Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ




125)Табиғи қорларды тимді пайдалану,қалдықсыз технология?Табиғи қорларды тиімді пайдалану.Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.Қалдықсыз технологиябұл қоршаған ортаға зиян келтірмейтін технология болып саналады.Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі – алынатын өнімнің экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.

126)Қазіргі заманның әлемдік экологиядық проблемалары? Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:-ресурстар проблемасы;-азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы; энергетикалық проблема;-демографиялық проблема;-климаттың өзгеруі;-экологиялық проблемалар;-«үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;-қауіпті ауруларды жою;-Әлемдік мұхит пен космосты игеру;-қылмыспен және терроризммен күрес;-наркобизнеспен күрес.Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді.

127)Атмосфераның ластануының ғаламдық салдары? Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады, Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс,ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады.

128)Ағзалар тіршілігінің абиотикалық жағдайларының жиынтығы? Су — тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар.Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды планктондар.Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар — аэробионттар деп аталады.Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар деп атайды.

129)ҚР жер қорларының экологиялық жағдайлары? Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

130) Ерекше қорғалатын табиғи территориялар? Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.Қорықтар:Ақсу-Жабағылы,Алакөл,Алматы,Барсакелмес,Батыс Алтай,Қаратау,Қорғалжын,Марқакөл,Наурызым,Үстірт.

Ұлттық парктер:Алтынемел ,Баянауыл,Бурабай, Бұйратау,Жоңғар Алатауы,Қатоңқарағай,Көкшетау,Көлсай көлдері,Қарқаралы,Сайрам-Өгем,Шарын,Іле Алатауы

Резерваттар:Ақжайық,Ертіс орманы,Семей орманы,Ырғыз-Торғай.

131)Биосферадағы зат айналымы?Азот айналымы— табиғатта азоттың үздіксіз айналу құбылысы.Атмосферадағы азот (75,5%) электр құбылыстары мен фотохимиялық процестердің әсерінен әртүрлі азот қышқылыныңтұздарын түзеді де, жаңбыр суында еріп, топыраққа сіңеді, сөйтіп мұхит суына араласады.Түйнек бактериялары ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органикалық қосылыстарғаайналдырады.

Көміртегі айналымы. Табиғатта көміртегі көптеген түрде, орың ішінде органикалық қосылыстардың құрамында болады. Бұл элементтің биогендік айналымының негізін құрайтын органикалық зат – көмір қышқыл газы (СО2 ). Табиғатта СО2 атмосфераның құамында және еріген күйде гидросферада болады. Органикалық заттардың құрамында көміртегі фотосинтез үрдісі нәтижесінде түзіледі. Фотосинтез барысындағы түзілген қанттар күрделі көмірсуларға (крахмал, гликоген), және де протеидтерге, липидтерге айналып жатады. Тыныс алу нәтижесінде барлық ағзалар күрделі органикалық заттарды тотықтырады; бұл үрдістің соңғы сатысында СО2 сыртқы ортаға шығып, қайтадан фотосинтез үрдісіне қатысады. Тірі ағзалар өлгеннен кейін олардың құрамында көміртегі бар органикалық қосылыстардан тұратын ұлпаларын редуценттер биологиялық ыдыратуға ұшыратады. Осындай ыдырау нәтижесінде түзілген СО2 тағы айналымға түседі. Бұл үрдісті топырақтық тыныс алу деп атайды. Кейбір жағдайлардың әсерінен көміртегі айналымы тоқтап, жер қойнауында шым тезек, көмір, мұнай түрінде қалып қояды.
Оттегі айналымында тірі заттың белсенді геохимиялық қызметі айқын байқалады. Ғаламшардың жасыл өсімдіктері жылына 300∙109 т оттегін өндіріп отырады екен. Осының 25% ғана құрғақтың өсімдіктері бөледі, қалғанын фотосинтезге қатысатын Әлемдік мұхиттың ағзалары бөліп отырады. Оттегі жану үрдісінде, тірі ағзалардың тыныс алуына, микроағзалардың тотығу реакцияларын жүргізуіне пайдаланылады. Фосфор айналымы. Табиғатта фосфор көп мөлшерде тау жыныстарының құрамында болады. Олардың ыдырау нәтижесінде фосфор жерүсті экожүйесінде немесе жауын-шашынмен шайылып, гидросферада пайда болады. Екі жағдайда да бұл элемент қоректік тізбекке түседі. Көптеген жағдайда редуценттер құрамында фосфоры бар органикалық заттарды анорганикалық фосфаттарға айналдырады да , олар өсімдіктер арқылы қайтадан айналымға қосылады. Күкірт айналымы. Топыраққа күкірт кейбір тау жыныстарының (күкірт колчеданы FeS2, мыс колчеданы CuFeS2) табиғи ыдырауы және органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде пайда болады. Тамырлық жүйе арқылы күкірт өсімдіктерге сіңеді де, олардың құрамында цистин, цистеин, метионин тәрізді аминқышқылдары түзіледі. Жануарларға күкірт қорек арқылы келеді.
132)Жер бетіндегі су ресурстары? Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады. Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады. Қазақстан біздің планетамыздағы су ресурстары жетіспейтін азғана региондардың қатарына жатады. Ол тұщы су қорлары бойынша ТМД елдері бойынша сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Бұл территорияда су ресурстары әркеркі орналасқан және бастаулары республика шекарасынан тыс жерде жатқан транзиттік өзендерден тұрады.Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары 15,8 текше шақырымды құрайды, оның 2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.Жер асты сулары Қазақстанда пайдаланылатын су мөлшерінің 8 пайыздан астамын құрайды.

133)Топырақты ластайтын кең таралған заттар? Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді. Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде. Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады. Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:пестицидтер;минералдық тыңайтқыштар;өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;Мұнай және Мұнай өнімдері

134)Биосфера құрамы оның шегі?Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындағы химиялық элементтер: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы өзара тығыз байланысады. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп. Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Биологиялық айналымының аталған кезеңдерін жүзеге асыруға қатысатын тірі организмдер үш үлкен топқа бөлінеді:

продуценттер (өндірушілер) – бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер;

консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы органикалық затпен қоректендіретіндер (жануар, саңырауқұлақ)

редуценттер (қалпына келтіруші) – осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық затқа ыдырататын микроорганизм.Биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.

135)Тұрақты даму факторлары? Тұрақты дамудың 3 концепциясы. Негізгі факторлары: 1)Экономикалық 2)Әлеуметтік3)Экологиялық.

Экономикалық-табиғи қорларды және экологиялық технологияларды тиімді пайдалану мен соның ішінде соларды алу мен өңдеу өнімдері шығару, қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жою.

Әлеуметтік- әлеуметтік мәдени жүйелерде тұрақтысақтау, адамдар арасында қоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту тұрақты даму практикасын кең пайдалану ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді ескерту.

Экологиялық- биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің бір-тұтастығын қамтамассыз ету, мұндай экожүйелердің өздерін қалпына келтіру және өзгерістерге динамикалық бейімделу қабілетін сақтау.

Тұрақты даму мақсаттары.

1)Экономикалық- тиімділік, тұрақтылық, өсу

2)Экологиялық- экожүйенің бір тұтастығын қалпына келтіру.

3)Әлеуметтік- тұрмыс жағдайының жақсы болуы. Мәдениеттік мұрасын сақтау.

136)Жер қорларының ластануы және құнарсыздануы?Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына жәнеорман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді.

137)Демография және сапалық көрсеткішінің өзгеруі? Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарғақоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымыДж. Граунт.

138)ҚР экологиялық тұрақты даму бағыттары?Қоршаған ортаны қорғау турлы заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында 2007 жылы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі қабылданды.

139)Экология пәні мазмұны? Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан экология ғылымының қазіргі таңда мазмұны күрделі екенін байқаймыз.Экология организмдердің арасында болатын (особьтар, түр-түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар, табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

140)Судың ластану көздері?Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді.Суды 400-дей түрлі зат ластауы мүмкін. ластанудың көздері мыналар:электроэнергетика;химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп;ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;қара металлургия;түсті металлургия;машина жасау өндірісі;көмір өнеркәсібі;мұнай өңдеуші өнеркәсібі;жеңіл өнеркәсіп;құрылыс материалдары өнеркәсібі;тамақ өнеркәсібі;тұрмыстық жиынды сулары;өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы.Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.Судың радиоактивті ластануы. Су қоймалары мен адамдар денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратындар – радиоактивтік ластанулар. Радиоактивтік ластану көздеріне ядролық жарылыстар, атом реакторларының жарылысы, радиоактивтік изотоптарды өнеркәсіпте және зерттеу мекемелерінде қолдану, радиоактивтік қалдықтарды көму уран кенін тазалау бойынша және реакторлардың ядролық отынын өңдеу бойынша зауыттар, атомдық электростанциялар жатады.Жаңбырлық және нөсерлік ағынды сулар. Жаңбырлық (нөсерлік) сулар атмосфералық жауын-шашын түсуінің нәтижесінде пайда болады.

142)Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі? Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе"

143)Қоректік тізбектегі әрбір буын орны? Биоценозда қоректік торлар - жасыл өсімдіктер жинақтаған энергия мен заттарды бір-біріне беретін организмдердің көптеген қысқа қатарларынан тұрады. Әрбір алдыңғы түр келесіге қорек болатын мұндай қатарлар - қоректік тізбек, ал қоректік тізбектің бөлек звенолары - қоректік деңгей деп аталады. Қоректік тізбек әрқашан өсімдіктен немесе олардың қалдықтарынан басталады.1-ші қоректік деңгей,яғни жасыл өсімдіктер –продуценттер, яғни шөпқоректі жануарлар- І-ші реттік консументтерді құрайды. Ал шөпқоректі жануарлармен қоректенетін 1-ші реттік жыртқыш 3-ші қоректік деңгейді, яғни 2-ші реттік консументтер деңгейін; сол сияқты 2 реттік жыртқыштар 4-ші қоректік деңгейді, яғни 3-ші реттік консументтер деңгейін түзедіҚоректік тізбекті екі типке бөлуге болады: жайылымдық тізбек жасыл өсімдіктен басталып, одан әрі жайылымдағы фитофагтарға, сонан соң жыртқыштарға жалғасады.Ал детриттік тізбектер өлі органикалық заттардан детритофагтарға, одан жыртқыштарға жалғасады. Мысалы, жайылымдық тізбек: жасыл өсімдік→ шөпқоректі жануар →жыртқыш, ал детриттік тізбек: өлі органикалық зат (детрит)→ микроорганизмдер→ (бактериялар, саңырауқұлақтар) немесе детритофагтар (қосжақтаулы ұлулар, құрттар, бунақденелілердің дернәсілдері)→ детритофагтар жыртқыштарынан (құстар, жер қазғыштар және т.б.) құралады.Қоректік тізбектер бір бірінен оқшауланбай, қайта керісінше, айқасып жатады. Оларқоректік торлар деп аталатын құрылымдар түзеді

144)Экологиялық дағдарыс және тұрақты даму? Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортанықорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу,демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды. Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй,апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафтәсемдігінің бұзылуы), т.б. Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар – министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды.

145)Ғаламдық экологиялық мәселелер? Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесіжаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:Ресурстар проблемасы;Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;Энергетикалық проблема;Демографиялық проблема;Климаттың өзгеруі;Экологиялық проблемалар;«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;Қауіпті ауруларды жою;Әлемдік мұхит пен космосты игеру;Қылмыспен және терроризммен күрес;Наркобизнеспен күрес. Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені.

Қышқыл жаңбыр ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады.Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады.

146)Экожүйенің трофтық құрылымы.экологиялық пирамида?Экожүйенің трофтық құрылымы Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады.

Жалпы жағдайда трофтық құрылымды кезекті трофтық деңгейлердегі уақыт бірлігіндегі аудан бірлігіне шаққан энергия шамасымен анықтауға болады. Оларды экологиялық пирамида түрінде кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зерттеген Ч. Элтон (1927ж.) экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсететді. Экологиялық пирамданың типтері: 1.Сандар пирамидасы (м²/даралар саны) әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент – ағаш, ал бірінші ретті консумент – бунақ денелілер болғанда, бірінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар пиамидасы кері болады.

2. Биомассалар пирамидасы әр түрлі торфтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды (органикалық заттардың құрғақ массасы г/ м²). Өндірушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.

3. Энергия пирамидасы (Дж/ м² жыл) кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағынының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жұйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алынуы керек.

 

 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 183; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты