Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сұрақ. Әдебиеттің эстетикалық қызметі. Басқа ғылымдармен байланысы.




Халықшылдық” деген жалпы өнердің халықтық мүддені қозғауы, халықтық көзқарасқа жақындауы. Григорьевтің әдеби-сын еңбектерінде халықшылдық мәселесі көрнекті орынға ие болды. Оның 1861 жылы жазылған “Пушкин өлімінен бастап, біздің әдебиетіміздегі халықшылдықтың дамуы” деген мақалалар тізбегінде ол ең алдымен, халықшыл сипаттағы туындылар отандық дәстүрден, халықтық салт-ғұрыптардан, отбасылық, туыстық бастаудан нәр алған туындылар” дейді. Шындығында сонау фольклор туындыларынан бастасақ, фольклор мұралары синкретті өнер түрінде халық шығармаларынан бастау алады. Мәселен, халқымыздың ежелгі шежіресі секілді байырғы әдеби жәдігерлер негізінде қазақ эпосының түп төркінін зерделеу, көне түркі жазба әдебиет үлгілерімен тарихи сабақтастығын түркітану, этнография, археология, этногенезбен байланыстыра отырып, жанрын, типологиясын, генезисін айқындаған іргелі зерттеулер туды. Өнер адамның іс-әрекеті мен қоғамдық сананың ерекше түрі. Болмысты нақты деректер арқылы танып-білуді мақсат ететін ғылымнан өнердің баста ерекшелігі, ол өнердегі шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелейді. Ерте заманғы адамдардың өмір туралы ұғым, түсінігі, көзқарасы, жаратылыс жұмбағын түйсіну ерекшелігі, сәбилік сана, сезім, әсіресе, ауызша тарап, жеткен аңыз-әңгімелерден, мифологиялық үлгілерден тарайды. Мифология табиғатты үрейлі құбыжық, алыптар, жын-перілер түрінде тәңірдей табынар сұрапыл күш, құдіретте ғана саятын алғашқы қауымдық қатынас кезіндегі дүниетаным болып табылады Ұлт әдебиетінің тарихи бастаулары ежелгі дәуір мұраларымен сабақтастықта зерттеу бағытындағы келелі істердің рухани түлеудегі кемел маңызы филология ғылымы, соның ішінде қазақ фольклористикасының озық әдістер ұстанып, кешенді зерттеулер жүргізу барысында соны сипатқа ие болды. Әдебиетші ғалымдар қазақ фольклористикасының даму жолдарын, халық ауыз әдебиетінің жанрлық табиғатын, фольклорлық мұралардың тарихи бастауларын, генезисі мен типологиясын (Е.Тұрсынов) айқындай бастады.Әдебиет теориясы - әдебиеттанудың бір бөлігі. Оның мақсаты қоғамдық сананың бір көрінісі ретіндегі көркем шығармашылықтың табиғатын ашу, оның болмысты бейнелеудегі, адамның идеялық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін айқындау. Әдебиет теориясы алдымен әдіснамалық ғылым. Ол көркемдік ойлаудың тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлерін (романтикалық, реалистік), олардың ішінде орныққан әр түрлі көркемдік әдіс-бағыттарды, тәсілдерді зерттейді. Осы өзіне байланысты негізгі мәселелерді зерттеуде әдебиет теориясы эстетикамен үндеседі. Мұнымен қоса, әдебиет теориясының өзіне тән ерекше міндеті де бар. Ол сөз өнерін, оның тегі мен түрлерін, мазмұн мен пішіннің бірлігін, сюжет пен композицияны да зерттейді. Әдебиет теориясы әр түрлі бағыттағы қаламгерлердің ортақ ұстанымдарын, әдеби шығармалардың жанрларын, тарихи даму кезеңдерін, белгілі бір эстетикалық жүйеде қарастырады. Әдебиет тарихы дамуының бастапқы кезеңдерінде эстетикалық нормалар белгілі жағымды рөл атқарды. Ал, әдебиет идеологиялық мәнге ие бола бастағаннан, оның дамуы негізінде өзінің мәнін жоғалтады. Осы бағыттағы үлкен қозғалыс Ағарту дәуірінде (Дидро, Гердер, Гете және т.б. еңбектерінде) өтті. Сөз өнерінің әлеуметтік және идеологиялық жағынан танылуы, XIX ғасырда тарихилық идеясымен баий түсті. Эстетикалық құбылыс енді күрделі тарихи контексте, яғни белгілі бір қоғамдық оқиғалар аясында, қоғаммен қарым-қатынаста айқындалды. Бұл ретте, Гегельдің, орыс төңкерісшіл демократтары Белинский, Чернышевский, Герцен, Добролюбовтардың еңбегі зор болды. Әдбиеттану ғылымы қай қырынан алсақ та өзге ғылым салаларымен тығыз байланысты. Эстетикалық сезімдері, психологиялық жай-күй тұрғысынан қарастыра отырып тарихпен,философиямен және көрнек өнерімен байланысты,пихологиямен байланыстырамыз.

20-сұрақ. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік.Уақыт пен кеңістіктің ауқымы өте кең.Бұлар бір-бірінен ажырамайтын субстанциялар. Көркем әдебиет болса уақыт пен кеңістіктің шағын моделі.Көркем туындыны жасау үшән мекеншақ(хронотоп) өлшемі керек. Мәдени кеңістік пен уақыттың бірлігін ХХғасырдағы орыстың көрнекті мәдениеттанушысы Бахтин «хронотоп-грек уақыт,жер» ұғымы арқылы білдіреді: «...хронотоп-уақыт пен кеңістік белгіоерінң нақты бір бітімінің табиғи бірлікте көрініс табуы.Мұндай уақыт қоюланады,сөйтіп көркемділігімен көзге түседі, ал кеңістік болса шоғырланады,тарихтың сюжеттік,уақыттық қозғалысына бағындырылады.Уақыттың белгілері кеңістікте ашылса, кеңістік уақытпен өлшеніп,уақыт арқылы ұғынылады».Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетедіЛотман:Көркем кеңістік мәселесі көркем шығармадағы кейбіржағдайда шектеулі кеңістіктегі шексіз дүниелерді суреттеу,көркем шығарманың сыртық болмысына үңілу сияқты. Егер сурет өнеріндегі кеңістікке келер болсақ,онда бәрі айқын.Әр адамды кеңістікті түсіну деңгейіне оның дүниетанымына байланысты әртүрлі болып келеді.Мәтін құрылымнда кеңістік сол жазушыныңәлемдік кеңістік құрылымы, ал мәтіннің ішкі мағыналы элементтері-кеңістік моделінің тілі. Көркем шығармада автор өз кейіпкерлерінің болмысын,психологиясынашу үшін әртүрлі кеңістіктерді қолданады.Мәселен,адам ойының жақсы не жамандығын білдіріп, өмірдің моделін кеңістік мәселесімен келіп,шығарма тудырадыКөркем уақыт-сюжеттің,бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы,шынайы,перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше өзінше араласқаына сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен шарттылық бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылдаы.Шығармада қандай да болмасын баяндау тәслі эпикалық ракурс пен қашықтықты анықтайды. Эпикалық ракурс-автордың оқиғаларды бейнелеудегі өзін-өзі көрсетуә.Көркем уақыт-сюжет пен фабулаға қатарласа жүретін ұғым. Сюжеттік уақыт дегеніміз-уақыттың нақты сәттерінің шығармада автордың среттеуімен белгілі бір тәртәппен орналасуы.Автор сюжеттік уақытты түрліше ұйымдастырады.Кей кезде оқиға барысында өткенге қайта оралудың қажеттігі немесе көркем уақыт ішінде оқиғаның өтуінің бәсеңдеуі кездесіп отырады.Осыған байланысты әңгімелеушінің белгілі бір түрі қалыптасады. Әңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай бақылаушы,не жай баяндамай оқиғаға қызу араласуы мүмкін. Сөйтіп эпикалық ракурс шығарманың композициялық-тілдік жүйесінің тұлғасын қалыптастырады. Эпикалық қашықтық-әңгімелеуші-автордың шығармадағы баяндалып жатқын оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немес кеңістік арақашықтықта орнаалсуы 3 түрлі: шығармадағы оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі;сәйкес келуі;мүлдем байланысы болмау.

Басқа өнер түрлеріне қарағанда әдебиет уақыт пен кеңістікке еркін қатынаста.Бір мезгілде бір кеңістіктен екінші кеңістікке ауысып кету мүмкіндігі бар.Яғни оқиғаныбаяндау барысында бірнеше жердегі оқиғалар көрсетілуі мүмкін.

21) Аллегориялық бейнелер.Кейіптеу- ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне пернелеу, яки аллегория ( грекше- пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда жай ұғымда тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық,зорлық,қастық секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды С.Дөнентаев өзінің «Ауырған арыстан» дегеналлегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы арыстан ауыра қалған екен,аң атаулы түгел көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқболып шығады да, оны қара көңіл қасқыр зорлықшыл арыстанға қастандақпен хабарлап қояды.Кейін түлкі келгенде арыстан әрине ашуланады.Бұл сырды түсіне қалған түлкі айла тауып өзінің де ауырып қалғанын, қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп әрең жазылғанын айтады.Мұны естіген арыстан қасқырды шақырып алып, сіңірін қияды. Бұл аллегориялық өлеңде: Түлкі-қу; зорлық-арыстан,қастық-қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген. Дүниежүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз. Мысалы,Данте жазған әйгілі « Құдіретті комедияда» арыстан, тағы мысық, қасқыр тәрізді аңдар арқылы адамға тән әр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, бірсыпыра бейнеленеді, кәдімгі көркем образдар жасалады. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен – аллегориялық образдар. Кейде тіпті, Фонвизиннің Простаковы мен Правдині, Грибоедовтың Скалозубы мен Молчалині, Гогольдің Ляпкин-Тяпкин мен Собакевичі секілді Майлиннің Мырқымбайы мен Мүсіреповтың Қоңқайының,Мұқановтың Итбайы мен Мұстафиннің Сойдақтісінің аттарының өзі олардың мінез-құлқындағы аллегориялық сипатты нұсқап көрсетіп тұрғандай.

22) Көркем әдебиет табиғаты. Бейне және бейнелілік.Әдебиет туралы барлық түсініктердің құйылар арнасы,ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ- өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тәнерекше тәсілн сипаттайтын эстетикалық категория.Сонымен қатар, көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да , көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз.Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан.Соған сәйкес, образдың объективті-танымды сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан,ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды.Образ- шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды, бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі.Образ-нақты ұғым.қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденеге бөлшектемей,керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады.Прототип пен әдеби қаһарман бір ұғым емес.»Абай жолындағы» Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деуге болмайды.Өйткені, әдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады. Адам образын жасап ашуда сыртқы бейнесін жасау ( портрет), мінездеу ( тура,жанама) де қызмет етеді. Мінез-адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады.Образдың түрлерін белгілеуде бірнеше( әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ.Әдеби тек тарапынан келгенде образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық,сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық,қаһармандық, т.б бейнелер мен бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Романтикалық образ- әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері, баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Романт. Об.- өмірде болған немесе бар адамнан гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Реалистік образ-әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды. Мысал ретінде Т.Ахановтың «Боран» романындағы Қоспан образын алуға болады. Эпикалық образ-кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тқтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Құнанбай мен Қарақатын . Лирикалық образ- сыншыл, өлең жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Атың Сана, көзің қара гөзал қыз,

Жыр жаздырдың жүрегімнен амалсыз

Мен кетермін альбом ашып қарарсыз

Ақын қазақ ағаңды еске аларсыз.Осы Қ.Аманжоловтың өлеңінде әзербайжан қызының образы бар. Драмалық образ- эпикалық не лирикалық образдар секіліді қағаз бетінде емес, тура өмірдің аясында-сахнада көзбе-көз жасалатын көркем бейне.Антеголла мен Отелло, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле бәрі-бәрі драмалық образдар.Юморлық образ- күлкілі кейіпкер, юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың қмірдегі сәулесі. Қожанасырдан Мырқымбайға дейінгі талай тамаша образдар табуға болады. Қазақ драматургиясындағы ерекше юморлық образдардың бірі- Ғ.Мүсіреповтің Қоңқайы.

23) Қазақ өлеңдеріндегі ұйқасӨлеңді өлең ететін ырғақпен қатар ұйқас екені белгілі, ал ұйқас яки рифма- клаузуладағы,кейде тіпті цензурадағы дыбыс қайталаулар, дәлірек айтқанда,өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі,өзара ұйқас,дыбыстас естілуі.Ұйқас- өлеңнің сыртқы түріне ғана емес,ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнің сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы,қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе. Ұйқас өлеңді шығармадағы ең салмақты,басты һәм маңызды сөздерді ерекше бөліп көрсету үшін,оған өзгеше мағына дарыту,мән беру үшін де керек.В.Маяковский, мәселен, ең кенеулі сөзін өлең тармағының аяғына қойып, соған қайткен күнде де қажетті ұйқас іздеп табады екен. «Ұйқас сөзді әдепкі тармаққа қайтарып әкеледі,-дейді ол,-оны қайтадан ойлатады,бір ойды бірлесе безендіріп жатқан барлық тармақты бір жерге тұтастырып тұрады».Ұйқасты тек цензурадан іздеуге академик В.Жирмунский қарсы: « Ұйқас деген ұғымға-дейді ол,-өлеңнің композициясын қиыстыруға қатысы бар кез келген дыбыс қайталау кіруге тиіс.Бірақ бұған қарап ассонанс пен аллитерацияны да ұйқас дей беруге болмайды. Ұйқас дейді профессор З.Ахметов,- ассонанс,аллитерация секілді жеке дыбыстардың жай қайталануы емес, кейде бір, көбіне бірнеше буындардың үндес үйлесімі.Ұйқас-өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі керек. «Қазақ поэзиясындаұйқастардың түрі көп,-деп жазады академик Қ.Жұмалиев,- бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары мыналар: 1) қара өлең ұйқасы;(ааба) 2) шұбыртпалы ұйқас;(аааа)

Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты

Арада неше қоныпты

Жетемін деп зорықты.. ( қыз жібек шұбыртпалы ұйқ.мысал)

3) ерікті ұйқас;(абвгб)

Бұлттан шыққан айға ұқсап,

Тұр еді Назым ұрланып

Атлас көйлек үстінде

Көк арбаға сүйеніп

Шыбықтай белі бұралып.

4) кезекті ұйқас.

5) шалыс ұйқас; ;(абаб) «желсіз түнде жарық-ай» мысал болады

6) егіз ұйқас;(аабб) 7) аралас ұйқас; 8) осы күнгі ерікті ұйқастар; Аралас ұйқастың бір ғана Абай туғызып,қалыптастырған түрінің өзі оннан асады.Ұйқас түрлері-шартты нәрселер.Айталық,еркін ұйқас.Мұның қазіргі қазақ ақындарының творчестволық іздену нәтижесінде туған түрлері тіпті көп. Мысалы орыс поэзиясында әйгілі «Онегин шумағы», ол өзіндік ұйқасы бар.Соның Қ.Шаңғытбаев аударған бір шумағынан мысал:

Қайдасың, сол көп періштем? а

Жете ме менің мұң-зарым. Б

Қыздардан талай көріскен а

Айтсайшы,кім жоқ кім барын б

Күңіренген күміс күйлерін в

Бұралған орыс билерін В

Күн бар ма көрер ,дариға-ай г

Немесе таныс табылмай г

Отырар ма екем қамығып д

Жастарға кейін ер жеткен ж

Томарса қарап лорнеттен ж

Отырар ма екем жалығып д

Қыздырмай сауық-сайраны з

Оралып ойлар қайдағы? ЗОсы он төрт тармақтан құралған өлеңнің ұйқасы әр қалай:бәрі бар.Асылы,Б.Томашевский біліп айтса керек, өлең туралы ойлардың көбі даулы, сондықтан бәрі қызық.

24) Көркем туындыдағы тартыс.Тартыс ( латынша conflictus- қақтығыс, айқас; кейде сolisio- ала ауыздық, талас) – өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы,идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Өнердегі тартыс- ойдан шығарылған не қолдан жасалған әлдене емес, ақиқат шындықтағы ала ауыз әлеуметтік күштердің айқасы, «драмаға толы, ұлы һәм күлкілі қайшылықтарға толы өмірдің өз арпалысы- деп анықтама береді М.Горький.Тартыстың тууы туралы түрліше топшылаулар бар, сонау Гегельден бастау алады. Біреулер, мысалы, тартыс бірден бола қалмайды,ала ауыздықтан басталады дейді. Ал Гегель болса, бәрінен бұрын әдеттегі әр түрлі жағдай суреттеліп, келе-келе ол шытынауға тиіс дейді те, соның салдары тұлданған тайталастарға апаратын ала ауыздыққы көшуі керек »-дейді. Мысалы, «Тынық Дон» ә дегеннен Григорий мен Аксиня арасындағы ашыналық себеп болған алыс-жұлыстан емес, әншейін өзен көркінен, хутор көріністерінен, балық аулаудан басталса, « Абай» бірден Құнанбай қоздатқан қырсық пен қырқысудан емес, дала келбетінен, туған жер тынысынан,шыбынсыз жайлау жазынан басталады. Шығармада таптық сипаттағы ірі тартыс, дүниедегі екі ұдай көзқарастың ,ескі мен жаңаның тартысы.Көркем туындыдағы конфилкт қазірде “конфликт”, “коллизия”, “ситуация” сияқты терминдермен белгілі дәрежеде байланыстылығымен танылады.Конфликт-тартыс,колизия-ала ауыздық. Конфликт және коллизия бір-біріне тым жақын аталуымен қатар, ең басты екі тенденция ретінде де айқын аңғарылады. Олар – бұлардың толық бір-бірімен үндестігі және толық қарама-қарсы қойылатындығы. Бұл жерде маңызды еңбек қатарындағы “Әдебиет теориясы: Тарихи негіздегі маңызды мәселелер” кітабындағы айтылған пікірді ескермей кетуге болмайды. Конфликт мен коллизияның байланыс негіздері былайша көрсетіледі: Бұл екі термин бір-бірін ауыстыра алады, олардың біріншісі “сәл тарлау мәнге ие” және “эстетикалық көзқарас тұрғысынан нақтылық жағы кемшін”. Нағыз “кең” түрдегі және спецификалық-эстетикалық көзқарасты анық танытатын термин “коллизия”.“Эстетикалық” өлшем тұрғысынан “коллизия”, “конфликт” терминдері “коллизияның” пайдасына қызмет ететіндей көрінеді. Бұл концепцияны алғаш айтушылардың қатарындағы А.Бочарев конфликтіні нысанаға алынған өмірлік материалдар ауқымында мүмкіндігі аз деуге болады дейтін тұжырымға келеді. Әңгіме мынада: коллизия “өмірлік ситуация” үшін нақты әрі бір қырлы мәнге ие. Бұл жерде А.Бочаров В.Кожиновтың дәлелдеу тәсілдерін қайталайды: “Коллизия” терминін “өмірлік ситуациямен” ауыстыруды ұсына отырып, жаңа мәселелерді көтереді. Егер “коллизия” туындыдағы өмірлік ситуацияны бейнелесе, мұндай жағдайда ситуацияның өзі эстетикалық тұрғыдағы көркемдік ойлау болып табылады.

Қазіргі ғылымда да бұл екі терминді ұқсастыра қарастыру басым, ішінара олардың өзіндік мазмұнын түсіндіруге талпыныс жасау да аз емес. “Коллизия” концепциясы әдебиет кеңістігі, ал “конфликт” өмір кеңістігі. Бұл пікір А.Зисьтің “Өнер және эстетика” кітабында айтылады. Және де олардың қарама-қайшылық сипаттары бар, яғни “коллизия” – шындықтың көрінісі, “конфликт” – көркем туындының компоненті деген пікір А.Карагановтың “Характер және жағдай” кітабында келтіріледі.

М.Суркин анықтаудың мына жолын ұстанады: Коллизия - әсерлі драматизмнің көрінісі, ал, конфликт “үстем драматизм”, “коллизияның шешімі”. С.Владимировтің пайымдауынша, “конфликт” - коллизия дамуының ұштала түскен дәрежесі.“Конфликт” тартыстың ең жоғарғы шегінде туындайды. Ол сол тартысқа байланысты болады және оны ситуациядан дамып шығатын айқын коллизияға дайындайды. (Туындыдағы коллизияның алғы шарт ретіндегі қызметін бұл жерде тағы айта кеткен жөн).“Конфликт – адамдардың көзқарасы мен сезімдерінің, мақсаты мен қызығушылықтарының ширыққан қақтығысы”. Бұл тәрізді ұқсас терминологиялық күрделі пайымдардың ғылыми талапқа толық сай келуі екіталай.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 399; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты