Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тұрақтандырғыштардың адам ағзасына тигізетін әсері мен зиянын сипаттаңыз




Тамақтық қосымшалар дегеніміз не? Тамақтық қосымшалар дегеніміз – табиғи (шынайы) және синтетикалық заттар азық-түліктерді өндіру процесінде олардың құрамына қажетті сапалық көрсеткіштерді (сыртқы түрін, дәмін, ароматын, консистенциясын консерванттар, ароматизаторлар, эмульгаторлар көмегімен жақсарту) беру мақсатында, және де тамақтық азық-түліктер өндірісінің технологиялық процесін (мысалы, коюлатқыштар, бейтараптандырғыштар, ферментті препараттар) жақсарту мақсатында арнайы енгізілетін заттар.

Тамақтық қосымшаларды технологиялық атауларына сәйкес мынадай топтарға бөлуге болады:

7. Бояғыштар – тамақтық азық-түліктердің түсін аздап бояуға арналған заттар;

8. Консерванттар – тамақтық азық-түліктердің бүлінуін ескертетін заттар;

9. Антитотықтырғыш және олардың синергистері;

10. Қышқылдар, негіздер, тұздар;

11. Хош иісті заттар, ароматты және дәмін арттырғыштар;

12. Эмульгаторлар, консистенцияны тұрақтандырғыштар, беткейлік белсенді заттар;

13. Сусымалы азық-түліктердің түйірленуін немесе иленуін ескертетін заттар;

14. Ұнды өңдеуге арналған заттар – бидай ұнының нан пісіру сапасын арттыру мақсатында ұнға қосылатын заттар;

15. Жасанды тәттілендіретін заттар – арнайы диеталық азық-түліктерді тәттілендіру үшін қолданылады;

16. Ферментті препараттар – технологиялық процестерді қарқындандыру және азық-түліктердің сапасын арттыру мақсатында қолданылатын ферменттер;

17. Органикалық еріткіштер – экстрактар мен эссенциялар дайындайтын заттар, және де технологиялық процестерді жеделдетуге арналған заттар;

18. Сорбенттер, жарықтандырғыштар, қоюландырғыштар, өңдеуге арналған материалдар – азық-түліктердің қандай да бір компоненттерді аластау үшін қолданылатын заттар;

19. Басқа да тамақтық қосымшалар.

 

Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер.
Азықтық қоспаны адамзат ерте кезден пайдаланып келеді. Мысалы, табиғи ас тұзы етке, балыққа, көкөніске қосылса, астың дәмі кіріп, тәбет шақырады. Ал, химиялық қоспалардың адам ағзасына зияны ұшан-теңіз. Сондықтан дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған. Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Бұл қоспалар шоколадқа қосылатын.
Бүгінде Е-240 консервантының азық-түлікке кері әсер ететіні дәлелденген. Кейбір азықтық қоспалар аллергиялық реакция туғызады, асқазан-ішек жолында қабыну пайда болып, таяныш-қозғалу мүшелердің жұмысының бұзылуына алып келеді.

Кейбір сүт өнімдері 100 пайыз жасанды екені, зауыттан шыққан сүт өнімдерінің адам ағзасына зияндылығы туралы көп айтылып жүр. Табиғи сүт асып кетсе 3-4 күн ғана сақталады. Сосын ашып кетеді. Ал, сауда нүктелеріндегі «табиғи сүт» белгілі бір температурада 6 айға дейін сақталады. Бізді де ойландыратыны – осы жағдай. Мәселе сүттің құрамына қосылған консерванттар мен сүт сақталатын асептикалық қорапта тұрған сияқты.
Асептикалық қорап дегеніміз не? Бұл қорапқа антибиотиктер сіңірілуі мүмкін, әлде ол залалсыздандырылатын заттармен байытылады. Мұндай қорапта көп сақталған сүт өнімдері адам ағзасына өте қауіпті азыққа айналып кетуі мүмкін. Айран мен йогурт 0 және -1 градуста көп сақталса, оның құрамындағы тірі микроағзалар өмір сүре алмайды. Йогурттың сақталу мерзімі – 3 ай. Мамандардың айтуынша, 3 айға дейін сақталатын йогурт өзінің тауарлық құнын мүлдем жойған болып есептеледі. Себебі йогурттағы микроорганизм өлмей, тірі сақталуы тиіс.
Айранды қалай сақтауға болады? Айтатыны жоқ, оған тек консервант қосу қажет. Немесе тұрақтандырғыштар, антибиотиктер қосып, радиация сәулесімен қайта өңдеуден өткізу керек. Йогурт, айран және тағы басқа сүт өнімдерінен жасалған өнімдерді тұрақты түрде пайдалансаңыз, өміріңізге қауіп төндіретініңізді де естен шығармаңыз.
Жақында Швейцария ақпарат құралдарында таң қаларлық деректер жарияланды. Бұдан отыз жыл бұрын жерленген адам мүрделері сол күйінде бұзылмай сақталған. Дәл бір жеті бұрын дүниеден озған адамдар сияқты дерсің!
Өлген адамның денесі 3-4 жылдың ішінде іріп-шіріп, тек қу сүйегі ғана қалуы керек еді. Бұл елдің заңнамаларына сәйкес, бұрын зират болған жерге 17 жылдан кейін ғана қайта адам жерлеуге рұқсат етіледі. Ал, отыз жыл бойы міні құрамай тұрған мәйіттер туралы не айтуға болады? Әрине, ғалымдар бұл жағдайды зерттей келе, денелердің бұзылмай сақталуына жеген тамақтарының құрамындағы когсерванттардың тікелей қатысы бар екенін анықтады. Консерванттар сол кездің өзінде газдалған ішімдіктерде, тәтті тағамдар мен сусындардың және Фаст Фуд өнімдерінің құрамында көп болған. Өмір бойы ағзаға жинақталған консерванттар ол өлгеннен кейін де денесінің бұзылмай сақталуына әсер етеді екен.
Азық-түліктің сақталу мерзімін ұзарту – тамақ өнеркәсібімен айналысатын көптеген компаниялардың басты мақсаты. Көкөніс және жеміс-жидектерді, әуелі, химиялық қоспалармен «өлтіріп», залалсыздандырады, сосын консерванттардың көмегімен тағы да қайта өңделеді.
Ананас, банан, жүзім, т.б. көкөніс өнімдері міні құрамай тұтынушыға жету үшін химиялық жолмен алдын-ала өңделеді. Мысалы, алма қабығы парафиннің жұқа қабатымен қапталады. Осындай тәсіл алманы екі жыл сақтауға мүмкіндік береді. Алманы жемес бұрын жәй ғана сумен жуу жеткіліксіз. Оны щеткамен мұқият ысқылап, бірнеше минут ыстық сумен жууымыз қажет.
Базардағы көздің жауын алғандай өрік қағы – табиғи түрде осындай болып қақталып қалуы екіталай нәрсе. Егер өрік табиғи түрде кептірілген болса, оның құрамындағы адам денсаулығына пайдалы заттардың бәрі де мінсіз сақталады. Ал, химиялық жолмен қақталған өріктегі керекті заттардан дәнеңе қалмай, адам ағзасына пайдасынан зияны көп затқа айналады.
Сөзіміз тиянақтырақ болуы үшін бір мысал келтіріп кетейік. Картоптан жасалған фри – әлемде ең көп тараған жеңіл тағам. Макдональдсте оны дайындау үшін қыруар уақыт жұмсалатын. Бірақ ол гамбургермен бірге тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болып, фирма үшін орасан зор табыс көзі болғандықтан, қанша уақыт кеткеніне қарамастан, оны дайындай берді. Міне, осыны ескерген картоп өсіруші фермер Джей Арсинг картоп өңдеудің жаңа технологиясын ойлап тапты. Қазіргі картоп зауыты осылайша пайда болды. Өндірістік процесс бұл жерде толық автоматтандырылған. Картоп іріктеліп, жуылып кептірілгеннен кейін ыстық будың көмегімен қабығы сыдырылады. Одан соң ол автоматты қондырғыда туралып, үлкен ыдыстардағы қайнап тұрған майға салынады да қытырлақ күйге келгенше қуырылады. Тоңазытқышта мұздатылады. Міне, осыдан кейін дайын тауар дүкен сөрелеріне жол тартады.
Картоптың пышақпен кесілген орны 4-5 минуттан кейін-ақ қарайып кететінін білеміз. Ал Фаст фуд өнімдерін дайындайтын фирмалар картоптың осы қасиетіне қарсы қандай әдіс қолданды? Бұл жерде тағы да консерванттардың, қышқылдардың, реагенттердің көмегі тиді.
Картоптан жасалған фри мен үй жағдайында пісірілген картопты бөлек ыдысқа салып сақталды. Арада 45 күн өткенде үйде пісірілген картоптың бұзылып, шіріп кеткенін, ал Фаст фудта дайындалған фри өзінің тауарлық түрін жоймай сақтағанын көрдік.
Сауда орындарында сатуға шығарылған азық-түлік заттарының 80 %-ы алдын ала өңдеуден өткен нәрселер. Сондықтан да олар бұзылмай көп уақыт тұра береді. Осылай біз соңғы 50 жылда химиялық зиянды заттармен өңделген тамақтарды ғана жеуге мәжбүр болып отырмыз.
Жеңіл тұздалған селедка балығын алып қарайық. Оны ұзақ мерзімде сақтау үшін уротропин қоспасымен өңдейді. Бірақ, тамақ өнеркәсібі мамандары осындай жолмен сақталған балықтардың одан әрі де көбірек сақталуын көздеп, балықты сірке қышқылымен өңдеуді ұсынады. Сірке қышқылына қосылған уротропин өте улы формальдегид қоспасына айналады. Бұл – адам ағзасы үшін өте қауіпті зат. Ол көру, есту, дем алу мүшелеріне залал келтіріп, орталық жүйке жүйесін де зақымдауы мүмкін. Формальдегид кинотаспа шығару өндірісі мен ағзаларды консервациялап сақтауға керекті химиялық нәрсе. Бір сөзбен айтқанда, өлікті бальзамдау жұмысында пайдаланылады


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 371; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты