![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Химиялық элементтердің биогенді рөлі мен маңызын сипаттаңызЭлементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі : 1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10% — дан жоғары болады. 2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%. 3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% — дан төмен. Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі: 1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады. 2.Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген. 3.Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз. Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Медицинада литий иондарының организмдердегі атқаратын жұмысы мен орны жайлы айтарлықтай мәлімет жинақтары. Айталық, литийдің кейбір қосылыстары психикалық ауруларды емдеуге қолданылады. Сілтілік металдардың бірқатар органикалық қосылыстары медицина іс жүзінде қолданылуда. Натрий хлориді, Гипертонологиялық ерітнділермен ауызды, шайып, ттыныс алу жүйесін емдеп, булау (ванна) жасауға болады. Калий хлориді Натрий гидрокарбонаты Натрий бромиді, Литий карбонаты Медициналық емдеу жұмысында, сілтілік металдардың басқа да тұздары жиірек және кеңінен қолданылады. Мысалы, калий перманганаты Кальций ионы структура құруға қатынасады: сүйек тініндегі кальцийдің үлесі 98%. Сүйектің өзі 40% судан, 30% күлден, 20% ақ заттан, 10% майдан тұрады. Сүйек күлін кальцийден, фосфорадан, магнийден басты компонент гидроксил аппатит
|