Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Психологиялық талдау түрлері




Психологиялық талдаудың түрлері
Көркем әдебиеттегі психологизм мәселесі-ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі мәселө. Психологизм-қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеу жемісі.
"Қахарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен- психологизм" [6;3б],- дейді Б. Майтанов.
"Психологизм-көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6; 12б] болғандықтан психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана, себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып ертө дамыған. Даму барысында психологизм элементгері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алғы мақсаты-адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу.
XIX ғасырдың басына қарай адамның жандүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс, адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше.
Қ.Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж.Аймауытов талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан А.Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" [11;50б], -деп баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті...
Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті" [10;278б]. Көркем әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету-суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Мүны танытудың әдіс-тәсілі «сана ағымы» «жан диапектикасы» сияқты психологиялық талдау негізінде Р.Стендапь, Л.Толсгой, Ф.Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр.
Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н.Чернышевский Л.Толстой шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды танытудың материалистік әдісі деген және «психологиялық талдау-шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы»-екенін атап айтқан [11;36б]. Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық қүлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс үстінде болса сол қозғалыстарға жан беретін- ақыл-ой, сана-сезім, яғни "жан диалектикасы" болып табылады.
Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.
«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12;280б],-деп баға береді А. Ысмақова.
Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л.Толстой шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін, толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген. Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді.
Ал, Ф.Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы -романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп үнділік -полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан,
жеке адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен өмір мен де, көлешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4;85б].
Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12;280б]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т.б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары.
Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12;280б] деп санаған жөн.Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов т.б.).Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы",-[И;36б] деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі
қолданысга жүрген "аналитикалық, синтетикалық "деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "түйық психологизм" [3;86б] деген ат береді. Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді.
Ж.Дәдебаев М.Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың эпикалық және лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9; 159б]. Қалай десе де екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенмен негіздері бірдей шығып отырады. Бұған дәлел-М.Әуезов шығармашылығына қатысты талдаулары. Бірінші, Ж.Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды мынадай мысалдармен дәлелдеп көрсетеді: "Қунанбайдың қыбыр қақпай бір нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз беріледі. Ал, Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні, бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей сырғасына дейін толқытып баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген"[9;159б]. Психологизмнің синтетикалық түріне Б.Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар , "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3;137б]. Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-
әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендігін қорытуға болады.
Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7;73б].
Г.Пірәлиева: "эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13.71б],- деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бүған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық түрғыда Ақбілектің де, Мүқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы
Қ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысынжасаған",-дейді.
Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті.
Аталған жазушылар туындыларындағы психологизм
мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда аталған жайттармен желілес.

41. Арнау түрлері (мысалдармен талдау)

Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.

1. Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық). Бұл жанрды көшпелі елдің тұрмыстық-рухани қажеттілігі тудырған. Жиын-тойларда, аста, т.б. халық көп жиналған жерде біреудің ұрланған малын, қолды болған басқа да дүниесін, немесе жоғалған адамын, т.б. жоғын іздеп, жар салушы жария етіп айтады. Көбіне өлеңмен мәлімделеді. Жарлай арнау белгілі бір қуанышқа, т.б. жұрт көңілін бұру үшін де айтылған. Мәселен соның бірі - баланы сүндеттеу. Асқа, тойға шақыру да, бәйгеге кандай заттар тігілетінін, тойдың немесе астың салтанаты қай жерде қалай, қандай тәртіппен өтетінін де өлеңмен жар салып айтады. Малын немесе басқа дүниесін сатқысы келгендер де жарлай арнау арқылы ұсынатын затының қадір-қасиетін жиналғандарға мәлімдеп, келушілердің көзіне түсуге тырысқан. Сондықтан қазақ пен қырғыз арасында жар салуға, жар айтуға әрі ақындығы күшті, әрі даусы ашық, жарқын адамдарды, арқалы ақындарды шақыратын әдет қалыптасқан. Әйгілі Жамбылдың өзі де кезінде жарлай арнау айтқан. Жарлай арнаудың мақсаты - жоқ туралы, немесе белгісіз жағдай туралы жалпақ елге мәлімет беру, жай-жапсарды біле бермейтін елді мүмкіндігінше толығырақ хабардар ету болып табылады.

2. Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады.

3. Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: “Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 905; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты