балығы.Көл жағасынан тауға қарай қайың, көктерек пен теректер өседі. Қыраттарында майқарағай мен шырша,самырсын,сібір қарағайы. Сібір қарағайының жаңғағы-ормандағы жан-жануарлардың тіршілік арқауы.Марқакөл қорығындағы тағы бір шипалы өсімдік-алтын тамыр, марал тамыр деген шөптесін өсімдік. Бұл өсімдіктің шипалық мәнін Қытай медицинасы ерте заманнан біліп,осы күнге дейін пайдаланып келеді.Қорық аң-құс түрлеріне өте бай. Онда сүт қоректілердің 40, құстардың 200 ден аса түрі мекен етеді. Ормандарында аю, түлкі, қасқыр,борсық,қоян,марал, тиын,құндыз,бұлғын құр көптеп кездеседі. "Қызыл кітапқа " енген қар барысы, қызыл қасқыр,жабайы мысық,сілеусін. Қос мекенділердің үш, бауырымен жорғалаушылардың алты түрі таралған. Көлде аққу бар.Қазіргі таңда мөлдір сулы Марқакөл көлі ластанудан зардап шегуде. Қорық маңайын қорғау, қорық алабын кеңейту, халықтың экологиялық мәлениетін көтеру мәселелері өзекті орын алып отыр.Біз табиғат қорғаушылардың үн қатуын және жәрдемдік қолдауын күтеміз.Марқакөл ғасырлар бойы жасай береді,өйткені ол қорыққа айналған, яғни ол біздің келер ұрпақтарға аманат етіп қалдырар асыл мұрамыз. Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат,Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.[1] Үстірт қорығы[1] — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән. · үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан; · құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады.
|