Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экология және тұрақты даму» пәнінен емтихан сұрақтары 8 страница




Қарқаралы МҰТБ аумағында 190 омыртқалы жануарлар: 45 сүт қоректілер, 122 құстар, 6 бауырымен жорғалаушылар, 2 қос мекенділер және 15 балық түрі кездеседі. Омыртқасыз жануарлардың фаунасы нашар дамыған, қазіргі кезде оның құрамы бойынша нақты мәлімет жоқ. Ұлттық бақ аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізіген жануарлар мыналар: архар,елік, қара ләйлек, бүркіт, үкілер, ергежейлі бүркіт, дала сұржыланы. Қос мекенділер фаунасының негізі: сұр суыр, сұр тышқан, ор қоян, қосаяқ, жоңғар аламаны, сұр суыр, саршұнақ, ондатр, күзен және т.б. тұрады. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі , суыр, борсық, ақкіс сілеусін қатар ұшар (тиін) мен қабан жерсіндірген. 1940 жылға дейін ҚМҰТБ аумағында аюлар да кездескен. Ең ірі сүт қоректілерге қабан, марал, сібір елігі, архар,бұғысы жатады, сондай-ақ ұлттық бақ аумағында ең кіші сүт қоректілерде кең тараған, олар: насеком жейтіндер, жарқанаттар және қоян тәріздестері кездеседі. Көбіне құстардың ұшып кететіндері кездеседі және ұя салатындары да бар.Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи бағында жыл сайын тұрақты зерттеулер жүргізіледі. Ұлттық бақ құрылған сәттен бастап мұнда ғылыми орталық жұмыс жасайды, өздерінің бақылауы және мемлекеттік инспекторлардың қадағалауы қорытындысынан жылдан жылға алынған мәліметтерді жүйелеп отырады. Көптеген жылдар бойы Е.А.Бөкетов атындағы Қар МУ студенттері мен ғалымдары үшін дала базасы болды және бұл жерде биология мен экология бойынша классикалық жұмыстар, сондай-ақ жыл сайын архелогиялық зерттеулерде жүргізілуде.

72. Қоршаған ортаға антропогендiк әсер

73. Балқаштың экологиялық ахуалы. Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі эко жүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Келемі – 501 мың км2, ұзындығы - 605 км. ені – 9-74 кмаралығында. Ал ең терең жері -26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.

Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған косымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды. Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Іле – Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көк-құтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.

Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген. Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады. Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені туралы былай деп айтып берді:

«1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын», – дейді Егор. Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш – ол адамның іс-әрекеті. Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады. Соның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр. Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек дейді. Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын былайғы жұрт біле де бермейді екен.

74. Баянауыл ұлттық саябағы. Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.

- Баянауыл орманшылығы - 19 188 га,

- Жасыбай орманшылығы - 22 904 га,

- Далба орманшылығы - 8 596 га.

- Кенейтілген парк аумағы - 17 764,8 га

Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалғанқорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр,шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

75. Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:

76. Каспийдің экологиялық ахуалы. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында теңіздің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құрылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 % құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болады. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекетердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділде 12%-ке, Жайықтан 24%-ке, ал Теректен 60%-ке төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суының деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі үш-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды.

Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екендігі дәлелденді.

Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар. Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып алды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.

Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиелетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40%-ке азайды.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.

Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту. Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.

Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда.

Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әртүрлігін сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында «Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділігін бағалау» тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекет аралық деңгейде өткен кеңестің мақсаты – Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен бірге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз экожүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының дүниежүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.

Егер Каспийде үлкен экологиялық апат болса, халықаралық сот теңізді негізгі бүлдіруші ретінде Қазақстанды айыптайды. Теңіз тіршілігі қалпына келгенге дейін айып пұл салынады. Ал ол айыптың мөлшері теңіздің Қазақстан жоқ бөлігіндегі тіршілік құнына байланысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша ол 5 миллиард доллардың үстінде екен. Демек, бұл жыл сайын Қазақстанға сондай мөлшерде айып пұл салынады деген сөз. Ал теңіздегі тіршілік қанша уақытта қалпына келуі мүмкін ? Оны есептеу өте қиын мәселе. Өлкемізде қазіргі қалыптасып отырған ауыр экологиялық дағдарыстардың зиянды зардабы денеге жабысқан дерт секілді біртіндеп жан-жағына жайылып, аймақтық шеңберден шығып бара жатқан бүкіл Республиканы алаңдатып отырғаны анық.

77. Өндіріс қалдықтары. Өндіріс қалдықтары - өнім өндіру кезінде түзілген, тұтынылатын қасиетін жартылай немесе толык жоғалтқан шикізат, материал қалдықтары.

78. Іле-Алатау ұлттық саябағы. Іле Алатауының әсемландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

1996 ж. Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман ш-тарының негізінде құрылған. Орт. – Таусамалы а. Ауданы 202 мың га, ол Алматы қ-нан оңт-ке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солт. беткейінде, батыста Шамалған өз., шығыста Түрген өз-нің аралығындағы ұзындығы 120 км, ені 30 – 35 км аймақты алып жатыр. Оның құрамына 4-Ақсай, Медеу, Талғар және Түрген орман ш. аумағындағы аласа, орташа және биік тау ландшафтары енеді. Климаты биіктік белдеулер бойынша өзгереді: тау етегіндегі далалық белдеу ылғалды, жазы құрғақ әрі ыстық, қысы жылы, қары жұқа; аласа және орташа тау аймағы ылғалды әрі ыстық; альпіжәне субальпі шалғындары белдеуінде ылғалд. өте жоғары. Орт. жылдық жауын-шашын мөлш. 550 – 600 мм. Саябақ теңіз деңгейінен 600 – 4540 м биіктікте орналасқан. Ең биік шыңы – Конституция (4540 м) және Қазақстанның 25 жылдығы шоқысы (4494 м). Ең үлкен мұздық – Дмитриев мұздығы (ауданы 17 км²).Түрген, Есік, Талғар, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай,Қаскелең өзендері ағып өтеді. Олардың бастауларында моренді көлдер бар, көпшілігі маусым айында суға толып, қысқа қарай тартылып қалады. 2500 м биіктікте Үлкен Алматы көлі орналасқан, оның ауданы 1 км² , тереңд. 39,3 м. Үлкен Алматы өз-нің су алабында орналасқан радонды Алмаарасан және кремнийлі-термалды Горельники мен Таутүрген бастаулары бар. Жері негізінен қара топырақты.

Саябақтың флорасында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар, оның 500-ден астамы жапырақты орман, 400-ден астамы – қылқан жапырақты орман алқаптарында өседі. Бұл өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген (мыс., Алматы кекіресі, Сиверс алмасы, Мушкетов түйесіңірі, т.б.). Қоректік өсімдіктерден:Тянь-Шань сұлыбасы, шалғын қоңырбас, беде, сиыржоңышқа, т.б.; илік – қымыздық, рауғаш, таран, т.б.; дәрілік – түймешетен, өгейшөп, шырғанақ, бақбақ, т.б.; эфирлі-майлы – аюбалдырған, арша, жусан, т.б.; жеміс-жидектерден -өрік, алма, таңқурай, бүлдірген, бөріқарақат, долана, т.б. өседі. Жануарлар әлемі де өте бай. Омыртқасыздардың 8 класқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Барылдауық қоңыздардың 252, стафилинидтердің 180, жапырақ жегіштердің 102, күндізгі көбелектердің 145, жарғаққанаттылардың 110, қазғыш жабайы аралардың 97, құмырсқалардың 33, шаншарлардың 30 түрі анықталған. Омыртқасыздардың 24 түрі (мыс., Түркістан туркомиласы, әшекейленген жүйрік қоңыз, шығыс ахраноксиясы, Іле хош иісті отын кескіш қоңызы, т.б.) Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. Омыртқалы жануарлардың 245 түрі, олардың 8 түрі балықтар; 4-еуі – қосмекенділер; 8-і – бауырымен жорғалаушылар; 178-і – құстар; 47-сі – сүтқоректілер.

Бұлардың ішінде балықтардың 4, қосмекенділердің 2, құстардың 11, сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Саябақ аумағында Талқыз және Түрген ескі қалашықтарының орны сақталған. Түрген шатқалында ертедегі темір дәуірінің зираттары мен Есік өз-нің бойында сақ қорғандары бар. Бутаков сарқырамасы, реликті мүк басқан Шыңтүрген шыршалары да табиғат ескерткіштері болып саналады. Соңғысында мүк астында, 30 – 40 см тереңдікте қалыңд. 2 – 3 м болатын мәңгі мұз қабаты бар. Әсем табиғаты, алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар саябақтың қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше.

79. Қолданбалы экология. Қолданбалы экология - экология ғылымы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтаждын өтеу баысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп өндірісі, ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимялық, рекроциондық, технологиялық және тағы басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау, көздеріне Мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.

80. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер. Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп-қаумдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (грекше bios-өмір, koinos-жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.

Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы) және микоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұатын жүйе.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 146; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты