КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мысқылшыл модус кейіпкеріКейiпкер – көркем шығармада әрекет ететін тұлға, ол оқиғаға тiкелей қатысушы немесе эпизодтар-да жай ғана аталып өтуі мүмкін тұлға. Әдеби туынды құрылымындағы аса маңызды элементтің бірі әрі бірегейі кейiпкер болады, өйткенi ол оқиғаның немесе басқа да маңызды көркемдік функциялардың дамып, орындалуына ықпалын тигізеді. Әдебиет теоретиктері тарапынан көркем туындыдағы атқаратын роліне қарай кейіпкерлерді жоғары сатыдағы және екінші сатыдағы кейіпкер деп жіктейтін тұжырым қалыптасқан. Бұл тұжырым бойын-ша бiрiншi сатыдағы кейiпкер «қаhарман» деп аталады. Қаhарман – көркем шығарманың орталық (негізгі) кейiпкерi болып, оқиға барысында белсенділік танытып, оның дамуына себепкер болады.Алайда бұл термин әдебиет теори-ясында кеңiнен қолданатындықтан, оны кез келген кейiпкерге қолдана отырып, баяндау барысында орталық рөлдi орындайтындарға телиді. Екінші сатыдағы кейiпкер шығармада маңызды рөл ойнайды, алайда, оның қаhармандардан айырмашылығы – сюжеттiң даму барысында белсенді түрде көрінбейді және көп жағдайда қаламгер оны оқиғаны дамыту мақсатында өзге кейiпкерлермен салыстыру үшін қосымша енгізіп, көмекші құрал ретiнде қолданады. Кейіпкерлер туралы сӛз қозғағанда ұлттық мәдени құнды мұраларымызға айналған фольклордағы кейіпкерлерге ерекше назар аударамыз. Себебі, жазба әдеби туындылардағы кейіпкерлер тұлғасының сомдалуында сондағы әдеби дәстүр негіз болғаны белгілі. Жоғарыда кейіпкерлердің ішінде қаһарман атауын иеленген кӛркем бейнелер туралы айттық. Осы тұрғыдан пайымдап кӛрсек, аңыз қаhарманы бойындағы қасиеттерге байланысты ӛзе адамдардан ере-кше болады. Басқаша айтқанда, ол асқақ тұлға. Ертегi қаhарманы да дәрежесі бойынша басқа кейіпкер-лерден асып түседi. Яғни, ондай қаhарман ерекше бір қасиеттерге, мiнез-құлқы ғажап және табиғаттан тыс күштерге ие құдыретті адам болып табылады. Ал, эпос қаһармандарына келетін болсақ, олар ӛз бойларына аңыздық, ертегілік сипатты қатар дарытқан, ерекше жаратылысты тұлғалар. Ұлттық танымымызда осындай ӛнер туындылары арқылы тұлғаға айналған, сондай-ақ белгілі бір тарихи кезеңде әрекет еткен адамдар персеносфера жүйесін құрайды. Кез келген халықтың мәдени жадында персоносфера, яғни кейіпкерлік ӛріс әрекет етеді, олар қоғамдық сананың белсенді түрдегі ұғымы болып табылатыны ақиқат. Ұлтымыздың тарихи, мәдени мұрасынан біз Мӛде, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкӛк, Жәнібек хан, Қасым хан, Абылай хан, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қорқыт, Кетбұға, Қабанбай, Бӛгембай, т.б. кейіпкерлерді мысал ете аламыз. Персоносфера ұғымына тоқталар болсақ, «Персоносфера дегеніміз – әдеби, тарихи, фольклорлық, діни персонаждардың ӛрісі. Бұл жерде тек ұлттық персоносфера туралы ғана емес, жекелеген адамның, белгілі бір әлеуметтік топтың, трансұлттық, күллі адамзаттық кейіпкерлік ӛріс туралы айтуға бола-ды», – дейді Г. Хазагеров [1]. Зерттеушілердің тұжырымдарына сүйене отырып, персоносфераны бейнелі түрде концепт әлемінің жанды, сана-сезімге ие, тағдыры, ӛмір сүру ұстанымы бар тұрғындары деуге болады. Орыс академигі Д.Лихачевтің [2] орыс тілінің концептілік ӛрісі туралы ойларының жалғасы ретінде туындаған персо-носфера туралы идея орыс әдебиеттануында қазірде кең кӛлемде қарастырылуда. Зерттеушілер пер-соносфераны концептосферадан ерекшелеп тұратын ӛзіндік екі басты белгісін атап кӛрсетеді. Бірін-ші белгісі ретінде атайтындары – персоносфера нысандарының кескін-келбеті анықталған, даралық сипатқа ие тұлғалар екендігі. Осы тұста ӛзіңді сол тұлғалармен салыстыру, олардың бойындағы ерекше қасиеттерді үлгі тұту, оларға тән мәнерді ӛз бойыңа орнықтыру мүмкіндігі туындайды. Ал, екінші ерекшелік ретінде поэтика мен риторикада антономасия деп аталатын, құбылысқа, белгілі бір жағдаятқа назар аудару айтылады. «Антономасия, антономазия (қайта атау, жаңа ат қою) – троп, белгілі бір атау мен есімнің орнына сол заттың немесе жанды тұлғаның маңызды ерекшелігін немесе соған қатысты бірдемені айтатын троп. Нысанның маңызды ерекшелігін ауыстыруға мысал ретінде «Пушкиннің» орнына «ұлы ақын», қарым-қатынасты кӛрсетудегі ауыстыруға «Толстойдың» орнына «Соғыс және бейбітшіліктің» авто-ры», «Ахиллдің» орнына «Пелейдің ұлы» ұғымдарын қолдануды айтуға болады. Сондай-ақ, жеке-леген атаудың орнына жалпылама атауды қолдану да антономасия делінеді. Мысалы, «Эскулаптың» орнына «дәрігер» сӛзін қолдану». Бұл екі жағдайда да антономасия метонимияның ерекше түрі болып табылады» [3]. Біз Отелло туралы ойлағанда қызғанышты еске алсақ, риясыз қиялшылдықты Дон Кихт есімімен, күштілікті Илья Муромец, ӛлімнен қашуды Қорқыт ата, жайлы қоныс – Жерұйықты іздеуді Асан қайғы, «отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, атса оқ ӛтпейтін, шапса қылыш кеспейтін» ғажайып жаратылысты Алпамыс батыр, сән-салтанаты келіскен айрықша сұлулықты Қыз Жібек атымен қатар еске түсіреміз. Ұлттық персеносфераның негізгі бір бӛлігін тарихи тұлғалар, ӛнер адамдары, дана ойшылдар, керісінше, жаулап алушылар мен тирандар құрайды. Алайда, персоносфераның елеулі бӛлігін біздің жадымызға әдеби туындылар арқылы орныққан кейіпкерлер толықтыратыны белгілі. «Кӛптеген та-рихи тұлғалар біздің санамызға кӛркем әдебиет пен ӛнердің байланыс призмасы арқылы бас кейіпкер болып қабылданды. Оған мысал ретінде Иван Грозный мен Борис Годунов образдарын келтіруге бо-лады» - дейді Г.Хазагеров [4, 45]. Персоносфера ұлттық-мәдени негізіміздің нығаюына ерекше қызмет етеді. Бұл бағытта ұлттық мәдени жадымызда ғасырлар бойы сақталып келе жатқан кӛркем бейнелер жүйесін айтуға болады. «Халықтық концептілік ӛрістің органикалық бӛлігі ұлттық «персеносфера» болып табылатынын» ескерсек [1], біздің тілдік-мәдени қоғамдастығымызда кейіпкерлердің маңызды орны бар екенін нақтылай түсеміз.
|