Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Табиғи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын анықтаңыз




Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.

Оларды үлкен 2 топқа бөлуге болады:жасанды және табиғи құрылыс материалдары.

Жасандықұрылыс материалдарына: құбырлар, рельстер, линолеум,цемент, құрылыстық керамика, бетон, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар және т.б. жатады.

Алтабиғиқұрылыс материалдары — құрылыста қолданылатын әртүрлі таужыныстар. Оларға табиғи құрылыс тастарына (кесілген, өңделген және уатылган тастар), қопсық материалдар(құм, гравий, малтатас, шақпатас) әктас,ағаштар және т.б. жатады

Табиғи құрылыс материалдарының бірі ол ағаш. Адамдар ағаштарды көптеген мақсатта қолданған. Ең бірінші отын ретінде, қағаз жасауда қолданған және оның қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттеріне байланысты құрылыста, әр түрлі құралдар даярлауда, жиһаздар жасауда пайдаланады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді.

Құм – ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді таужынысы. Құрамында негізінен кварц, дала шпаты және әр түрлі минералдар мен тау жыныстарының түйіршіктері бар. Кварц – оксидтер класына жататын,химиялық формуласы SіO2болатын табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Дала шпаттары табиғатта силикаттар түрінде кездеседі.Дала шпаттары калийлі дала шпаты (К2O*Al2O3*SiO2), кальцийлі(СаO*Al2O3*SiO2), натрийлі (Na2O*Al2O3*SiO2) болып бөлінеді. Дала шпаттары керамика, фарфор, шыны өнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. \

Құраушы бөліктерінің ірілігі әр түрлі және қуыстылығы жоғары (20%-дан астам) болғандықтан құм су, мұнай, газ сияқты заттарды бойына жеңіл сіңдіреді. Құмның құрамында алтын, платина, алмас, сапфир, циркон сияқты сирек минералдар көп шоғырланады, және мұндай құм пайдалы қазынды болып саналады.

Пайдалануына қарай жаппай және арнаулы деп бөлінеді.

· Жаппай - автомобиль және темір жол құрылысында, бетон, цемент ерітіндісін даярлауда, силикаттық құрылыс материалдарынөндіруде және басқа салаларда пайдаланылатындар жатады.

· Арнаулы мақсатта - құю өндірісінде (формалық құмдар), отқа төзімді материалдар (динас), фарфор - фаянс, әйнек, абразивтік материалдар (қайрақ, егеу) өндіруде қолданылатындар жатады.

Құмайт - құмнан, алевриттен (90-70% ), саздан (10-30% ) құралған борпылдақ шөгінді жыныстар. Алеврит — өлшемі 0,01-0,1 мм ұсақ үгінділерден тұратын борпылдақ шөгінді тау жынысы.

Әктастар — шөгінді тау жыныстары; негізінен, кальциттен СаСO3 тұрады. Барлық шөгінді тау жыныстарының 20%-ін құрайды. Әктастар жоғары температураның әсерінен қайтадан кристалданып, мәрмәрға айналады. Олар көбінесе теңіз түбінде түзіледі. Әктас – негізгі құрылыс материалдарының бірі. Ол қара металлургияда флюс ретінде, химия өнеркәсібінде (сода, карбид, минералдық тыңайтқыштар өндіру үшін), қант, шыны, цемент өндірістерінде қолданылады. Әктастың Қазақстанда көптеген кен орындары (Саяқ, Ақтас, Керегетас, Ақжар, т. б.) бар.

Табиғи тастар да ағаш сияқты, құрылыс материалдарының көне түріне жатады. Адам баласы ерте заманда тастан еңбек саймандары мен қарулар дайындаған. Табиғи тастар жеткілікті беріктік пен қаттылыққа ие, сондықтан адамзат тастарды тұрғын үй салғанда негізгі материал есебінде пайдаланды. Тау жыныстарын, әдетте, құрылыс материалы есебінде көбіне табиғи (құм, қиыршық тас және т.б.) немесе механикалық жолмен өңделген түрде, сондай-ақ арнайы технологиялық процестермен өңделген өнім ретінде қолданды (түұтқыр, керамика, шыны, т.б.).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 498; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты