КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Автор мен кейіпкер қатынасы.Автор тұлғасы күрделі, ол өзі тудырған көркем шығарма арқылы да тура көрінбейді. Өзінің ойсезімін, идеясын ейіпкерлер арқылы береді. Автор әдби шығарманы тудырушы, өзінің көркемдік әлемін жасаушы. Автордың өзіне тән болмысы көне дәуірлердің өзінде дара эстетикалық болмысын танытқан. Авторды көркем туындыдан бөлек алуға болмайды. Себебі, көркем шығарманың құрылымы – композициясы, сюжеті, тартыс пен кейіпкерлер әлемі автордың ұстанымы арқылы көрінеді. Автордың көркемдік әлемі шығарманың көркемдік болмысын ашады. Әуезелеуші (автор) көркем мәтіндегі әрекетке өзін қатыстырмай, баяндаушы, әңгімелеуші қызметін атқарады. А.Байтұрсынов авторды әуезелеуші, толғаушы, жазушы, ақын, сарындаушы деп атаған. Ал, орыс әдебиеттануында (В.В.Виноградов, М.М.Бахтин, Б.О.Корман) баяндаушы (повествователь), әңгімелеуші (рассказчик), хроникашы (хроникер), әңгімелеуші-кейіпкер деп атаған. Көркем шығарма ішінде “автор тұлғасының” қатысуы кездеседі. Оның сөз қолданысында, көзқарасында авторлық сөз бетпердесі (маска) сезіледі. Яғни, шығарманы оқығанда онда автордың өзі сөйлеп тұрғандай әсер қалады. Негізінен, көркем шығармада “автор бейнесі” мен “автор жасаушы” бейнесі бір емес. Әрине, көркем туындыны жасаушы автор бірінші кезекте тұрады да, содан кейін барып шығарма ішінде автор бейнесі беріледі. Көркем әңгіменің классикалық үлгісі болып табылатын Ж.Аймауытовтың “Елес” әңгімесінда автор екі жағдайда қатысады. Мұнда жазушы замандастарының өнердің маңызы туралы айтысын береді. Әңгімедегі жас әдебиетшіге түнгі елес келіп, екеуі диалогқа түседі. Олар төңкерістен кейінгі әдебиеттің ахуалы туралы сөйлеседі (“Төңкерістен бері қазақ елінің басынан қандай күндер өтпеді? Қазақ даласын көмірдей басып ақтар өтті. Қазақ даласында соғыс майданы ашылды. Мұның бәрі қандай із қалдырды? Осыларды қайсың жаздың?”). Жазушы қоғамының айнасы екендігін ашпақ болады. Кейіпкер өң мен түстің ортасындағы халде отырып, жұмбақ елестің сауалдарына мүдіріп қалады. Өзінің табан жолының тайғанақ, бүрсіз екенін сезген жас жазушы осы елестің сөздерінен кейін ұйқыдан ояна бастағандай болады (“Құлағыма жағып кетті. Сөзі де әрі жатық, әрі жат көрінді. Магнит қуаты бардай-ақ, сөйлеген сайын ұйытып, бойымды балқытып әкетті”). “Жазушы төңкерістегі уақытша және мәңгілік ұғымдардың, әлеуметтік пен экзистенциалдықтың ара жігін барлағысы келеді. Жаңа қоғамның мәні неде? И.Бабельдің әр тарапты ойдың қақтығысын беретін, авторлық дүниетанымның тартысын әйгілейтін новеллаларын еске түсіретін бұл әңгіменің ішкі құрылымы осыны ашқысы келеді. Екі қаламгерді де кейіпкерлерінің дербес танымы қызықтырады, сондықтан да олардың рухани дүниесі олардың өз “үндері” арқылы қабылданады”. Сонымен, қаламгерлер көркем шығармашылықтарында айтатын идеяларына өздері автор-бейне ретінде батыл араласып, өз пікір, көзқарастарын кейіпкерлері арқылы жеткізген. Бұл әдебиеттің көркемдік қуатын, маңызын арттыра түсті. Жазушы әрі шығармашылық иесі, әрі кейіпкер ретінде қатыса отырып, өзінің ойын “ортақ үнмен” береді. Сол арқылы сюжет пен тілдік құрылым екі жақты қызмет (полифункционалдық) атқарады. Бұл - драмалық тікелей сөйлеу (төл сөз) мен қалыпты эпикалық баяндау. Осы арқылы көркем туындылардың “сөз әрекеттері” көп түрлі қызметке ойысады. 1.Автор әдби шығарманы тудырушы, өзінің көркемдік әлемін жасаушы. Автордың өзіне тән болмысы көне дәуірлердің өзінде дара эстетикалық болмысын танытқан. Авторды көркем туындыдан бөлек алуға болмайды. Себебі, көркем шығарманың құрылымы – композициясы, сюжеті, тартыс пен кейіпкерлер әлемі автордың ұстанымы арқылы көрінеді. Автордың көркемдік әлемі шығарманың көркемдік болмысын ашады. 2. Қаламгерлер көркем шығармашылықтарында айтатын идеяларына өздері автор-бейне ретінде батыл араласып, өз пікір, көзқарастарын кейіпкерлері арқылы жеткізген. Бұл әдебиеттің көркемдік қуатын, маңызын арттыра түсті. Жазушы әрі шығармашылық иесі, әрі кейіпкер ретінде қатыса отырып, өзінің ойын “ортақ үнмен” береді.
|