КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Барсакелмес қорығы.Қорық орналасқан Барсакелмес аралы Арал теңiзiнiң солтүстiк-батыс бөлiгiнде жатыр. Бұл Аралдың мөлшерi жағынан екiншi орында тұрған аралы Қызыл-орда облысының Арал ауданының территориясының құрамына кiредi. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өсед Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улықалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет. Қаратау қорығы[1]- Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағыҚаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық. Онда өсетін сирек кездесетін және эндемик түрлерінің саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қаратау қорығы2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га. Құстардың 118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай;қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі. Сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады. Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. эндемик болып саналады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін 1600 өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Батыс-Алтай мемлекеттiк қорығы 1992 жылы ұйымдастарылған. Оның ауданы 56,3 мың га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлiгiнiң таулы жерлерiнде орналасқан: Ақ Оба өзенiнiң бастауындағы Линей, Холзын, Көксi және Иванов ауданы, Тұрғысын өзенiнiң құйылуындағы Қара Оба және Борсық жерлерi. Ақ Оба өзенiнiң бастауында 14 майда мұздықтар бар. Орман шекарасынан жоғары мұздан түзiлген майда тау көлдерi және жылғаларға бастама болатын батпақ орналасқан. Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну,сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды. Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішіндеҚызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар. Қорғалжын қорығы[1] – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу,қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұндасүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2,балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық,ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар.
|