КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азіргі әдеби үдеріс. Жанр, ағым, бағытӘдеби процесс– бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби жанр - әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан типі. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты. Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани эәне эстетикалық ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы. Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский,Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды, кейінірек «дәуір стилі» деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым түсініктері қатар қолданылды.
69. Психологиялық талдаудың синтетикалық түрі Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады . Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды".
70. Композиция және оның аспектілері. Сипаттау және пайымдау Композиция(лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) -көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:
· Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы). · Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы. · Уақиғаның шарықтау шегі. · Уақиғның аяқталуы (шешімі). 1. композитордың немесе суретшінің шығарм. еңбегінен туған шығарма (музыка, кескіндеме, мүсін немесе графика); 2. өнер түрлері жинақталған күрделі көркем туынды (мысалы, әдеби-муз. К.); 3. музыка шығару теориясының атауы. Композиция муз. оқу орындарында (колледж, консерваторияларда) арнаулы пән ретінде оқытылады. Композицияны оқыту гармония, полифония, муз. шығармаларды талдау, аспаптау сияқты муз.-теориялық пәндерді қоса үйретумен тығыз байланысты.
Көркемдік форманың негізгі аспектілері: 1. кейіпкердің орналасуы, мазмұндық орналасуы. 2. Шығармалардың оқиғалық байланысы; 3. Детальдарды құрастыру: 1) мотив; 2) психологиялық, портреттік, пейзаждық. 4. Символдық детальдардың қайталануы 5. Баяндауға байланысты сөз және сөйлемдер ағынының орын ауыстыруы; 6. Сипаттау, белгілеу 7. Диалог 8. Талқылау 9. Сөйлеу стилі диалектикасы; 10. Өлең ырғағы мен өлшемнің сәйкестігі. Сипаттау немесе бейнелеу сөзімен негізінен әдебиеттануда әрекет пен оқиғаны түсіндіруді айтады. Сипаттаудың классикалық түріне пейзаж, интерьер, портрет жатады. Сондай-ақ кейіпкерлерді мінездеу, олардың ішкі жан-дүниесі, бірнеше мәрте қайталанатын әрекеттер мен әдеттер кіреді. Риторика поэтикада белсенді қолданылады. Сондықтан анықтамасы кең көлемде «Ежелгі және жаңапоэзия» сөздіктерінде сипаттауға анықтама: «Ол – заттың кейбір өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ бір нәрсенің жағдайын, ахуалын танытады. Сол зат пен нәрсе туралы жеткілікті түсінік алуға, танытуға қызмет етеді». Пайымдау – жан-жақты ұғым. Кең мағынада ойлау ұғымдарымен жақын. Пайымдау, пікір ойлану, талқыға салу – бәрі де адамның ойлану актісін сипаттайтын ұғымдар. Әдеби дүниеге тән емес. Баяндауға пайымдау қызмет етеді. «Қан мен тер» романы мысал бола алады. Авторлық пайымдау – стильдің әр түрлі формасын көрсетіп, бейнелейтін автор бейнесінің құрамдас бөлігі. Автор бейнесі – Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», «Елес» шығармаларынан көрінеді.
|