Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тұрмыста қолданылатын химиялық заттарды қолданудың қауіпсіз шараларын сипаттаңыз




Тұрмыстық химия тауарларына (оның ішінде аэрозольдық орамдағы): маталарды жуғанға дейін және кейін өңдеуге арналған құралдар; қатты беттерді жуу мен тазартуға және олардың күтіміне арналған құралдар; үй-жайлар мен жабық ыдыстардағы иістерді жоюға арналған құралдар жатады.

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары егер олар арналуы бойынша тиісті пайдалану кезінде адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп туғызбаған жағдайда ғана нарыққа жеткізіледі және өткізіледі.

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі арналуы мен қолданылу тәсілін және әзірленген қорғаныс шараларының жеткіліктілігін есепке алып өнім құрамымен қамтамасыз етіледі.

Нарықтағы айналымға ескертпе таңбалаусыз және баламалы қорғау шараларымен қолдану тәсіліне арналған нұсқауларсыз мынадай:
1) асқазанға енгізген, теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде аса уыттылығы бойынша қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын;
2) теріні жарақаттайтын (күйдіретін) және шырышты қабыққа қайтарусыз салдарлар тудыратын;
3) теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде сезімталдық тудыру (аллергендік) әсер етуге ие;
4) гендік өзгеріс ету әрекеттерін және өну қызметтерінің бұзылуын тудыратын;
5) канцерогендік болып табылатын синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары жіберілмейді.

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздік көрсеткіштері:
1) биоыдыраушылық (толық, алғашқы);
2) сутегі иондарының белсенділік көрсеткіштері (рН);
3) ыдыс жууға арналған құралдардың ыдыстан шайылуы;
4) фосфордың бес тотығына қайта санағанда құрамында фосфоры бар қосылыстардың салмақтық үлесі (Р2О5);
5) хлорбелсенді қосылыстары бар құралдарда белсенді хлордың салмақтық үлесі;
6) тозаң түзу (тозаңның салмақтық үлесі);
7) тыныс алу жолы арқылы улану мүмкіндігінің коэффициенті (КВИО - 20 градус Цельсий жағдайында (200С) ауада зиянды заттың ең жоғарғы рұқсат етілетін шоғырының тышқандар үшін заттың өлім қаупін тудыру шоғырына қатынасы);
8) аэрозольдік орамдағы тұрмыстық химия тауарлары үшін - 20 градус Цельсий жағдайында (20 0С) аэрозольдік орамдағы артық қысым болып табылады.

Аэрозольдік орамдағы қауіпсіздік көрсеткіштері өрт қауіпсіздігінің мынадай көрсеткіштері болып табылады:
1) өртену жылуы, килограмға мегаджоуль (МДж/кг),
2) аэрозоль шашырауы бойынша жалынның таралу ұзындығы, метр (м),
3) аэрозоль орамына аэрозоль шашыратқышы бойынша тұтану көзінен жалынның ("кері жалын") таралуы, метр (м).
Өрт қаупі көрсеткіштерінің шектік мәні аэрозольдік өнімді қолдану аясымен айқындалады.
Аэрозоль шашыратуы бойынша жалынның таралу ұзындығы тұтанудың әлеуетті көздері бар тұрғын үй, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда шашырату үшін 0,45 метрді (м) құрауы тиіс.
Әлеуетті жану көздері бар тұрғын үй, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда тозаңдату кезінде "қайта жалынға" ие болатын аэрозольді өнімдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамына кіретін беттік-белсенді заттардың толық биологиялық ыдырауының деңгейі кемінде 60 %-ды (көміртегінің қостотығы бойынша) немесе кемінде 70%-ды (жалпы органикалық көміртегі бойынша) құрауы тиіс.

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамына кіретін беттік-белсенді заттардың алғашқы биологиялық таралу деңгейі кемінде 80 %-ды құрауы тиіс.

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын сақтау өнімге өтінім беруші көздеген қауіпсіздіктің барлық талаптары мен қорғаныс шараларын есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қоймалар мен өткізу орындарында сақтаған кезде өндірістік үй-жайларда сыртқа тарту желдеткіштерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Өндірістік үй-жайларда аэрозольдік өнімді сақтаған кезде тамақ ішуге, темекі шегуге жол берілмейді.

 

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын, олар тиісті түрде оралған, таңбаланған, қауіпсіз сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда ғана өткізуге рұқсат етіледі.

Тұтынушылық таңбалау мынадай сақтық шаралары мен ескерту жазуларын қамтуы тиіс:
1) "Тіке күн сәулесінен және….. о С-тан жоғары қызудан сақтау керек" (шарттар нақты құралға арналған нормативтік немесе техникалық құжатта көрсетілуі тиіс);
2) "Бұзбау және балаларға бермеу керек";
3) аэрозоль шашырандысы бойынша жалын таралуы 0,05 метр (м) ұзындығына және "кері жалынға" ие аэрозольдік өнім үшін "От қауіпті! Ашық от және ыстық заттар жанында шашпау керек" деген ескерту жазуы болуы тиіс;
4) "Шашырату кезінде басын төмен аудармау керек!" (пропеллент ретінде құрамында көмірқышқыл газы немесе қысылған ауасы бар құралдар үшін);
5)"Құрамында белсенді хлор бар".
Қажет жағдайда тұтынушылық таңбалау өнімді қолдануды шектеу туралы ескертпеден (аллергендерге, тозаң, тітіркендіргіш заттарға және т.б. асқан сезімталдыққа ие тұлғалар үшін), сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын (қорғау көзілдіріктері, резеңке қолғаптар) қолдану қажеттілігі туралы нұсқаулық болуы тиіс.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 496; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты