КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Пәннің сипаттамасы«Компьютерлік желілер» пәні 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 4- ші курсында (7-семестрде) оқытылатын негізгі компоненттердің бірі болып саналады. Пәнді оқып үйренуге барлығы 135 академиялық сағат бөлінген, яғни аудиториялық сабақ – 45сағат, оқытушы басшылығымен студенттің өздік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 23сағат, студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – 67сағат. 45– аудиториялық сағаттың 15сағаты дәріс сабағын, 30сағаты зертханалық,сабақты құрайды. Студенттердің қорытынды білімін бақылау түрі IV - курс, 7 семестр – емтихан. Пәннің идеялық–саяси бағытыҚазақстанның 2030 жылға дейін стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді приоритетінен(6: көлік пен байланыс саласындағы инфрақұрылым) туындайды. Онда былай деп айтылған: «Телекоммуникация ақпаратты таратуды жандандыру және ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту арқылы нарықтық экономика механизмдердің қолдайды. Білім беру саласы үшін, сол сияқты қоршаған ортаны сақтау және жақсарту үшін ақпараттық технологияның маңызы зор». «Компьютерлік желілер» пәнінің мақсаты компьютерлік желілердың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрену, қазіргі кездегі желілік технологиялармен танысу, жергілікті желілердың жұмысын игеру болып табылады. Пәннің әдістемелік бағыты:Қазіргі кездегі операциялық жүйелерде желілік ақпараттық жабдықтарды орнатуды және олардың күйлерін өзгертуді, қатынас құру құқығын тағайындауды, файлдық жүйелер дестелерінің құрамындағыларды пароль арқылы қорғау және көшіруді қамтамасыз етуді, тораптың аппараттық және программалық ресурстарын бірігіп қолдану үшін бөлуді қолдана алуы тиіс; Пәннің кейбір бөлімдері мен сұрақтары студенттің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысына, жалпы өзіндік жұмысына қалдырылады.
Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына (ЖОЖ) сәйкес пәннің параметрлері
Ескертпе: а) 1 кредит семестрдегі 45 академиялық сағатқа тең, олардың ішіндегі 15 академиялық сағат аудиториялық сабақтарға (Д, ТС, СС, ЗС) және 30академиялық сағат студенттің өздік жұмысына (ОЖСӨЖ + СӨЖ) бөлініп беріледі; б) Д – дәрістер, ТС– тәжірибелік сабақтар, СС – семинарлық сабақтар, ЗС – зертханалық сабақтар, ОЖСӨЖ – оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы, СӨЖ – студенттің өздік жұмысы; в) ОЖСӨЖ түрінде жоспарлануы мүмкін: КЖ – курстық жоба (жұмыс), ЕГЖ – есептемелік-графикалық жұмыс, ТЕ – типтік есептер, ЖЖ – жазбаша жұмыстар (ЭССЕ) және т.б.
|