КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экология және тұрақты даму» пәнінен емтихан сұрақтары 9 страницаЕшқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын, организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан организмдер кешені деп қарауға болады. Биогеоценоз - тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотип) тірі организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. «Биогеоценоз» ұғымын 1944 жылы академик В.Н.Сукачев ұсынды. Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді. Бірақ, ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде табиғатта тірі және өлі компоненттер жиынтығы құрылады. Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организмдер қауымдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп - биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организмдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе - биогеоценозды құрайды. Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі объектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. 81. Экологиялық зерттеу әдістері. Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялықжағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы – климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, анатикалақ таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотография, электронды микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті құралдармен жабдықталуы тиіс. Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр. 82. Экология және тұрақты даму пән ретінде.Экология пәні - Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін болғандықтан, тірі табиғат күрделі де тірі ағзалардың өзара және олардың коршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) жөнө «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді. 83. Тірі заттар. Тірі заттың негізгі 7 қасиеті. Олардың атқаратын 9 қызметі.В.И.Вернадскийбиосфера геологиялық кездейсоқ емес әртүрлі жеті бөліктерден тұрады деп есептеді: тірі зат, биогенді, өлі, биологиялық өлі, радиоактивті ыдыраушы заттар, шашыранды атомдардың төртеуі маңызды болып саналады. Тірі зат. Әдебиетке бұл ұғымды В.И.Вернадский енгізді. Бұл химиялық құрамы, энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы. Биогенді зат (көмір, мұнай, әк тас, шым тезек ж.т.б) – Жердің бүкіл геологиялық тарихында тірі организмдер құрған, қуатты энергия көзі болып табылатын органикалық және органоминералдық заттар. Өлі заттар – түзілу процесіне тірі заттар қатыспаған тірі организмдердің тіршілік ету орталары немесе субстрат. Тірі зат биосфераның азғана бөлігін құрағанымен (бүкіл биосфера салмағының 0,01%) оның негізін құрайды. В.И.Вернадский бойынша, тірі заттар – бұл қуатты геологиялық фактор болып табылатын тіршілік ететін (немесе бұрын тіршілік еткен) тірі организмдердің жиынтығы. Биосфераның тірі заттар химиялық және геологиялық тұрғыдан өте белсенді болып саналады. Планетамызда тірі заттардың 5 негізгі компоненттерін ажыратады: 1. Энергетикалық-биосфералық-планетарлық құбылыстардың космостық сәуле шығарумен, күн радиациясымен байланысын жүргізу; 2. Газды – газдардың миграциясын және олардың айналымын, атмосфераның газдық құрамын қамтамасыз ету; 3. Тотығу – тотықсыздану – тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның оттегімен байытылуы) және тотықсыздану – оттегінің тапшы кезінде органикалық заттардың ыдырауы, күкіртті сутектің түзілуі, жинақталуы процесі; 4. Жинақтау – организмдердің өз денелерінде шашыранды химиялық элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін қоршаған ортамен салыстырғанда бірнеше есе көбейту; 5. Деструкциялық – өлген органикалық заттардың ыдырауы, яғни тірі заттың өлі затқа айналуы. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биологиялық өлі заттары түзіледі. 84. Географиялық қабық және биосфера. Географиялық қабық дегеніміз - Жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамыны атмосфераның төиенгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты гидросфера мен биосфера кіреді, олар бір бірімен өзара тығыз байланысты және олардың арасында ұдайы зат айналымы мен энергия айналымы жүріп отырады. Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады (грекше биос - тіршілік, сфера - шар). Тіршілік, яғни биосфера атмосфераның төменгі қабатын, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. 85. Қорықтар және ерекше қорғалатын аумақтар.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Ерекше қорғалатын аумақ - кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи – қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: 1) мемлекеттік табиғи қорықтар; 2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; 3) мемлекеттік табиғи резерваттар; 4) мемлекеттік зоологиялық парктер; 5) мемлекеттік ботаникалық бақтар; 6) мемлекеттік дендрологиялық парктер; 7) мемлекеттік табиғи ескерткіштер; 8) мемлекеттік табиғи қаумалдар; 9) мемлекеттік қорық аймақтары. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: 1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер; 2) мемлекеттік зоологиялық парктер; 3) мемлекеттік ботаникалық бақтар; 4) мемлекеттік дендрологиялық парктер; 5) мемлекеттік табиғи ескерткіштер; 6) мемлекеттік табиғи қаумалдар. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргізеді. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану – ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде: 1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды. 86. Экологиялық факторлар, оның топтары. Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы. Шөл – шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз факторлар болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады. Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: - Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер, т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация, т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі әсер етеді. - Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануарлар мен өсімдік немесе жануар мен жануар арасында болуы мүмкін. - Антропогендік факторлар дегеніміз – қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға тарайды. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су көлдерінің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрыпкетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеруі құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауын жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастырылуда. 87. Экологиялық факторлар Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы. Шөл – шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз факторлар болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады. 88. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы. 89. Популяция. Популяция қасиеттері. Популяцияның құрылымы.Әрбір түр белгілі бір территорияда – ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенеткалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция – тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы латынша populous – халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды. «Популяция» - бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста болатын, өзіне ұқсас топтармен әртүрлі дәрежеде оқшау тіршілік ететін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа – популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады. Бір популяцияға жататын организмдер бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда түраралық қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мітіалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік түріші қарым қатынастары – бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар. Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті – олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық – функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады. Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организ-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалық байланысын: организм-популяция-түр-туыстұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.
|