Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лирикалық шығармадағы тартыс.




Лирикалық шығармаларда өмір шындығы, әлеуметтік құбылыстар бар. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі,сезімі суреттелетіні белгілі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ол өз жайын, өз басының мұңын, арманын, қуаныш-сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек мақсаттарын көрсетеді. Сюжет бұл шығармадағы тартысты нақты iске асыратын, қаhармандардың қарым-қатынасы мен оқиғалар жүйесi іспетті. Көркем әдебиеттің шағын сюжетіндегі өмір тартыстары мен олардың өзiндiк көрініс алуы. Тартыс – шығарманың негiзгi қозғаушы күші. Тартыс және коллизия, перипетия.

28. Мәтін түсініктемесі. Руднев тұжырымдары. Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы)

29. Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» талдау.Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» деген еңбегін ерекше атауға болады. Басқа өнер түрлеріне тоқтала келе әдебиетші «Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан да өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар. Ол әр өнердегі жеке – жеке тәсілдердің бәрін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты дейді. Поэзияны Белинский эпикалық, лирикалық, драмалық поэзия » деп үшке бөледі.

30. Н.Г.Чернышевский «Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы». Өнер атаулының ішіндегі ерекше тұратын өз бойына өнердің барлық теориялық мәселелерін жинақтаған поэзияға келейік.Басқа өнер түрлеріне қарағанда поэзияның биік тұратынына дау жоқ, өйткені өзге өнер түрлері поэзияның айтарын бізге жеткізе алмайды. Бірақ, бұл көзқарас біз назарымызды поэзияны туындатқан жеке әсердің ықпалына аударған кезде мүлде өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, өнердің өзге түрлеріне де қатынас өзгеруі мүмкін.Өнердің поэзиядан өзге барлық түрлері тікелей сезімге әсер етсе, поэзияға қиялға /фантазияға/ әсер етеді. Кей адамдардың қиялы /фантазиясы/ әсершіл әрі ширақ. Кәдімгі ақыл-ойы жеткі адамдарда қиял, сезімдік тұрғыдан қарағанда әлсіз әрі көмескі. Осы қырынан алып қарағанда поэзияның субьективті әсері өнер атаулыдан және шындықтан біршама алшақ жатыр.

31. Әдебиет теориясы пәні. Зерттеу нысандары.Әдебиет теориясы - әдебиеттанудың бір бөлігі. Оның мақсаты қоғамдық сананың бір көрінісі ретіндегі көркем шығармашылықтың табиғатын ашу, оның болмысты бейнелеудегі, адамның идеялық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін айқындау. Әдебиет теориясы алдымен әдіснамалық ғылым. Ол көркемдік ойлаудың тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлерін (романтикалық, реалистік), олардың ішінде орныққан әр түрлі көркемдік әдіс-бағыттарды, тәсілдерді зерттейді. Осы өзіне байланысты негізгі мәселелерді зерттеуде әдебиет теориясы эстетикамен үндеседі. Мұнымен қоса, әдебиет теориясының өзіне тән ерекше міндеті де бар. Ол сөз өнерін, оның тегі мен түрлерін, мазмұн мен пішіннің бірлігін, сюжет пен композицияны да зерттейді. Әдебиет теориясы әр түрлі бағыттағы қаламгерлердің ортақ ұстанымдарын, әдеби шығармалардың жанрларын, тарихи даму кезеңдерін, белгілі бір эстетикалық жүйеде қарастырады. Әдебиет теориясы өз алдына дербес ғылым ретінде XYIII ғасырда дамыды. Оған дейін тек әр түрлі ғалымдар мен жазушылардың ежелгі (антикалық) дәуірден басталған, мәселен, Платонның, Аристотельдің, Горацийдің еңбектерінде жекелеген мәселелер қозғалып отырды. Әдеби туындылар көркем форманың басқа бөліктері арқылы бағаланды. Сол кезеңдегі поэтикалық жетекшілікте көрінген эстетикалық талаптың нормативтік сипаты болды. Оның теоретиктері сендіру мен талғам эстетикалық теорияның соңғы сөзі болды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 331; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты