Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сұрақ. Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер.




Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған.Бағыттар қатар да,әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады.Филологиялық мектеп(филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т.б гуманитарлық пәндердің жиынтығы.Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Жеке сөздер, тіркестер қолжазбалар тарихын бажалайды. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар,рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бқл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді. Биграфизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану.Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі. Мәдени-тарихи мектеп – әдебиеттану ғылымындағы ең танымал бағыт.Бұл ағымдағы оқымыстылар Дарвин теориясын әдебиет ғылымына әкеп қолданады және дәлелсіз қолданады. «Ағылшын әдебиетінің» тарихы деген еңбектің авторы Ипполит Тен көркем шығарманы қаламгерлікті тану үшін үш буынға( нәсіл,орта, сәт) НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК дейді. Белгілі бір халықтың әдебиетінің тууы қалыптасу,даму кезеңдерін география мен климатпен топырқпен байланыстырады. Бұл мектепте бірқатар фактілер жинақталғанымен, метофизикалық, идеолистік әдіс әдеби дамуды әдебиет пен қоғам арасындағы байланыстан шет қалды. Тарихи-салыстыру мектебі немесе компративизм ағымының россияда туын көтерген Веселовский, Миллерлер. Мұндағы негізгі принцип- салыстыру. Компративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап форма мәселесіне сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Психологиялық мектеп – принципі б/ша әдебиетші көрекм шығарманы тудырған суреткердің психологиясын зерттеу керек немесе суреткер жасаған бейнелердің психологиясына назар аудару керек. Украин ғалымы Потебня және оның шәкірттері кейбір еңбектерінде жалпы бейне табиғатына әдеби процестерге объективті баға беруден тыс. Психо-аналитикалық мектеп немесе Фрейдизм 20 ғ. Бас/да австрияда көрініс берген. Негізін салушы - З.Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Екі халықтың әдебиетін салыстыру қажет емес дейді. Оның назар аударатыны- суреткер санасының астарлы сырлары, түйсіктің жұмбақ құпиялары. Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет- адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі нәпсі және қанға ұмтылу. Адамның қателіктері нәпсінің кесірі дейді. Формализм мектебі- өнердегі басты нәрсе түр деп қарайды. Сондықтан форманы зерттеу басты нәрсе дейді.Формалистердің ден қойған мәселесі- өлең құрылысы, әуезділік, ұйқас, ырғақ. Өкілдері: Жирмунский, Якобсон, Лотман. Социологиялық мектеп – әдебиеттану ғылымында 20 ғ. басында бет алған бұл бағытты дөрекі социолизм деп атайды.Бұның өкілдері – қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып метофизикалық жолға түсті. Бұлар ең алдымен жазушының шығармасын оның таптық тегімен байланыстыра қараған. 20- жылдары Мирский –Пушкинді, Кравченко – Гогольді,Нусинов-Успенскийді орыс әдебиетінің тарихынан сызып тастады.Қазақта Абай және Мағжан қараланды. Осы ағымның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиеттануына салқыны тиді.Проза жауһарлары саналатын « Қаралы сұлу», «Қараш-қараш» оқиғалары, « Қилы заман» сынды туындылардың кезінде әділ бағаланбауы эстетикалық талғамның саясыздығынан деп білеміз. Структурализм.20 ғасырдың алпысыншы жылдары Р.Барт, Ц.Тодоров, А.Греймастың еңбектерінің шығуымен Францияда структуализм сынға ұшырады. Себебі, структуализм бағыты негізінен әдебиетте қалыптасқан биографиялық және тарихи әдістерге қарсы бағыттарды ұсынды.Әдебиетте структуализмнің негізгі төрт аспкектісін атап көрсетеді.

1. Якобсон мен Греймастардың әдебиеттің құрылымын лингвистикалық сипаттақұрастыруға талпынайық;

2. Нарратологияның немесе баяндау туралы ілімнің дамуы, яғни мәтіннің баяндалуындағы құрамдас бөліктерін анықтау,бастапқы негізгі мәтіндердің құрылымы мен оларды үйлестіру ережелерін сипаттау;

3. Бұрын жазылған әдеби шығармалар мен әртүрлі мәдени жүйелер арасындағы әртүрлі кодтарды зерттеу, яғни осы кодтардың нәтижесінде ғана көркем шығарма маңызы артады;

4. Көркем шығарманы тұтынудағы оқырманның орнын зерттеу, сонымен қатар,әдеби шығарманың оқырман көңілінен шығуы немесе олардың ойларындағыдай болмауы туралы қарастырылады. Әдеби ағымдар мен бағыттар әдеби дамудың бет-бағдарын,табиғатын анықтауда маңызды орынға ие. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер тарихы әдебиеттің зерттелу тарихынан хабар береді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 868; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты